Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет33/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

3. Жас ерекшелік дағдарыс ұғымы
Дамудың дағдарыстары орын алғанда дамудың əлеуметтік 
жағдаяты түбегейлі қайта құрылып, баланың психикалық дамуы-
на мүлде жаңа бағыт, тыныс береді.
Онтогенездің барлық кезеңдеріндегі баланың толыққанды 
психикалық дамуы психикалық дамудың негізін құрайды.
Күнделікті қолданыста «дағдарыс» термині белгілі бір 
қиындықтардың, проблемалардың, дау-дамайлардың туындауын 
білдіреді, өзіндік жағымсыз сипатқа ие. Психологиялық тұрғыда 
əрбір дағдарыс жағымсыз əрі жағымды компоненттерді қамтиды. 
Дағдарыстың сəтті шешімін табуы – тұлға дамуының кепілі бо-
лып табылады. Əрине, бала психикасының осалдығы, оның 
мінез-құлқының болжанбайтындығы жас ерекшелік дағдарысқа 
тəн бітістер болғандықтан, осы кезеңде балалардың психикалық 
денсаулықтарының сақталуы аса маңызды мəселелердің біріне 
саналады. Алайда, психикалық денсаулықтың факторларын 
қарастырмас бұрын, жас ерекшелік дағдарыс ұғымының өзін, 
оның мазмұны мен психологиялық мəнін ашып алу қажет. 
Жас ерекшелік дағдарыс бұл адам ағзасы мен 
психикасындағы тұрақты кезеңінің барысында орын алған 
сандық өзгерістердің сапалы өзгерістерге алмасатын, адамның 
өмірлік циклінің барысындағы нормативті, заңды кезең.
Жас ерекшелік дағдарыс ұғымы психикалық дамудың 
жіктелуімен тығыз байланысты. Онтогенездің бірнеше кезеңдерге 


82
жіктелуі жас ерекшелік дамудың дағдарыстары туралы бастапқы 
ұғымды құрайды. Даму жеке-дара фазалардан, кезеңдерден не-
месе сатылардан құралған компонент ретінде қарастырылғанда 
ғана бір кезеңнен екіншісіне көшуде сын кезеңінің орын алуын 
болжауға болады. Сонымен қатар дамудың бір кезеңі аяқталып, 
алдыңғысынан өзге сапалы тұрғыда жаңа кезең басталады. 
П. П. Блонский (1964) алғашқылардың бірі болып педагоги-
калық қатынаста қиындықтардың туындауына себепкер 
дағдарысты, «өтпелі кезеңдердің» белгілеу арқылы онтогенезді 
бірнеше кезеңдерге бөледі. Ол «сын кезеңі» ұғымын енгізіп, 
жүйке-жүйесінің тұрақсыздығына, балалардың осы кезеңдегі 
ынталандырылмаған мінез-құлқына нұсқайды. Сонымен қатар 
Блонский дағдарысты дамуда кенеттен туындаған өзгеріс ретінде 
қарастырған. 
Л. С. Выготский дамудың сатылары (1984) дағдарысты 
жəне тұрақты жас ерекшелік кезеңдердің алмасу қағидасына 
негізделеді. Ол бір, үш, он үш, он жеті жастардағы дағдарыстарды 
белгілеп, жас ерекшелік дағдарыстардың қалыпты, үдемелі 
тұлғалық даму үшін аса қажет деп есептеген. 
Л. С. Выготский төмендегідей психологиялық өлшемдерге 
сəйкес кезеңдерді анықтайды:
8-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет