Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет239/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   258
қимылдардан тұрады (3-тарауда баяндалған). Бұл жарылыстық 
жаттығулар бірнеше секундтан біраз ондаған секундқа ғана со-
зылатын өте қысқа ұзақтықта өтеді. Көптеген жарылыстық 
жаттығулардың көп бөлігі циклдік қозғалыстардан (екпін алу неме-
се қарқын алудан) тұрады. 
Жеңіл атлетикада секіру түрлері ұзындыққа жəне биіктікке 
секіру деп бөлінеді. Олар орында тұрып жəне жүгіріп келіп секіру 
арқылы орындалуы ықтимал. Орында тұрып секіру арнайы жарыс-
тар бағдарламасына енбейді, көбіне, жаттығу жəне сынақ түрінде 
кеңінен қолданылады. Жүгіріп келіп биіктікке секіру жəне сырықпен 
биіктікке секіру жоғары көлденеңінен қойылған кедергіден өтуге 
арналған болса, ұзындыққа секіру жəне ұзындыққа үш аттап секіру 
түрінде горизанталды бағытта алысқа секіруге негізделген. 
Секірудің барлық түрлері спортшыдан күш, жылдамдық, ептілік, 
иілгіштік, кеңістікте өзін басқару, бағдарлау сияқты қабілеттерінің 
жақсы дамуын талап етеді.
Лақтыру жаттығулары топтарына жеңіл атлетикалық: табақша, 
найза, балға лақтыру, ядро серпу жатады. Лақтырудың жеке жағдайы 


480
болып ауыр атлетикалық жаттығулар (жұлқу мен серпу) табылады. 
Лақтыру орындалу түрлеріне қарай бастан асыра найза, гранат, доп 
лақтыру енсе, айналдыра лақтыруға балға, табақша лақтыру, ал ите-
руге ядроны итеру жатады.
Лақтыру адамнан жылдамдықпен күшті қажет етеді, басты 
мақсат қолдағы затты неғұрлым алысқа лақтыру болып табылады. 
Лақтыру кезінде адамнан аз уақыт аралығында қол, аяқ, дененің өте 
көп мөлшерде күш жұмсауы арқылы жылдамдық, координациялық 
қабілеттердің үйлесімді жұмыс жасауын қажет етеді.
Көпсайыс түріне жүгіру, секіру, лақтыру, т.б. түрлері қосындысы 
енеді. Олар үшсайыс, бессайыс, т.б. деп жарысу түрлерінің санын 
көрсетеді. Жарыс қорытындысы əр сынақ бойынша жинақталған 
бағалар қосындысы бойынша анықталады. Жеңіл атлетиканың 
функциялық негіздері Д. Оңғарбаева, Г. Мадиева, Е. Алимханов 
(2013) еңбегінде толығымен баяндалған.
Шаңғы спорты денсаулықты, функциялық күй мен жаттығу 
дəрежесін сақтау мен жақсартудағы таптырмайтын маңызды спорт 
түрі болып табылады. Шаңғы спортымен ерте балалық шақтан ба-
стап тіптен, қартайған шаққа дейін шұғылдануға болады. Əсіресе, 
шаңғы жарыстары кең тараған. Ол қол жұмысын жұмылдыра оты-
рып, шұғыл ұзарған жалғыз тіректі жүріс түрінің локомоциясы бо-
лып табылады. 
Сонымен қатар шаңғы спорты əртүрлі рельефті жерлерде, əртүрлі 
сырғанау арқылы жүргізіледі. Шаңғы спортында арақашықтық 
əйелдерде 5, 10, 15 жəне 30 км, ал ерлерде – 15, 30, 50 км құрайды. 
Білікті шаңғышының жарыс темпі (жылдамдығы) жүгіріп өткен 
арақашықтықтың ұзындығына айтарлықтай тəуелді болмайды. Де-
генмен, арақашықтықты жүгіріп өту жылдамдығы осы арақашықтық 
профиліне, ауа температурасына, қарға, шаңғының майлануына 
жəне шаңғышы-жарыскердің жаттығу дəрежесіне, яғни функциялық 
күйіне байланысты болып келеді. 
Жоғары қарқындылықты шаңғышы-жарыскердің жұмысын 
арақашықтық профиліне байланысты ауыспалы қарқындылықты 
жұмыстарға жатқызуға болады. 
Шаңғы спорты жалпы жəне жылдамдықты төзімділікті дамыта-
ды, алайда, жарыстарға дайындалу кезінде күштік жаттығулар, мы-
салы, дөңгелекті шаңғы (шаңғы роллер), салмақты белдіктер мен 
шаңғы таяқтарымен тауға жүгіру жəне т.б. кезінде қолданылады.


481
Біліктілігі жоғары шаңғышы-жарыскерлер арақашықтықтарды 
бағындыруда өздерінен біліктіліктері төменірек спортшыларға 
қарағанда оттегіні 15-20%-ға азырақ пайдаланатынын Ю. Х. Кальюс-
то көрсетіп өткен. 
Жарысушы-шаңғышының жаттығу немесе жарыс кезінде 
бұлшық еттерінің басым бөлігінің қатысуына орай энергиялық 
шығындар да көбірек болады. Шаңғышы-жарыскердің жұмыс типі 
трасса профилі мен климаттық жағдайларға (ауа температурасы, 
қар, шаңғының майлануына) байланысты аэробты-анаэробты, ал 
егер жаттығу, əсіресе жарыс, орта биіктікте өтсе, онда жұмыс режимі 
анаэробты болады. 
Жоғары жылдамдықпен таудан сырғанаған жəне көтерілген 
кезде оттегі пайдаланудың артқанына қарамастан энергияның бір 
бөлігі анаэробты реакциялар арқылы шығарылады. Бұған қандағы 
сүт қышқылы концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы дəлел 
болады.
Энергияның жалпы шығыны 4200-ден 6000 ккал-ға дейін 
мөлшерді құрайды. 50 км жəне одан ұзақ шаңғы марафондарында 
энергия шығыны бұл шамадан едəуір асып түседі. ОМП ерлерде 83 
мл/кг/мин, ал əйелдерде 63 мл/кг/мин болады. Тыныс алу алма ке-
зек аздап екі адымдап жүру кезінде ырғақты 1:1, 1:2 болса, ал бір 
мезгілде орындалған жүрістерде тыныс шығару таяқпен серпіле 
итерілгенде жəне кеуде еңкейгенде жүзеге асырылады. Тыныс 
алу мен қозғалыстың дұрыс үйлесуі əрқашан жұмыс тиімділігін 
жоғарылатады. Шаңғышы-жарысушыларда тыныс бұлшық еттері 
жақсы дамыған. Осыған орай оларға тыныс қозғалыстарының 
жоғары амплитудасы мен ӨТС (ерлерде 5,5-7,5 л-ге дейін, əйелдерде 
3,5-4,5 л) жоғары мəні тəн. Оттегіні пайдалану білікті шаңғышыларда 
олардың ОМП-ның 85-90%-ын құрайтын 4-5 л/мин-қа жетеді. 
Жазықта шаңғы тебуде бұл шама ОМП 80%-нан аспайды, биікке 
көтерілгенде ол 100%-ға дейін жоғарыласа, төмен түскенде 50-55%-
ға дейін кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет