Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет3/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258
1-сурет. Жылдар барысындағы спорттық нəтижелер (Geoffroy Berthelot, 
Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c 
American, 2013)
100 метрге жүгіру мен биіктікке секіру бойынша алынған 
көрсеткіштердің спорттық қолдаудың аз болуына орай бірінші жəне 
екінші дүниежүзілік соғыстар кезінде ілгерілемей, ал керісінше, 
халықаралық «қырғи-қабақ» соғыстар кезінде бəсекелестіктің ар-
туына байланысты (1988 жылға қарай) қарыштай дамығандығын 
аңғаруға болады. 


7
Қорытындылай келе, дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің 
физиологиялық негіздері пəнінің негізгі мақсаты – адамның 
дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануына жəне функциялық 
дайындығын басқаруға қажетті дене шынықтыру тəрбиесінің 
физиологиялық негіздеріне арналған өзіндік білім деңгейін көтеру 
бойынша білім беру жəне дағдыландыру. 
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері 
пəнінің негізгі міндеттеріне:
1. Дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдану кезіндегі
жұмысқа 
қабілеттілікті 
арттыру, 
денсаулықты 
күшейту 
негізінде жатқан физиологиялық механизмдер туралы ғылыми 
дүниетанымдылықты қалыптастыру;
2. Дене шынықтыру құралдары, əдістері жəне қоршаған 
орта факторлары арқылы оптималды дене жұмыс қабілеттілігін 
сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын 
қалыптастыру бойынша физиологиялық білім беру;
3. Физиологиялық ақпараттарды бағалау негізінде дене 
шынықтырумен шұғылданатын тұлғалар мен шəкірттерде дене 
жүктемелеріне төтеп беруді бақылаудың физиологиялық əдістерін, 
оқыту-шынықтыру үдерістерін жəне дайындықты басқару 
құралдарын қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру;
4. Спорттық дайындықтың, дене сапаларының жəне спорттық 
нəтижелердің дамуын анықтайтын жəне шектейтін факторлар тура-
лы білім беру;
5. Əртүрлі қарқынды жəне биоэнергиялық бағытты дене 
жаттығуларының жыныс пен жасқа сай организмге əсер етудің 
ерекшеліктерін дұрыс бағдарлауға үйретіп, бұл білімдерін оқыту 
шынықтыру жəне дене шынықтыру сабақтарын жоспарлау кезінде 
қолдану;
6. Шынықтыруды дамытудың ерекшеліктерін білу жəне оны 
анықтаудың əдістерін тыныштық күйде, стандартты жəне шекті-
қарқынды жүктемелерді орындау кезінде қолдана білу жатады.
Жоғарыда көрсетілген пəн міндеттерін саралай келе, дене 
тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясының негіздері пəні 
қолданбалы ғылымдар қатарына жатумен қатар, профилактикалық 
ғылым да болып табылады.
Сонымен, аталмыш пəн оқу жəне ғылыми пəн ретінде:
1. Адам денсаулығын нығайту заңдылықтарын физиологиялық 
негіздеу;


8
2. Жоғары спорттық нəтижелерге жетуге бағытталған, əсіресе, 
үлкен спорттағы шараларды физиологиялық негіздеу сияқты екі 
негізгі проблеманы шешеді. 
Мəселен, 
2-суреттен 
əлемдік 
спорттық 
нəтижелердің 
географиялық орындар мен жылдарға байланысты жоғарылау ди-
намикасын байқауға болады. Олимпиадалық ойындар бойынша 
Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа алғашқы орындарда болса, ал 
Африка елдері соңғы қатардан орын тепкен.
жыл
2-суретГеографиялық орындар мен жылдарға байланысты əлемдік 
рекордтар үлесі (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, 
Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c American, 2013)
Бұл мəліметтерден (1, 2-суреттерден) спорттық нəтижелердің 
елдің экономикалық жағдайымен қатар, спортқа көңіл бөлінумен 
де аса тығыз байланысты екендігін байқаймыз. Осы тұрғыда соңғы 
уақыттары Қазақстан спортшыларының жетістіктері дүниежүзіне 
танылды, отанымыздың мəртебесі биіктеп бүкіл əлемге жайыл-
ды. Бірақ жетістіктермен қатар көптеген кемшіліктер де бар екені 
жəне ол тек спортпен шұғылданушылар мен спорт саласындағы 
жаттықтырушылардың ғана мəселесі емес, бұл физиологиялық əрі 
медициналық көзқарасты талап ететіндігі сөзсіз. Осы тұрғыдан алып 
қарағанда да «дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық 
негіздері» ғылымының маңызы зор. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет