Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Оқу іс-əрекеті жəне оның құрылымы



Pdf көрінісі
бет72/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

3. Оқу іс-əрекеті жəне оның құрылымы
Оқу – оқу əрекеті деп аталатын ерекше жəне адамның іс-
əрекетінің жетекші түрінің бірі. Оқудың «ерекше» болуы, оның 
нəтижесінде, ойын жəне еңбек əрекеттеріндегідей, субъектінің 
əрекет ететін заттарының өзгеруі емес, керісінше, əрекет жасау-
шы субъект – адамның өзінің өзгеруіне байланыстылығында. 
Егер оқу əрекеті дұрыс ұйымдастырылса, онда педагогикалық 
психология тұрғысынан кез келген іс-əрекет сияқты, оның өзіне 
тəн психологиялық құрылымы, ниеттері мен мақсаты, құрал-
саймандары жəне олардан туындайтын соңғы нəтижесі болуы 
қажет.
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейннің


179
еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрінде (ал 
даму – қабілеттерді, жаңа қасиеттерді иемдену) қарастырылады.
П. Я. Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті əрекетінің 
негізінде білімді ұғыну. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтарша, 
оқу – оқу əрекетінің арнаулы түрі, ал А.Н. Леонтьев теориясы бо-
йынша, оқу (ойын жəне еңбекпен бірге) – жетекші əрекеттің типі. 
Оқу полимотивті жəне полимағыналандырылған іс-əрекет деп 
қарастырылады.
Қазақстандық психолог С. М. Джакупов оқу əрекетінде 
оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін белсендіруде бірлескен-
диалогтық танымдық іс-əрекетін қалыптастыру ұғымын енгізді.
Г. В. Габайдың көрсетуінше, оқу əрекеті екі құрамдас жүйеден 
немесе іс-əрекеттен құрылатын əрекет. Біріншісі – жүйеше немесе 
іс-əрекет түріндегі оның негізгі функционалды компоненті, оқу. 
Оқу əрекетінің дайындаушылық функционалды компоненттері 
оқу іс-əрекетінің басқа жүйешесіне топталады. Оқу əрекеті – қол 
жеткен тəжірибені ұғыну арқылы іске асырылатын «таза» та-
ным үдерісі. Оқыту іс-əрекеті – оқу іс-əрекетінің жемісті өтілуін 
қамтамасыз етуге бағытталған.
И. И. Ильясовтың анықтауынша оқу əрекеті – субъектінің 
өзін-өзі өзгертуі, өзін-өзі дамытуы, нақты білімдер, іскерліктер, 
дағдылар жоқ субъектіден, соларды иемденген субъектіге айна-
луы.
«Оқу» ұғымымен қатар кеңестік психологтарда (Л.С. Выгот-
ский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А.К. Маркова) 
жəне шет елдіктерде де (Х. И.Лийметс, И. Лингарт) көбінесе «оқу 
əрекеті» деген ұғым да жиі қолданылып жүр. Оның мазмұнына 
үдеріс жəне нəтижесімен қатар, құрылымдық ұйымдастырылуы, 
ең негізгісі – оқудың субъективтілігі кіреді.
Қазіргі кезде оқу əрекеті – оқудың арнаулы формасы 
ретінде, арнайы ұйымдастырылатын (өзін-өзі ұйымдастыру), 
басқарылатын (өзін-өзі басқару), бақыланатын (өзін-өзі бақылау) 
объект түрінде көрінеді.
Жоғарыда айтылғандар «оқу» ұғымының мазмұны тым кең
көпжақты жəне түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырылатынын 
көрсетеді.
Оқу проблемасы пəнаралық болып табылады. Соған сəйкес 
əртүрлі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін. И. Лингарт төмендегідей 
аспектісін белгілеп көрсетеді:


180
Биология позициясынан оқу адаптациялық (бейімделушілік) 
үдеріс, бұл жағдайда тұқымқуалаушылық, орта, үйрену, реттеу 
қарастырылады.
Физиология тұрғысынан шартты рефлекстердің қалыптасуы, 
жоғары жүйке əрекетінің заңдылықтарына, мидың аналитикалық-
синтетикалық əрекетіне байланысты қарастырылады.
Психология тұрғысынан, оқу əрекеті – субъект белсенділігі
психикалық дамудың факторы түрінде қарастырылады. Оқу 
əрекеті адам мінез-құлығын ары қарай жүйелік өзгерістерге 
жетелейді. Бұл тұрғыдан белгілік-символдық құрылымдардың 
мəліметтік функциясына, мағыналандыруға, танымдық жəне 
мотивациялық құрылымдарға ерекше назар аударылады.
Əлеуметтану тұрғысынан оқу-əлеуметтендіру факторы, жеке-
даралық пен қоғамдық сананың əрекеттесуінің шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет