І ТАРАУ
ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ МЕН СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПƏНІ ТУРАЛЫ
ТҮСІНІК, МАҚСАТЫ ЖƏНЕ МІНДЕТТЕРІ
Дене тəрбиесінің физиологиялық ерекшеліктерін білу мен
жоғары спорттық нəтижелерге жету бірлігі ешкімнің күмəнін туды-
ра қоймас.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
– жоғары оқу орындарында «Дене тəрбиесі мен спорт» мамандығы
бойынша негізгі оқу пəндердің бірі əрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын
орындау барысында алынған нəтижелерге сүйенетін ғылыми пəн
де болып табылады. Бұл пəнде негізгі назар спорттық əрекетке
негізделген адамның бұлшық ет қызметінің физиологиясына ауда-
рылады. Мұндай мəселелерге, ең алдымен, əртүрлі спорттық əрекет
түрлерінің физиологиялық сипаттамасы мен спорттық жаттықтыру
кезіндегі организм бейімделуінің физиологиялық механизмдері жа-
тады.
Қазіргі кезде еуропалық ғалымдар спорт физиологиясына
негізделген зерттеулерді іргелі жəне қолданбалы зерттеулер деп
қарастырады.
Іргелі ғылымдар ретінде дене жаттығулары гомеостаздың елеулі
өзгерістерін тудыратын жағдай болып саналатындықтан физио-
логия ғылымын тереңірек бойлай түсінуге мүмкіндік береді, яғни
организм қызметінің реттелу механизмдерін толық ұғыну үшін
таптырмас құрал. Қолданбалы зерттеулер ретінде физиологияны
дене жаттығуларының табиғатын терең түсіну үшін қолданады.
Денсаулықты жəне (немесе) реабилитацияны арттыру, жұмысқа
қабілеттілікті, дене сапаларын (күш, төзімділік) жоғарылату үшін
жаттықтырудың тиімді жолдарын қарастырады.
Адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түрлі
қарапайым
қозғалыстарынан
бастап,
спорттық
практика-
да кездесетін күрделі сипаттағы жаттығулардың барлығы жалпы
физиологиялық заңдылықтарға бағынады. Дене жүктемелері түрлі
мүшелер мен жүйелерде айтарлықтай өзгерістер тудырады, яғни адам
организмі бұлшық ет əрекетіне бейімделеді. Дене жүктемелерінің
ұзақ мерзімде ықпал етуінен спортшылар организмінде спорттық
жаттығулар немесе дене шынықтырумен шұғылданған кезінде орын-
далатын қарқынды жұмыстарға оңтайлы бейімделуді қамтамасыз
5
ететін түрлі мүшелер мен жүйелерде қалыптасатын қайта құрылулар
жүреді. Дегенмен, физиологиялық жүйелерде орын алған арнайы
өзгерістер біркелкі болмайды.
Пəннің негізгі міндеті түрлі спорттық əрекет кезіндегі жеке
жүйелердегі, сондай-ақ біртұтас организмде пайда болатын
өзгерістердің, физиологиялық реакциялардың тек қана сандық емес,
сапалық та сипаттамасын беру болып табылады. Қарқынды бұлшық
ет белсенділігі кезінде организмде пайда болатын өзгерістердің
физиологиялық механизмдерін білу, денсаулықты сақтай оты-
рып дене жұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін
жаттығуларды дұрыс бағалауға жəне тиімді жоспарлауға үйретеді.
Бұл пəнде организмнің қызметтік қорларына жəне бұлшық ет
жүктемелеріне бейімделуінің физиологиялық механизмдеріне ерек-
ше назар аударылады.
Спорттық əрекет алуан түрлі, сондықтан дене жаттығуларын
жіктеу қажет. Бұл спорттық жаттығуларды жалпы физиологиялық
сипаттамасына қарай топтарға біріктіруге мүмкіндік береді.
Болашақ жаттықтырушыға организмнің спорттық əрекет кезіндегі
физиологиялық күйін, қоршаған ортаның əртүрлі жағдайларына
бейімделу ерекшеліктерін білу түрлі жағдайларда спортшыларды
жарыстарға даярлау барысында акклиматизация механизмдері мен
сипатын ескере отырып, дене жүктемелерін дұрыс жоспарлауға
мүмкіндік береді.
Сондай-ақ пəннің маңызды міндеттерінің бірі организмнің
дене жүктемелеріне физиологиялық бейімделуін біле отырып,
спортшының неғұрлым жоғары қызметтік мүмкіндіктерге жетуін
қамтамасыз ететін жүйелі түрде өткізілген жаттықтыру нəтижесінде
туындайтын түрлі мүшелер мен жүйелер қызметіндегі өзгерістер
механизмдеріне сипаттама беру болып табылады.
Дене шынықтыру мұғалімінің спорттық жаттықтыру кезінде
организмде туындайтын арнайы физиологиялық бейімделу
өзгерістеріне аса мəн бере отырып, мамандануы əртүрлі спорт-
шылар мен спортпен шұғылданбайтын тұлғалардың тыныштық
күйдегі, стандартты жəне шекті дене жүктемелерінің əсері кезіндегі
физиологиялық көрсеткіштерді білуі өсіп келе жатқан ұрпақтардың
арасындағы дене тəрбиесі бойынша жұмыс сапасын жоғарылатуға
жағдай жасайды. Сонымен қатар спорттық нəтижелердің жылдар ба-
рысында арта отыруымен қатар, олардың əлеуметтік-экономикалық
жағдайлармен тығыз байланысын америкалық ғалымдар жүргізген
зерттеулер нəтижелерінен байқауға да болады (1-сурет).
6
,
Достарыңызбен бөлісу: |