Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет32/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   258
Циклдік жаттығулардың жіктелуі
Циклдік қозғалыстар тұтас қозғалыстың жеке фазаларының не-
месе циклдердің өздерінің бірізділікпен кезектесуімен жəне өзара 
байланысымен сипатталады. Əр циклдің алдыңғы жəне кейінгі цикл-
мен өзара байланысы осы циклдік жаттығулардың негізгі ерекшелігі 
болып саналады. Циклдік қозғалыстардың физиологиялық негізі 
ырғақтық қимыл рефлексі болып табылады.
Организмнің (жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) энергиялық 
сұранысы екі негізгі анаэробтық жəне аэробтық жолдар арқылы 
қанағаттандырылатыны баршамызға белгілі. Энергия өнімділіктің 
бұл екі жолының қатынасы түрлі циклдік жаттығуларда бірдей емес 
(23-сурет).
Кез келген жаттығуды орындау кезінде барлық үш энергиялық 
жүйелер іске қосылады: 
1. Анаэробтық фосфагендік (алактаттық) жүйе – фосфагендік 
жүйелер – АТФ пен КрФ энергиялары есебінен жүзеге асырылады;
2. Лактацидтік (гликолиздік) – гликолиз энергиясы – 
көмірсулардың сүт қышқылының түзілуіне əкелетін ыдырауы 
есебінен іске асады;
3. Аэробтық (оттектік, тотығу) – көмірсулар мен майлардың 
тотығуы энергиясы есебінен жүзеге асады. 
Аэробтық жəне анаэробтық энергия көздерінің қатынасы жұмыс 
ұзақтығына байланысты болып келеді (3-кесте).
Бұл 3 жүйенің «аймақтары» бір-бірімен біраз астасып жатады 
(24-сурет).
Сондықтан энергиялық жүйелердің əсіресе, салыстырма-
лы аз шекті ұзақтықты жұмыстар кезінде əрқайсысының «таза» 
үлесін бөліп көрсету қиындыққа əкеліп соғады. Осыған байланыс-


67
ты көбінесе, энергиялық қуаттылығы жағынан (əсер аймақтары) 
«көршілестерді», яғни фосфагендікті лактацидтікпен, лактацидтікті 
оттектікпен бірге жұптастырады. Мұнда энергиялық үлесі көп жүйе 
бірінші болып көрсетіледі. 
3-кесте
Түрлі ұзақтықты дене жаттығулары кезіндегі анаэробтық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет