Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет174/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   258
Жүзу жылдамдығы. 100 м жүзу кезінде (бассейн ортасында) 
максималды орташа таза арақашықтық жылдамдық кролль əдісімен 
жүзуде 1,9 м/с, дельфинде – 1,8 м/с, шалқалап жүзуде – 1,7 м/с, 
брасс əдісімен жүзуде – 1,5 м/с болады. Сонымен, неғұрлым жоғары 
жылдамдық кролль əдісімен жүзуде, ал аз жылдамдық – брасс 
əдісімен жүзу кезінде тəн. 


341
Жүзу энергетикасы
Жүзу кезіндегі энергия шығыны шамамен, осындай ұқсас 
өлшемдегі балықтарға қарағанда 30 есе жəне сондай жылдамдықпен 
жүгіруге қарағанда 5-10 есе көп. Өте төмен жылдамдықпен жүзу 
кезіндегі адамдардағы энергиялық шығынның айтарлықтай 
айырмашылықтары олардағы батырушы күштің (қалқымалылықтың) 
əртүрлі болуымен түсіндіріледі. Бірдей жылдамдықпен жүзу кезінде 
əйелдер ер адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды. Бұл ең ал-
дымен əйелдерде қалқымалылықтың жоғары болуымен байланысты.
Еркін жүзу кезінде жүзу жылдамдығы артқан сайын оттегі пай-
далану экспоненциалды (шамамен, жылдамдық шаршысына про-
порциялы), ал брасс жəне дельфин əдісімен жүзу кезінде тек үлкен 
жылдамдықтарда біраз баяулап сызықтық артады. Энергиялық шы-
ғын (О
2
пайдалану) мен түрлі əдіспен жүзу жылдамдығы арасындағы 
мұндай тəуелділік сипаты ең алдымен, механикалық тиімділік пен 
тіке кедергі өзгерістерінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Брасс 
жəне дельфин əдістерімен жүзу кезіндегі энергиялық шығын еркін 
жүзу кезіне қарағанда екі есеге көбірек болады. 
100 м арақашықтықта (50-60 с) шамамен, энергияның 80%-ы 
анаэробтық жолмен (максималдыға жуық анаэробтық қуаттылық) 
қамтамасыз етіледі. Арақашықтық артқан сайын энергия өндірілудің 
аэробтық компоненті жоғарылайды: 400 м арақашықтықта ол жалпы 
энергия өндірілуден 50% асады. 800 жəне 1500 м арақашықтықтарда 
оттектік жүйенің қуаттылығы мен сыйымдылығы өте маңызды рөл 
атқарады. 
Қандағы сүт қышқылы мөлшері жылдам артуынан басталатын 
(анаэробтық лактацидемиялық табалдырық) жылдамдық ОМП-
дың шамамен, 80%-на сəйкес келеді. Жаттыққан жүзгіштер О
2
пайдаланудың салыстырмалы жоғары деңгейінде (ОМП-дың 60-
70%) қандағы лактат мөлшерінің жоғарылауынсыз жұмыс істеуге 
қабілетті болады. Жүзудің максималды жылдамдығы кезінде 
анаэробтық гликолиз энергияның 50-60%-ын қамтамасыз етеді. 
Жоғары білікті спортшыларда қандағы лактаттың максималды кон-
центрациясы 18 моль/л-ге жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет