183
сол сапаны физиологиялық бағалау үшін ОМП абсолюттік
көрсеткіштері барынша маңызды.
ОМП салыстырмалы көрсеткіштері (мл О
2
/кг·мин) жоғары
білікті спортшыларда дене салмағымен кері тəуелділікте болады.
Жүгіру жəне жүріс кезінде дене массасының вертикалды орын ауыс-
тыруы бойынша айтарлықтай жұмыс орындалады жəне сəйкесінше
қалған осындай жағдайларда (қайта қозғалу жылдамдықтары бірдей)
неғұрлым
спортшы салмағы көп болса, соғұрлым олардың орын-
дайтын жұмысы (оттегі пайдалануы) көбірек келеді.
Сондықтан
ұзақ арақашықтыққа жүгіретін желаяқтардың ең алдымен, май
ұлпалардың минималды саны мен сүйек қаңқасының салыстырма-
лы аз салмағы есебінен дене салмағы салыстырмалы азырақ болады.
Егер 18-25 жастағы жаттықпаған ер адамдарда май ұлпалары дене
салмағының 15-17%-ын, ал айтулы стайерлерде (ұзақ қашықтыққа
жүгірушілерде) тек 6-7%-ды құрайды. ОМП ең үлкен
салыстыр-
малы көрсеткіштері ұзақ қашықтыққа жүгіретін желаяқтар мен
шаңғышыларда
байқалады, ал ескекшілерде төменірек болады.
Жеңіл атлетикалық жүгіру, спорттық жүріс, шаңғы жарыс сияқты
спорт түрлерінде спортшының максималды аэробтық мүмкіндіктерін
ОМП салыстырмалы көрсеткіштері бойынша бағалау дұрысырақ.
ОМП деңгейі екі физиологиялық жүйелердің:
1. Сыртқы ауадан оттегіні абсорбциялап жəне оны жұмыс істейтін
бұлшық еттер мен дененің басқа активті мүшелері мен ұлпаларына
тасымалдайтын
оттегі тасымалдау жүйесінің;
2. Қанмен жеткізілген оттегіні жинайтын жəне утилдейтін
бұлшық ет жүйесінің, яғни оттегіні
утилдеу жүйесінің максималды
мүмкіндіктеріне байланысты болады.
ОМП көрсеткіштері жоғары болатын спортшылар осы екі жүйе
бойынша да зор функциялық қабілетке ие.
Достарыңызбен бөлісу: