177
л-ге жетуі мүмкін. Оттегі қарыздылықтың мөлшері өте өзгермелі,
сондықтан нəтижені нақты болжауда қолданылмайды.
Оттегі қарыздылықтың алактацидті (жылдам) фракция-
сы өлшемі бойынша жылдамдықты-күштік сипаттағы (спринт)
өте қысқа мерзімдік жаттығуларды қамтамасыз ететін анаэробтық
(фосфагендік) сыйымдылық бөлігін бағалауға болады. Ол арнайы
формуламен есептеледі.
Оттегі қарыздылықтың «фосфагендік фракциясының»
типтік
максималды өлшемі дене салмағына 100 кал/кг жуық немесе 1,5-2
л О
2
. Жылдамдықты-күштік сипаттағы жаттықтыру нəтижесінде ол
1,5-2 есеге артуы мүмкін.
Шекті ұзақтығы бірнеше ондаған секундқа созылатын жұмыстан
кейін оттегі қарыздылықтың едəуір (баяу) фракциясы анаэробтық
гликолизбен, яғни жылдамдықты-күштік жаттығуларды орын-
дау үдерісінде сүт қышқылының түзілуімен байланысты жəне
сондықтан
лактацидті оттектік қарыздылық деп белгіленеді. Бұл
оттектік қарыздылықтың бөлігі СО
2
мен Н
2
О дейін тотығу мен гли-
когенге дейін ресинтезі арқылы организмнен сүт қышқылын жоюға
қолданылады.
Анаэробтық энергияның лактацидті компонентінің максималды
сыйымдылығы жас жаттықпаған ер адамдарда дене салмағына 200
кал/кг жуық, ол қанда 120 мг% (13 ммоль/л) жуық сүт қышқылының
максималды концентрациясымен сəйкес келеді.
Жылдамдықты-
күштік спорт түрлерімен шұғылданатын айтулы спортшыларда
қандағы сүт қышқылының максималды концентрациясы 250-300
мг%-ға дейін жетуі мүмкін. Ол дене салмағына 400-500 кал/кг мак-
сималды лактацидтік (гликолиздік) сыйымдылыққа сəйкес келеді.
Мұндай жоғары лактацидті сыйымдылықтың бірнеше себептері
бар. Ең алдымен, спортпен шұғылданбайтын
адамдарға қарағанда
спортшылар неғұрлым жұмыстың жоғары қуаттылығын дамытуға
жəне оны барынша ұзақ сақтауға қабілетті. Бұл, атап айтқанда,
жұмысқа көп бұлшық ет массасының қатысуымен (рекрутир-
леу), соның ішінде жоғары гликолиздік
қабілеттілікке ие жылдам
бұлшық еттер талшықтарының жұмысқа қатысуымен қамтамасыз
етіледі. Жоғары білікті спортшыларда – жылдамдықты-күштік
спорт түрлері өкілдерінде бұлшық еттердегі бұл талшықтардың
көп мөлшері жоғары гликолиздік
қуаттылық пен сыйымдылықты
қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Бұдан басқа жаттықтыру
178
сабақтары үдерісінде, əсіресе, анаэробтық қуаттылықты қайталама-
интервалдық жаттығуларды қолдану кезінде спортшының жоғары
жұмыс
қабілеттілігін сақтай отырып, қанда жəне дененің басқа
сұйықтықтарында сүт қышқылының едəуір жоғары концентра-
циясына (жəне сəйкесінше рН едəуір төмен мəні) оның «шыдауы-
на» мүмкіндік беретін механизмдер дамиды. Əсіресе,
бұл орташа
арақашықтық желаяқтарына тəн.
Н. Н. Яковлев мəліметтері бойынша күштік жəне жылдамдықты-
күштік жаттықтыру жаттықтырылған бұлшық еттерде белгілі
бір биохимиялық өзгерістер тудырады. Жаттықпаған адамдарға
қарағанда, оларда АТФ жəне КрФ мөлшері біршама жоғары (20-
30%-ға) болса да, оның жоғары энергиялық мəні жоқ. Фосфагендер
(АТФ, АДФ, АМФ, КрФ) айналымының (ыдырау жəне ресинтез)
жылдамдығын анықтайтын ферменттердің, соның ішінде миокина-
за мен креатинфосфокиназаның белсенділігінің жоғарылауы көбірек
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: