Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ІІІ ТАРАУ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет24/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   258
ІІІ ТАРАУ
ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ 
ЖІКТЕЛУІ ЖƏНЕ СИПАТТАМАСЫ
Дене жаттығулары дене тəрбиесінің білім беру, тəрбиелік жəне 
сауықтыру міндетерін шешуге көмектесетін қимыл əрекеттері болып 
табылады. Адам өзінің күнделікті өмірінде – тұрмыста, өндірісте 
жəне дене шынықтыру сабақтары мен спорт жарыстарында болсын, 
сан алуан қимыл əрекеттерін орындайды. Физиологиялық тұрғыдан 
алып қарағанда жаттығу – белгілі бір мақсатқа жетуге, яғни қозғалыс 
міндетін шешуге бағытталған бір-бірімен үздіксіз байланысты 
қимыл əрекеттерінің жиынтығы.
Спорттық жарыстар жаттығуларында қозғалыстар жиынтығы 
максималды спорттық нəтижелерге жетуге бағытталған. Мыса-
лы, спорттық жаттығуларға биіктікке секіру, найза лақтыру, ату, 
спорттық ойындар, белгілі бір арақашықтыққа жүгіру немесе жүзу, 
т.с.с. жатады.
Көптеген дене жаттығуларының, соның ішінде спорттық 
жаттығулардың көптүрлілігі салдарынан оларды белгілі бір топтарға 
жіктеу қажеттілігі туындайды. Физиологиялық жіктеу функциялық 
сипаттамасына қарай ұқсас дене жаттығуларын топтарға біріктіруге 
негізделген. 
Дене жаттығуларының организм күйіне əсері педагогикалық, 
психологиялық, биохимиялық жəне физиологиялық факторларға 
байланысты көптеген себептермен анықталады. Дене жаттығуларын 
жіктеуде қозғалыстардың физиологиялық заңдылықтары ерекше 
рөл атқарады. 
Жаттығуларды жіктеу координациялық құрылымына, қозғалыс-
тардың құрылу деңгейіне, орындалу əдістеріне, энергия пайдалану 
деңгейіне, жұмыстың салыстырмалы қуаттылығына жəне дене сапа-
ларын дамытуға бағытталуына қарай жүргізіледі.
Мұндай жүйелеудің спорттық мамандандыруда дене сапаларын 
жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығуларды іріктеуде кəсіби-
педагогикалық, қолданбалы маңызы зор.


53
Дене жаттығуларын жалпы физиологиялық жіктеу
Дене жаттығуларының түрлері сан алуан. Сондықтан оны тек 
бір ғана критерий бойынша жіктеу мүмкін емес. Осымен дене 
жаттығуларын жіктеу кезінде бірнеше физиологиялық жүйелердің 
ескерілетіні түсіндіріледі. Барлық дене жаттығулары тірек қимыл 
аппаратының негізгі бөлігі – бұлшық ет қызметімен тікелей іске асы-
рылатынын ескере отырып, бұлшық еттің жиырылу механизмдерін 
білген жөн (18-сурет). Себебі бұлшық еттің жұмысы оның 
жиырылғыштық қасиетімен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет