Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет86/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары
1. Ағзаның қайта құрылуына байланысты жаңа физикалық 
“Мен” бейнесінің  қалыптасуының психологиялық сипаты.
2. Жеткіншек пен ересектің өзара қарым-қатынасы жəне жаңа 
типтерінің қалыптасуы.
3. 
Жеткіншектің 
жолдастарымен 
қарым-қатынасының 
маңыздылығы.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) 
тақырыптары
1. Жеткіншектің оқу əрекетіне, мұғалімге жəне оқу пəндеріне 
көзқарасы.
2. Жеткіншектердің қарым-қатынасын анықтауға арналған 
психодиагностикалық əдістемелерді топтастыру жəне зертеу 
жүргізудің кезеңдеріне сипаттама.
Реферат тақырыптары
1. Жеткіншек жəне ерте жастық шаққа тəн негізгі таным 
үдерістерінің өзгеруі.
2. Жеткіншек жəне ерте жастық кезең жалпы жəне арнаулы 
қабілеттердің дамуының сенсетивті кезеңі ретінде.


231
4.7. Жасөспірімдік кезеңнің психикалық даму
Жоспары:
1. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынастың психоло-
гиялық ерекшеліктері
2. Жеке тұлғаның мінез-құлқы жəне дене бітімі
типтерінің байланысы 
3. Жасөспірім жастағы балалардың санасының даму 
кезеңдері 
4. Жасөспірімдік кезеңдегі «мен – тұжырымдамасының» 
даму ерекшелігі
5. «Мен – тұжырымдамасы» жəне Э. Эриксонның тео-
риясы бойынша жеке тұлғаның өмір кезеңдері
1. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынастың психоло-
гиялық ерекшеліктері
Қарым-қатынас – адамдардың өзара əрекеттестік жəне өзара 
қатынас жасауының ерекше формасы. 
Қарым-қатынасты 
зерттеу 
мəселесімен 
айналысушы 
ғалымдардың көпшілігі (А. Г. Ковалев, М. И. Лисина, А. В. Пе-
тровский, К. Обуховский, В. С. Мухина, т.б.) адамдардың қарым-
қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа адамды танып білуге 
ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктері деп түсіндіреді. 
Н. Н. Авдеева, М. И. Лисина өз зерттеулерінде балалардың 
қарым-қатынас барысында өзін-өзі танудың аффективті жəне 
когнитивті жақтары қалыптасып, өзгеріп жəне барынша дамып 
отыратындығын анықтайды. 
Мұндағы аффективтілік дегеніміз балалардың өз-өзіне 
қатысын, іс-əрекетінің бағасын көрсетеді, ал когнитивтілік 
жағы – өзі туралы түсініктерін қамтиды. Осы негізде балалар 
өзін белгілі дəрежеде дұрыс, нақты бағалай алуға ие болады. 
Балалардың осылайша өзіне баға беруі ата-ана, құрбыларының, 
ересек адамдардың мейірімді қамқорлығы мен оң қарым-
қатынастарының ықпалының нəтижесінде қалыптасады. 


232
Солай бола тұрса да, жасөспірімдік жастағы бұл мəселе 
психологиялық зерттеулердің сарқылмас бұлағы болып қала бер-
мек. (Р. Байярд, Л. И. Божович, Ф. Дальто, И. С. Кон, Д. Б. Элько-
нин, Э. Эриксон жəне т.б.).
Жаңа жəне кемелденген ескінің когнитивтік шеберлігінің 
есебінде жасөспірімнің ойлау жемісі анағұрлым кең, ал ойлау 
мазмұны – бай жəне күрделі. Бұл жеке өзінің дүниетанымын, 
индивидуалдық жүйенің құндылығы жəне «Мен –
тұжырымдамасын» саналы түрде құруына мүмкіншілік береді.
Егер жасөспірімдік жасты қатаң биологиялық тұрғыдан 
қарайтын болсақ, онда ол мүмкін тəн жəне жыныстық жетілу 
кезеңі сияқты балада анықталған болар еді, өсу үдерісін тудыра-
тын оның организмінде маңызды өзгерістер пайда болады.
Қандай да бір биологиялық анықтауларда жасөспірімдік 
жастың тəндік, жыныстық жəне физиологиялық өзгерістерінің 
себебі мен салдары толық есептелінеді. 
Биологиялық бағыттың аса ірі беделді өкілінің бірі, 
жасөспірімдік жасты зерттеуші Дж. Стэнли Холл. АҚШ-тағы 
алғашқы психология саласындағы философия докторы, Солтүстік 
Америкадағы балаларды танып білудегі ғылыми мектептің негізін 
салушы. Ол жасөспірім психологиясын танып білуді бірінші бо-
лып бастаған. С. Холлдың теориясымен келісе отырып, əр жеке 
адам (индивид) өзінің даму үдерісі кезінде тиісті кезеңдерге сай 
адамзаттың (эволюциялық) бірте-бірте дамуында этаптардан 
өтеді.
С. Холл негізгі төрт этапқа бөлген: сəбілік (өмірінің 4 жас 
аралығы), балалық шақ (5-7-ге дейінгі жас), жасөспірім дамуының 
алдыңғы кезеңі (8-12 жас аралығы), жастық немесе пубертанттық 
кезең (13-24 жас аралығы).
«Дауыл жəне шабуыл» кезеңі деп аталатын қарқынды өтпелі 
дəуірді адамзат басынан өткізді, жасөспірімдік кезең С. Холлдың 
теориясы бойынша осы уақытпен сəйкес келеді. Көптеген қазіргі 
заман теоретиктерінен айырмашылығы С. Холл жасөспірімдік 
кезеңді үлкен күйзеліс уақыты деп есептеді. Жаман эмоциялық 
адаптация жəне ұшқалақтық, қызбалық көңіл-күйдің жиі ал-
масуы, шаттық жəне жабырқаулық, өзін-өзі сүюшілік жəне 
сыпайылық, апатия сияқты қоршаған нəрсенің бəріне белсенді 
қызығушылығының арасындағы құбылмалы құбылыстарды 
көреміз.


233
А. Гезелл Иельск клиникасында адамның туғаннан, яғни 
сəбилік жастан жастық шағына дейінгі аралықтағы дамуына бай-
ланысты жүргізген бақылау жұмысы автордың атын əйгілі етті. 
Кейін А. Гезелдің жетекшілігімен баланың дамуы институтын-
да осы тəжірибенің негізі қаланды. Оның жасөспірімдер туралы 
ең белгілі еңбектерінің бірі – «Жастық шақ: 10 жастан 16 жас 
аралығы».
А. Гезелді қызықтырған, жеке тұлғалық ерекшеліктер мен 
даму үдерісінің индивид мінез-құлқы арқылы көрінуі. Бақылау 
негізінде əртүрлі жастағы балалардың мінез-құлығы мен 
қылықтарын бақылай отырып, ол жасөспірім дамуының этаптары 
мен циклдерін бейнелейтін жалпы қорытынды жасады. Бұл жалпы 
қорытындысында ол мінез-құлықтың хронологиялық жүйелілігін 
көрсетіп, əр этап үшін қарапайым жағдай деп есептеді.
А. Гезелдің теориясы, негізінен генетикалық жəне биология-
лық факторлар бірігіп, жетілу үдерісін басқарады деген 
биологиялық бағыт пен жорамалдан тұрады. Жүйелілік мінез-
құлықтық белгі жəне даму тенденциясының пайда болуын ажыра-
тады. Осындай жағдайда қабілеттілік пен іскерлік арнайы үйрету 
мен тəжірибеге еш тəуелсіз өз-өзінен пайда болады. Осы тəрізді 
концепция белгілі бір биологиялық детерминизмнің, ата-аналар 
мен мұғалімдердің баланың дамуына қалай да болса ықпал еткісі 
келетін жағымсыз жақтарының бар екендігін жобалайды. 
Баланың жетілуі табиғи үдеріс деп қарастырылса да, кейбір 
жағдайда баланы тəрбиелеуде көтерілетін көптеген проблема-
лар өз уақыты жеткенде шешімін табады деп болжам жасайды. 
Бала қиындық жəне эмоциялық ауытқулар арқылы «өсуі керек», 
сондықтан тəртіпке шақыру үшін ата-аналарға эмоциялық əдісті 
қолданбауды ұсынады. 
А. Гезелл индивидуалдық ерекшелікті ескере отырып, əрбір 
сəби өте сирек генетикалық факторлармен немесе индивидуалдық 
конституция жəне туғаннан жетілу жүйелілігімен дүниеге келеді 
деген тезис қабылдады.
З. Фрейд жастық шақ кездегі психологияны сонша терең 
зерттемеді. Солай бола тұрса да, ол бала өмірінің алғашқы 
жылдарында белгілі ықпал етеді деп есептеді. Бірақ ғалым 
өзінің «Сексуалдық теорияның үш очеркі» деген еңбегінде 
жасөспірім мəселесін қысқаша əңгіме етті. Ол сексуалдық қозу, 


234
тынышсыздық кей кезде жеке тұлғалық ауытқулар сияқты пери-
одтармен сипатталады. З. Фрейдтің пікірі бойынша, жыныстық 
жетілу кезеңінде кульминациялық өзгеріс сериясы болады дейді, 
мұндай мақсат баланы соңғы формаға сексуалдық өмірге əкеледі, 
бұл ересек адам үшін қарапайым жағдай.
Хавигхерст жасөспірімдік шақта тиісті шешімін табатын 
дамудың жеті басты міндетін атап көрсетті:
1. Өзінің сыртқы келбеті мен іскерлігін қабылдай отырып, өз 
денесін нəтижелі басқару;
2. Жаңа қарым-қатынас пен біраз жетілген қарым-қатынастың 
екі жыныстағы құрдастары арасында қалыптасуы;
3. Еркектің немесе əйелдің социалды-сексуалдық рөлін 
қабылдау;
4. Ата-аналармен басқа да ересектерге тəуелсіз эмоционалды 
жетістіктері;
5. Экономикалық тəуелсіздігін қамтамасыз ететін еңбек 
əрекетіне дайындау;
6. Неке жəне жанұя құруға дайындау;
7. Əлеуметтік жауапкершілігі мен оны дамытуға деген тілек, 
жігерінің пайда болуы.
Курт Левиннің «Теория поля и эксперимент в социальной 
психологии концепции и методы» деген еңбегінде жасөспірімнің 
дамуына байланысты көзқарасы баяндалған. Өріс теориясында 
индивидтердің белгілі бір жағдаяттағы мінез-құлқы сипатталып, 
түсіндіріледі.
Курт Левин теориясы бойынша мінез-құлық – тұлғалық 
факторлардың жəне қоршаған орта қызметіне теңдестіріледі.
Индивидтің мінез-құлқын түсіну үшін оның тұлғалық жəне 
қоршаған жағдайын бір-бірімен тығыз байланыстағы фактор 
ретінде қарастыру керек. Экологиялық жəне жеке тұлғалық 
факторларының барлық жиынтығының өзара əрекеттері «өмір 
кеңістігі» немесе «психологиялық кеңістігі» деп аталады. 
Мінез-құлық өмір кеңістігі функциясы болып табылады. Себебі 
материалдық-экологиялық, əлеуметтік жəне психологиялық фак-
торлар енеді. Яғни, олар мотив, мақсат, мұқтаждық сияқтылар. 
Бұлардың əрқайсысы мінез-құлыққа ықпал етеді. К. Левиннің 
өріс теория жиегінде биологиялық жəне экологиялық фактор-
лар мінез-құлықта интегралданады. Қайсысының маңызды рөл 
атқаратынын ешқандай əрекетсіз анықтайды.


235
Курт Левин бала мен ересек адам арасындағы өмір кеңістігін 
салыстырады. Баланың өмір кеңістігінің құрылымы əлі де 
баланың қабілеті келмейтін тыйымдармен жəне əрекет түрлерімен 
анықталады.
Бала болып жетіліп жəне жаңа қабілеттерді игере бастағанда 
оның еркіндігінде шектеулер азая бастайды. Сондықтан баланың 
өмір кеңістігі жаңа құрылымдар мен мазасыздануларға кеңейеді. 
Бала жасөспірімдік жасқа жеткенде оған көптеген мəселелерді 
түсіну оңай болады, тек осылардың қайсысына ену керектігін 
болжау түсініксіз. Осыған орай оның өмір кеңістігі көмескі бо-
лып қалады. Ал ересектердің кеңістігі едəуір кең, бірақ оның да 
өз шектеулері бар.
Қаншама түрлі қызметтер болса да, адам оның барлығын иге-
руге қабілетсіз немесе қоғаммен тыйым салынған.
Дененің қарқынды өсуі жəне мазасыздануы, осымен бай-
ланысты ересек өмірдің проблемаларын сезіну, жауапкершілік 
жүгінің үдеуі жасөспірімнің «Мен – тұжырымдамасы» өте қатты 
өзгеріске ұшырайды. «Мен» бейнесі – бұл кезде бірқалыпты емес, 
төменгі мектеп жасымен салыстырғанда онша жағымды бол-
майды. Бұл өзгерістердің биік шыңы, шамамен 12-13 жас. Дəл 
осы кезде интеграция жəне бүкіл информацияны түсіну «Мен» 
бейнесіне қатысты. Қалыптасудың негізгі көзі өзіндік «Менді» 
елестетумен тең, жыныстық ұқсастықтарымен дене көлемі жəне 
оның формасына қызмет етеді (өз мəнін тек жасөспірім жаста 
ғана емес, адам өмірінің ұзақ жылдары бойы сақтайды. «Мен 
– тұжырымдамасының» алғашқы элементі болып табылады). 
Жасөспірім дене бітімінің өзгеруі, дамудың ең маңызды факторы 
болатын пубертанттық үдерісімен байланысты. Жасөспірімнің 
өзіндік құндылықтарын сезінуі, оның денесінің қаншалықты 
нормаға сай өзгеретінін өзінше елестетуімен байланысты.
Ереже бойынша, балалық шақ жəне жасөспірімдік жасқа өту 
табалдырығында дене бітімі жайлап өзгереді жəне бірінші кезекте 
өзінің «меніне» баға беруден тұрады.
Балада болатын сырт кескінінің елеусіз өзгеруі мен денесінің 
көлемі, «Мендік» бейне елестетуіне оңай енеді. Жасөспірімдік 
жастың басталуымен бұл өзгерістер дене бітімінің қайта 
құрылуының тиімділігін талап ететін қарқынды мінезге ие бола-
ды.


236
Əртүрлі бағыттың теория өкілдері жасөспірімдік жасты, 
стрестер кезеңі жəне психологиялық қиындықтар түрінде 
қарастырады. Психосексуалды даму, эмоциялық ауытқулар,
басты конфликтілер, статустың белгісіздік жəне тұрақсыздығы 
жасөспірімнің əлеуметтік құндылықтарына басқалардан көбірек 
себепші болады. Дене құрылымында болатын өзгерістер, ата-ана 
жəне құрдастарымен қарым-қатынасы, когнитивтік мүмкіншілік 
сферасы жəне қоғамға қатынасы тұтасып, жасөспірімнің өзін-өзі 
жан-жақты ойлауының біртұтас үдерісімен бірігеді. Бұл барлық 
өзгерістер салыстырмалы қысқа мерзім ішінде болса да, оны 
қоршаған басқа адамдарға жəне жасөспірімге өзінің күрделі про-
блемаларын алып келеді.
«Мен» бейнесінің тұрақсыздығы болып дене бейнесінің дұрыс 
қалыптасуының салдары, оның тұрақсыздығы жасөспірім сана-
сында. Дене бейнесі – өз денеміздің біздің миымызда бейнеленуі, 
яғни өзіміздің тұлғамызды елестетуіміз.
Дене бейнесінің өзінің «Меніне» баға беруден тұрады. 
Болашақ психологиялық құбылыс ретінде дене бейнесі 
физиологиялық жəне социологиялық жоспарын өзіне енгізеді.
Дене бейнесінің құрылымына əсер ететін күрделі 
психологиялық факторлардың ұштасуы келесі жағдаймен көрініс 
табады. Ересек жасөспірімдерде қалай оларды қоршаған орта 
қабылдайды деген тақырып ойландыра бастайды. Жасөспірім 
үшін алғашқы шешуші мəселе ол өз-өзін танып, шым-шытырман 
білім саласынан өзіне лайықты білімді жинау. Дəл осы кезеңде
жасөспірім интеллектісі мынадай даму деңгейіне жетеді, яғни 
қоршаған əлемнің көмескі жақтары жəне өзінің қандай болу 
керектігі туралы ойлануына мүмкіндік береді. Жаңа танымдық 
қабілетін өз бойынан кездестіре отырып, жасөспірім ұқсастық 
жөніндегі біртұтас болжамын жетілдіреді. Жасөспірімнің 
эмоционалдық реакциясы болып жатқан өзгерістермен бірге, 
дене бітіміндегі өзгерістері, оның өмірінде аз рөл атқармайды. 
Жасөспірімдер өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөліп, соған күш 
жұмсай бас-тайды: өзіндік сұлулығы, дене бітімі, салмағы сияқты 
сұрақтар көбірек алаңдатады. Дұрыс дамып, қалыптасып келе ме, 
олар осы жағдайды мұқият қадағалап отырады. Жасөспірімнің 
өзін-өзі дұрыс бағалай білуі, құрдастарының қабылдауы жəне 
олардың арасындағы беделі көбіне сыртқы келбеті мен тұлғасының 


237
сұлулығына байланысты. Бұлар жасөспірімдердің қарым-
қатынастарындағы ең маңызды компененттердің бірі. Адамның 
сыртқы келбеті оның жеке тұлғалық дамуына, əлеуметтік байла-
ныс жəне əлеуметтік мінез-құлқына əсер етеді. Сыртқы келбеті 
сұлу жасөспірімдер өзін қоршаған адамдардан өзіне жағымды 
қарым-қатынасты туғызады: оларды мейірімді, ақылды, табысқа 
қолы жететін, кішіпейіл адамдар деп қабылдайды. Осындай 
дифференциалданған қарым-қатынастар мынадай себептердің 
тууына ықпал етеді. Сүйкімді жасөспірімдердің өз-өзіне беретін 
бағасы өте жоғары жəне дұрыс жеке тұлғалық сапалары болады. 
Мұндай жасөспірімдер қоғамға тез бейімделеді, жеке тұлғалар 
арасында қарым-қатынас жасауды кең көлемде дағдыға айнал-
дырады. Ғылыми жұмыстардың бірінде ұл балалардың, сол 
сияқты қыздарда да сыртқы сұлулық пен өзін-өзі бағалауы ара-
сында өте тығыз байланыс бар екендігі айқындалды. Басқа зерт-
теулер мынадай көрсеткіштерді анықтады, жалпы пікір бойын-
ша: сыртқы келбеті тартымды жасөспірімдердің тартымсыз деп 
саналатын жасөспірімдерге қарағанда, олардың ата-аналарымен, 
құрдастарымен қарым-қатынастары өте жақсы.
Дəстүрлі мəдени ортасы болып есептелетін сыртқы келбеті 
жəне тұлғасы жасөспірімге терең əсер етеді. Ережеге сай, қыздар 
мен ұл балалар өздерінің дене бітімінің орташа қалыпта болғанын 
қалайды.
Əйел адамдар өздерінің фигурасына көп көңіл бөледі, олардың 
толық, не тым арық болуы өзін-өзі жоғары бағалауына кері ықпал 
етеді. Əртүрлі мəдениеттерде əрбір əйелдердің негізгі тілегі дене 
бітімінің сұлу да, сұңғақ болуына байланысты идеяны берік ұстанып
алған. Қыз балаларда да болатын мұндай сезімдер жиі анорек-
сия мен булимияға түрткі болады. Егер қыз балалардың сыртқы 
тұлғасы сымбатты болмаса, ұл балалар оларға көңіл бөлмейді 
жəне олармен кездескенді де қаламауы мүмкін деген көзқарас бар. 
Жасөспірімдер мұндай əлеуметтік шеттетулерді өте ауыр басынан 
өткізеді. Өзін-өзі бағалау жəне өзіне қанағаттанарлық көзқараспен 
қарау көптеген жағдайда өзінің сыртқы келбетін дұрыс қабылдап, 
мойындау жəне риза болу. Зерттеу еңбектері жасөспірім қыздарда 
жағымсыз «Мен» бейнесі мен депрессия арасында өте тығыз бай-
ланыс бар екендігін көрсетеді. Сондай-ақ осындай зерттеулер 
жасөспірімдердің сыртқы келбетіне байланысты мазасызданудың 


238
түпнегізі, балалық шақта жəне ерте жас кезінде алған жағымсыз 
əлеуметтік тəжірибелерде жатыр деп жорамал жасайды.
Өзінің сыртқы келбетіне балалық кезде пайда болған 
қанағаттанбауы, жасөспірім кезінде өз кескініне риза болмауының 
бірден-бір себебі.
Л. С. Выготский жазғандай, «өтпелі кезеңге» тəн өзінің 
бірқатар ерекшеліктері бар. Олар сыртқы ортадан алатын 
зақымдармен қоса, осы жасқа дейін жасырын жатқан əр адамға 
бейім ішкі шиеленісулер. Баланың ересек жасқа келгенде болатын 
физиологиялық жəне жыныстық өзгерістеріне шолу жасауымыз 
керек. 
Осы кезеңдегі қыз балалардың организмінің дамуы жəне 
биологиялық өзгерістері, осы жастағы ұлдар мен қыздарда бо-
латын даму жылдамдығы əртүрлі. Орташа есеппен қыздарда ке-
нет бойының өзгеруі жəне басқа да биологиялық өзгерістер, осы 
айтылған периодта ұл балаларға қарағанда, екі жыл ерте бола-
тын құбылыстар. Бірақ бір жынысты өкілдер арасында өте үлкен 
индивидуалдық өсу өзгерістері сақталады.
Кеш есейіп келе жатқан ұл мен қыз өз құрдастарының жа-
нында кіші жастағы балалардай болып көрінуі мүмкін, керісінше 
де, осы хронологиялық жастағы ұл мен қыз балалардың сыртқы 
бейнесі өсіп жетілген ересек адамның кейпіне ұқсас келеді. 
Бала есейіп келе жатқанда оның денесінде бірқатар 
физиологиялық өзгерістер болады. Сол өзгерістердің бірі дененің 
бала қалпынан үлкен адамның денесіне айналуы. Бұл өзгерістер 
жас бала үшін шұғыл жəне күтпеген жерден болады. Соның 
салдарынан жасөспірімдерге жаңа образға жылдам бейімделіп, 
дағдылануына тура келеді.
Дененің өсу үдерісі ішкі дүниемен гармонияда бола бермейді. 
Жыныстық өсу көбінесе дененің дамуынан артта қалады, сол 
себептен, осы жасты жиі жетілудің диспропорция кезеңі деп 
атайды. Осының бəрі жеке бастың жаңа жағдайға бейімделуін 
қиындататын психологиялық кедергілерге, қиындықтарға əкеліп 
соғады. Осы қалыптасқан жағдайды түсініп, танып білу үшін 
жасөспірім өзін-өзі зерттейді.
Жасөспірім өзінің денесіндегі болып жатқан өзгерістерді 
үнемі бағалап отырады. Оның денесі дұрыс қалыптасып келе ме, 
размері қандай? Епті ме, əлде икемсіз бе? Идеалға сəйкес келе 


239
ме? Жасөспірімдер өздерінің өзгеріп келе жатқан сыртқы пішінін 
бақылап отырып, қайғы жəне қуаныш сезімдеріне бөленеді: олар 
өздеріндегі өзгерістерге қызыға, сұқтана жəне үрейлене қарайды. 
Олар таңдана ұяла, өз-өздеріне сенбей, өздерін барлық 
уақытта өзгелермен салыстырып, өздерінің «Мен – бейнесін» 
қайта-қайта қарап, талқылап отырады. Жасөспірімдер өздерінің 
сырт пішініне өте сезімтал келеді, олар сағат бойы өз денелеріне 
айна алдында қарап, теледидардағы, газет-журналдағы идеалдар-
мен өздерінің толық жетілмеген сырт пішінін салыстырып отыра-
ды. Осы жағдайлар жасөспірімдердің үрейленуіне, өзіне сенбеуіне 
əкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет