Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет73/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

Педагогика тұрғысынан, «тəрбиелеу мен оқыту, қоғамдық 
тəжірибені аса тиімді түрмен беруді қамтамасыз ететін қоғамдық 
жағдайларға байланысты, мақсатталған жүйе» тұрғысынан 
қарастырылады.
Оқу əрекетінің мотивтері өте көп немесе қазір айтылып 
жүргендей, ол полимотивті. Барлық мүмкін мотивтерді теория 
жүзінде əртүрлі негіздерге сүйеніп, бірнеше түрге бөлуге бо-
лады. Осылайша мотивтерді органикалық (олар организмнің 
табиғи қажеттіліктерін тамаққа, жылуға, т.б. қанағаттандыруға 
жəне сол үшін жағдайлар жасауға бағытталуы), функционалды 
(белсенділіктің түрлі мəдени формаларымен, мысалы, ойын, спорт, 
т.б. қанағаттандырылуы), материалдық (адамның өмір сүруі мен 
дамуына қажетті материалдық құралдарды жасау мен өндіру, мы-
салы, үй-жабдықтары, əртүрлі заттар, аспаптар, т.б.), əлеуметтік 
(адамның қоғамдағы белгілі орынға ие болуына іс-əрекетінің 
бағытталуы, негізінен қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарасының 
арқасында басқа адамдар үшін қадірлі жəне сыйлы болуы, 
адамның рухани – адамгершілік жəне парасаттылығы жағынан 
қасиеттерін жетілдіруге бағытталатын іс-əрекеттері. Мысалы, 
оқу-танымдық əрекеттерін дамытуы. Ниеттерді (мотивтерді) осы-
лайша бөлу шартты түрде алынады. Өйткені ниеттердің бөліну 
түрлерінің арасында ажыратуға болатын дəл шекара жоқ. Осы 
орайда сол ниеттердің психологиялық табиғатын түсінудің өзі де 
айтарлықтай нəтиже бермейді, ниеттерді түр-түрге бөлу тек аб-


181
страктылы теориялық сипаттағы жорамал ғана. Оны мəселенің 
теориялық талдаудың бір мүмкіндігі деп қана қабылдауға бола-
ды. Ниеттерді алътруистік, эгоистік, жақын жəне алыс, жалпы 
жəне жеке, қоғамдык; маңызды, жеке адамдық жəне т.б., т.с.с. 
бөлуге болады. Сондай-ақ ниеттерді саналы жəне санадан тыс 
(құмарту), түсінілетін жəне кез келген іс-əрекеттік, оның ішінде 
оқу əрекетіндегі ниет деп бөлуге болады. Мəселен, А.Н. Леонтьев
ниеттерді түр-түрге бөле отырып, мектеп өмірінен, оқу-тəрбие іс-
əрекетінен мысалдар келтіреді; оқушы жақсы оқудың, кейіннен 
сауатты жəне қоғамға, отанға пайдалы жоғары дəрежелі маман 
болу керектігін түсінеді. Дегенмен нақты жағдайда басқа ниетті, 
мысалы, ата-анасының көңілін қалдырмау немесе екілік алмауды 
жетекшілікке алады.
Ниеттердің алғашқысы – түсінушілік мотиві, ал екіншісі – 
нақты əрекетті жүзеге асыруы. Оқу ниеттерінің нақты жүйесін 
дəйекті түрде ұсынған П. Я. Гальперин. Оның пікірінше, оқу 
іс-əрекетінде ниеттің нақты үш типі іске асырылады. Олар 
«іскерлік», «жарысушылық» жəне «танымдық» ниеттері. Оқу 
іс-əрекетінің ішкі ниеті танымдық қызығу. Оқу іс-əрекетіндегі 
маңызды компоненттің бірі – мақсат қоя білу. Оны субъекті (адам) 
өз алдына нақты əрекетпен байланысты түрде қарап, орындап іске 
асыру үшін əрекеттенеді. Ниеттің кез келген түрін индивид өзінің 
іс-əрекеті арқылы қанағаттандыратын болады. Ал мақсат қою 
да сол адамның іс-əрекетінің белгілі нəрсені қанағаттандыруға 
бағытталуы деп саналады. Басқаша айтқанда, іс-əрекеттің 
мақсаты, соның ішінде оқу əрекетінің мақсаты да, субъектінің ба-
сында туған идея. Сол идея болашақта жүзеге асырылуға тиісті 
іс-əрекет нəтижесі.
Кез келген іс-əрекетті бастаудан бұрын оның нəтижесін адам 
ойша пайымдап алады. Ондай пайымдаулар кейде анық жəне 
айқын немесе аморфты, көмескі сипатта болуы мүмкін. Егер мо-
тив ретінде танымдық қызығу болса, онда оқушының алға қойған 
мақсаты анық та айқын болатыны түсінікті, себебі ол неге қол 
жететінін біледі. Ал егер мотив оқу үдерісінің сыртында жатса, 
(іскерлік немесе жарысушылық), онда анықтық та болмайды. 
Соның нəтижесінде саналы оқу, болашақ кəсіптік іс-əрекеттің та-
бысты болуы үшін «іске пайдалы» ғылыми əдебиетті тиянақты 
өз бетімен оқу да болмайды. Оқу іс-əрекетінде, мотивтелген 


182
танымдық қызығу, саналы түрде алға қойған мақсат ретінде 
əрқашанда, теориялық тұрғыдан алынған білімді іс жүзінде пай-
далана білу іскерлігі болады.
Іс-əрекеттің 
психологиялық 
құрылымының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет