Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет179/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   258
Локалды (бұлшық еттік) факторлар
Басқа спорт түрлері сияқты жүзуде де орындаушы бұлшық ет 
аппаратының қызметтік мүмкіндіктері маңызды рөл атқарады. Иық 
белдеуі мен қол бұлшық еттері, ал брасс əдісімен жүзуде аяқ бұлшық 
еттері ерекше орын алады. 


349
Бұлшық 
ет 
композицияларына 
жүргізілген 
зерттеулер 
жүзгіштерде спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда баяу 
бұлшық еттер пайызының жоғары екенін көрсетті (сəйкесінше 
дельта тəрізді бұлшық етте 74,3% жəне 46%, санның төрт басты 
бұлшық етінде 52,7% жəне 36,1%). Аналогты мəліметтер спорт-
шы əйелдермен жаттықпаған əйелдердің бұлшық ет композицияла-
рын зерттеу барысында да алынған. Спринтер-жүзгіштерде (қысқа 
қашықтыққа жүзгіштерде) жылдам талшық барлық дельта тəріздес 
бұлшық еттердің 60-65%-ын құрайды. 
Жүзуге жаттықтыру үдерісінде жылдам талшықтардың тотығу 
потенциалының күшеюі жүреді, сондықтан жұмыс атқарушы 
бұлшық еттерде жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ–В) мүлдем бол-
майды деуге болады, оларда тек жылдам тотығу талшықтары (ІІ–А) 
бар. Баяу талшықтардың жоғары пайызымен жəне олардың тотығу 
потенциалы деңгейімен қатар жылдам талшықтардың тез тотығу 
талшықтарына өзгеруі жүзгіштің жұмыс атқарушы бұлшық еттері 
үшін үлкен аэробтық потенциал жасайды. 
Осыған жұмыс атқарушы бұлшық еттердің күшейген капил-
лярлануын қосуға болады. Ол тотығу метаболизмі ферменттерінің 
белсенділігінің жоғарылауымен, митохондрия саны мен өлшемінің, 
миоглобин мөлшерінің артуымен жəне т.б. локалды өзгерістермен 
қатар 
осы 
бұлшық 
еттердің 
аэробтық 
мүмкіндіктерінің 
жоғарылауына əкеледі. Бұл жүзгіштердің ОМП жəне аэробтық 
жұмысқа қабілеттілігін (төзімділігін) жоғарылауында көрініс таба-
ды. 
Жылу реттелу
Су температурасы көбіне тері температурасынан төмен бола-
ды. Ауамен салыстырғанда су жоғары жылу сыйымдылыққа 25 есе 
жəне жылу өткізгіштікке 5 есе жоғары ие бола отырып, конвекция-
мен (денені бойлай су қозғалысымен) бірлесе суда айтарлықтай 
жылу жоғалтуға алғышарттар жасайды. Егер ауа температурасының 
үлкен өзгерістеріне қарамастан ауада адам жылу балансын (тұрақты 
дене температурасын) сақтап тұрса, су иммерсиясы жағдайында 
дененің қалыпты температурасын ұстап тұру үшін су температура-
сы 33°С-қа жуық болу керек. Толық тыныштық күйінде жылу балан-


350
сы сақталатын ең төмен су температурасы 22°С-тан (толық адамдар 
үшін) 32°С (арық адамдар үшін) аралығында болады. Суда жылуды 
тез жоғалту əсіресе, суда ұзақ уақыт болатын стайер-жүзгіштер (ұзақ 
қашықтыққа жүзгіштер) мен сүңгушілер үшін қауіпті. 
Теріден суға орташа жылу ағымы орташа тері температурасы 
мен су температурасы арасындағы айырмашылықпен анықталады. 
Тыныштық күйде тері температурасы су температурасынан 1-2°С 
жоғары (66-сурет), ал белсенді жүзу кезінде бұл айырмашылық 
1°С-тан аз. Сонда да жылу дене беткейінен суға тез өтетіндіктен, 
жылу жоғалту, ең бастысы өз кезегінде ішкі температура мен тері 
температурасы арасындағы айырмашылыққа байланысты ұлпалық 
өткізгіштікпен анықталады (лимиттеледі). Мұнда жылу шығару 
жүзу жылдамдығына тəуелді емес (67-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет