Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет14/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   258
8 А-сурет. Қаңқа бұлшық еттерінің құрылымдық иерархиясы (Modifi ed 
from McMahon, Muscles, Refl exes and Locomotion Princeton University 
Press, 1984)


31
8 Ə-сурет. Қаңқа бұлшық еттері: 1 – маңдай бұлшық еті; 2 – көздің 
шеңберлі бұлшық еті; 3 – самай бұлшық еті; 4 – төс-бұғана-емізік бұлшық 
еті; 5, 25 – трапеция тəрізді бұлшық ет*; 6 – көкіректің үлкен бұлшық 
еті*; 7, 31 – алдыңғы, ортаңғы жəне артқы дельта (иық) бұлшық еті*; 8, 
11 – қардың екібасты бұлшық еті (бицепс)*; 9 – тоқпан-шыбық бұлшық 
еті*; 10, 27 – саусақтарды бүгетін бұлшық ет; 12 – тоқпан жілік бұлшық 
еті, 13 – алдыңғы тісті бұлшық ет*; 14 – құрсақтың тік бұлшық еті 
(жоғарғы жəне төменгі пресс)*; 15 – құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық 
еті*; 16 – мықын-бел бұлшық еті; 18 – санның төртбасты бұлшық еті 
(квадрицепс)*; 19 – төртбасты бұлшық ет сіңірі; 20 – жақындататын 
ұзын бұлшық ет; 21 – нəзік бұлшық ет; 22 – таспа бұлшық еті; 23, 38 – 
нағыз балтыр бұлшық еті*; 24 – үлкен жіліншіктің алдыңғы бұлшық еті;
26 – саусақтарды жазатын бұлшық ет; 28, 32 – қардың үшбасты бұлшық 
еті (трицепс)*; 29 – жұмыр кіші бұлшық ет; 30 – жұмыр үлкен бұлшық ет; 
33 – (жоғарғы, ортаңғы жəне төменгі арқа) арқаның ең жалпақ бұлшық 
еті*; 34 – бөксенің үлкен бұлшық еті*; 35 – санның екібасты бұлшық еті 
(сан бицепсі)*; 36 – жартылай сіңірлі бұлшық ет; 37 – камбала тəрізді 
бұлшық ет*; 39 – өкше (ахилл) сіңірі
*-спорттық практикада жиі жүктеме берілетін бұлшық еттер


32
Бүкіл дене бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық еттер 
адамның еркіне байланысты денені қозғалысқа келтіреді, тепе-
теңдікті сақтауға қатысады, т.б. Бұлшық ет талшықтары көптеген 
миофибрилдерден құралған (8 А-, 9-суреттер).
9-сурет. Бұлшық еттің микроқұрылымы: 1 – саркомерлер; 
2 – сарколемма; 3 – саркоплазма; 4 – ядро; 5 – миофибрилдер; 
6 – миофиламенттер
Əрбір бұлшық ет жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі. 
Қаңқа еті көлденең жолақты миоциттерден тұрады. Ұзындығы 10 
см-дей, кейде одан да ұзын, ені 12-70 мкм болатын талшықтар ұзын, 
цилиндр тəрізді болып келеді. Бұлшық ет саркоплазмасы миоглобин 
белогына бай. Миоглобин гемоглобинге ұқсап оттегін байланыс-
тырады. Бұлшық ет талшығының пішініне жəне саркоплазмалық 
миоглобиннің мөлшеріне қарай-күрең қызыл, ашықтау жəне аралық 
бұлшық ет талшықтары болады. Саркопазмасы көп талшықтар 
қызарып баяу жиырылады, ал саркоплазмасы аз талшықтар 
ақшылданып өте тез жиырылатын қасиеті бар, бірақ тез шаршайды.
Миоцитті қаптаған қабықша – сарколемманың саркоплазмаға 
қарай шыққан көлденең Т-өсінділері болады. Олар миофибрилді 
саркомерлерге бөлетін Z мембраналарының тұсында пайда болады. 
Сарколемманың ішкі жағында, миофибрилдер тобының сыртын-
да олармен қатар жатқан саркоплазмалық ретикулум мембрананың 
Т-өсіндісіне жеткенде кеңіп, Са
2+
иондарына толы қуыс (цистерна) 
құрады. Осы сарколеммалық бір көлденең Т-өсіндісімен оның екі 
жағындағы екі ретикулум цистернасының түйіскен жері (жасуша 
ішіндегі 3 элементтен тұратын триада) – ішкі синапс деп аталады. 


33
Бұлшық еттің жиырылғанда қысқаруы мен босаңсығанда ұзарып, 
қалпына келуі саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындығына бай-
ланысты.
Саркомерлер грек тілінен аударғанда sarcos – ет, meros – бөлік 
деген мағынаны білддіреді, яғни саркомер бұлшық ет талшығының 
жиырылғыш протеиндік жіпшелері – миофибрилдердің кұрылым-
дық жəне қызметтік бірлігі (10-сурет). Саркомерлер қатарынан 
орналасқан екі телофрагма (Z) сызығы (линиясы) аралығындағы
миофибрилл бөлігі. Ол актин миофиламентінен кұралған ашық түсті 
екі жарты изотропты (I) белдеулерден (дискілерден) жəне олардың 
аралығындағы миозин миофиламентінен түзілген күңгірт түсті 
толық анизотропты (А) белдеуден (дискіден) түзілген. А дискісінің 
орталығымен мезофрагма (М) сызығы (линиясы) өтеді. Миозин 
жіпшелері миофибрилдердің күңгірт (А) бөлігінде, ал актин ашық 
(І) бөлігінде бірінен соң бірі кезектесіп орналасқандықтан, микро-
скоппен қарағанда жолақ-жолақ болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет