Байланысты: О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми
Жылдамдықты-күштік жаттығулардың энергиялық сипаттамасы. Барлық жылдамдықты-күштік жаттығулар энергиялық тұрғыдан
алып қарағанда, анаэробтық жаттығуларға жатады. Олардың шекті
ұзақтығы 1-2 минуттан аз. Бұл жаттығуларға энергиялық сипаттама
беру үшін:
1. Максималды анаэробтық қуаттылық;
2. Максималды анаэробтық сыйымдылық (қабілеттілік) сияқты
екі негізгі көрсеткіштер қолданады.
Максималды анаэробтық қуаттылық. Сол адам үшін жұмыстың
максималды қуаттылығы бірнеше секундқа ғана созылуы мүмкін.
Мұндай қуаттылықты жұмыстар бұлшық ет фосфагендерінің (АТФ
жəне КрФ) анаэробтық ыдырауы есебінен орындалады. Сондықтан
бұл заттардың қоры жəне əсіресе, олардың энергиялық утилдену
жылдамдығы максималды анаэробтық қуаттылықты анықтайды.
Қысқа қашықтыққа жүгіру (спринт) жəне секіру нəтижелері макси-
малды анаэробтық қуаттылыққа тəуелді жаттығулар болып табы-
лады. Максималды анаэробтық қуаттылықты бағалауда Маргарий
тесті қолданады.
Жоғарыдағы кестеде əйелдер жəне ерлер үшін максималды
анаэробтық қуаттылықтың «нормативті» көрсеткіштері келтірілген
(9-кесте). Максималды анаэробтық сыйымдылық бағалауда шекті
ұзақтықты жұмыстан соң (1-ден 3 минутқа дейін) айқындалатын ба-
рынша оттектік қарыздылық, яғни максималды оттектік қарыздылық
өлшемі кең қолданылады. Бұл жұмыстың кейін пайдаланатын артық
оттегі мөлшерінің едəуір бөлігі жұмыс кезінде анаэробтық үдерістер-
ге шығындалған АТФ, КрФ жəне гликоген қорларын қалпына келтіру
үшін қолданылуымен түсіндіріледі. Қандағы катехоламиндердің
жоғары деңгейі, дененің жоғары температурасы, жиі жиырылатын
жүрек пен тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерінің оттегіні көп
пайдалануы сияқты факторлар да ауыр жұмыстан кейін қалпына
келу уақытында оттегі пайдаланудың жоғары жылдамдығының
176
себебі болуы мүмкін. Сондықтан максималды қарыздылық өлшемі
мен максималды анаэробтық сыйымдылық арасында тек қалыпты
байланыс ғана бар.
9-кесте