Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жекпе-жек спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет242/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Жекпе-жек спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы
Еркін күрес, грек-рим, самбо, дзюдо жəне т.б. күрес түрлері жек-
пе-жекке қатысады. 
Күрестің құралы қарсыласын ұстап алып, тепе-теңдігін жоя оты-
рып, жерге не кілемге алып лақтыру болып табылады. 
Күресте статикалық ширығу тəн жылдамдықты-күштік жұмыс 
спортшының күшін, шапшаңдығын, ептілігін дамыта түседі. 
Палуандардың қимыл əрекеті табысты болу үшін проприоцептивті 
сезімталдықты дамыту қажет.
Палуандарда бұлшық ет жүйесі жақсы дамыған, ол көбіне
анаэробты режимде жұмысқа бейімделген. Күрес кезінде энергия 
шығыны өте жоғары болады. Ұстасу кезінде ол орта есеппен, 1 ми-
нутта 10-12 ккал жəне одан жоғары мəнге жетіп жығылады. Тыныс 
жиілігі ұстасу кезінде минутына 35-40 экс жəне одан жоғары бола-
ды. Тыныс алудың кідіру моменттері мен күштену қармау кезінде, 
лақтыруды орындауға дайындық пен лақтыру кезінде байқалған. 
Салмақ категориясына байланысты энергия шығыны 3700-6000 
ккал жəне одан жоғары болады. Оттектік сұраныс жұмыстың 
қарқындылығына тəуелді болып келеді. Оттектік қарыздылық 
ұстасудың соңғы кезеңінде айтарлықтай шамаға жетуі мүмкін. ОМП 
57 мл/кг/мин. тең болады. 
Тыныштық күйде ЖЖЖ орта есеппен, 45-60 екп/мин. Ұстасу 
кезінде жəне əсіресе, ұстасқаннан кейін ЖЖЖ 180-200 екп/мин. 
жəне одан жоғары мəнге жетуі мүмкін. Артериялық систолалық қан 
қысымы 150-160 мм сынап бағанасы жəне диастолалық қан қысымы 
80-100 мм сынап бағанасы дейін жоғарылауы мүмкін. 
Қандағы лактат ұстасудан соң жоғарылайды жəне 8-10 ммоль/л. 
Палуандар үшін тер бездері қызметінің күшеюі тəн. Мұны палуан-
дарды ұстасуға дайындау кезінде ескерген жөн: оны маймен уқалап, 
сүртуге болмайды. 


489
Бокс кең тараған жекпе-жек түрі. Бокспен шұғылдану үшін 
үлкен шыдам, күш, ержүректік, ептілік, беріктік, тез шешім 
қабылдаушылық, сонымен қатар басқа да арнайы сапалар қажет. 
Энергия шығыны жұмыс қарқындылығына байланысты, ол 
аз салмақ категориясындағы спортшыларда көбірек келеді жəне 
минутына 15-25 ккал болады. Жалпы алғанда, жаттығудан кейін 
энергия шығыны салмақ категориясына, сыртқы орта температу-
расына жəне спортшының жаттығу дəрежесіне байланысты 3700-
6000 ккал құрайды. ОМП 55 мл/мин/кг тең. ТЖ минутына 35-50-ге 
жетуі мүмкін болса, ал өкпелік вентиляция 80-нен 120 жəне одан 
да көп литрді құрайды. Оттегіні сіңіру 4-5 л/мин. тең əрі оттектік 
қарыздылық тəн. Боксшыларда ӨТС орта есеппен, 3500-4500 мл. 
ЖЖЖ-не баяулау тенденциясы тəн, тыныштық күйде 45-55 екп/
мин. Ұрыс кезінде ЖЖ 180-200 екп/мин. жəне одан жоғары мəнге 
жетуі мүмкін. Ұрыстан кейін қандағы лактат мөлшері дереу артады 
да, 8-12 ммоль/л жəне одан жоғары болады. 
Сайысу (семсерлесу) – спорттық суық қарулардың бір түрімен 
жекпе-жек негізінде жатқан спорт түрі. Сайысу сабақтары 
шапшаңдықты, ептілікті, төзімділікті, өзін-өзі ұстауды, күрделі 
жағдайларда қас қағымда шешім қабылдауды жəне тез əрекет етуді 
дамытады. 
Рапира, сапы (шпага) немесе қылышпен сайысуда спортшының 
мақсаты берілген уақытта қарсыласына көп соққы санын беріп не-
месе түйреп үлгеру.
Қазіргі кезде сайысуда рапира, шпага жəне қылыш сияқты қару 
түрлері қолданылады. Үшкір қылыш пен семсер – шаңышқылы, 
қылыш – жарғыш қару. Рапира мен шпага арқылы сайысуда элек-
троаппаратура қолданылады, яғни түйрегеннен соң электр тізбегі 
тұйықталады да кішкентай лампы жанады. 
Ұрыс кезінде ЖЖЖ артады да, 160-180 екп/мин. жəне одан 
жоғары мəнге жетуі ықтимал. ОМП ер адамдарда 56 мл/мин/кг, ал 
əйелдерде 44 мл/мин/кг.
Сайысуда көру, тепе-теңдік жəне қимыл аппараттарының маңы-
зы зор. Көру қабылдауы негізінен сайысшының барлық əрекетін 
анықтайды. ТЖ ұрыс кезінде минутына 30-40 экс жəне одан жоғары 
мəнге дейін артады. Энергия шығыны түйреу мен барлық айқастың 
қысқа мерзімде орындалуымен байланысты айтарлықтай болмайды. 
Сайысшыларда өкпелік вентиляция жарыс кезінде 60-100 л/мин. 


490
дейін жоғарылайды. Энергия шығыны ерлерде 3600-4200 ккал, ал 
əйел адамдарда 3000-3600 ккал тең болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет