Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет105/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   364
Информатикадан диспут – сұрақтар мен жауаптар арасындағы 

ойын. Басында қиын сұрақтар қойылады. Диспутта маңыздысы ма-

териал жайындағы сұрақ. Бұл сұрақтар диспуттың алдына қойылған 

мақсаттары  бойынша  анықталады.  Мұндай  мақсаттар  арасындағы 

ең  маңыздысы  өткен  жылдағы  информатикадан  өткен  материал-

дарды қайталауы. Оқушыларға алдын ала қай материалды қайталау 

керектігі  айтылады,  себебі  оқушылар  қайталаған  материал  бойын-

ша анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді біліп, сол тақырыптар 

бойынша есептерді шеше алуы керек. Ең аз талап ол оқушылардың 

оқулықта көрсетілген материалдар бойынша нақты,  толық, жақсы 

көрсеткіштегі білімі. Осы жағдайдан кейін ғана барып, оқушылардың 

оқу материалы бойынша шығармашылық жұмыстары қалыптасады. 

Диспутты  параллель  сыныптар  арасында  өткізген  қолайлы. 

Информатикалық  диспут  оқушы  білімінің  кем  тұстарын  көрсетіп, 

мұғалім  жұмысын  ретке  келтіреді.  Диспутта  маңыздысы  қайталау 

сияқты маңызды педагогикалық жағдайлар. Сыныптар арасындағы 

диспуттар  басқа  информатикадан  сыныптық  қайталаудың  ешбірі 

бере алмайтын нəтижені береді. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  ішінде  оқушылардың  қосымша 

əдебиеттермен жұмысы маңызды рөл атқарады. Мектептің алдында 

оқушылардың жалпы даму деңгейін, кейінгі білімге деген дайындық 

деңгейін,  өз  білімін  жетілдіру  деңгейін,  кез  келген  мамандық  бо-

йынша практикалық жəне шығармашылық деңгейін көтеру міндеті  

тұрады.  Осы  міндеттерді  шешуде  информатика  пəнінің  мұғаліміне 

оқушыларды тек қана білім қорымен қамтамасыз етіп қана қоймай, 

осы білімдерді алу жолдарын, жаңа білімді үйренуге деген ұмтылысы 

мен қабілетін де жетілдіруі қажет. 



240

Информатикадан  жаңа  білімдер  көздерінінің  ішінде  ең  бірінші 

орында – оқулық тұрады. Оқушыларды информатиканың негізі мен 

оның қолдануымен таныстыратын əдебиеттерді екі топқа бөлуге бо-

лады: білімділік (тиімді оқулықтар, дидактикалық құралдар, есептер 

жинақтары, анықтамалықтар) жəне қосымша (ғылыми кітаптар мен 

мақалалар,  олимпиада  есептерін  шешу  жинақтары,  энциклопедия-

лар,  анықтамалықтар,  сөздіктер,  бағдарламалық  материалдары  бар 

кітаптар).

Информатиканы  оқыту  кезінде  оқушылар  негізгі  оқулықты 

кеңінен қолданады, алайда информатикадан қосымша оқулықтарды 

көбісі  қолдана  бермейді,  себебі  бұл  ұйымдастырылған  түрде 

жүзеге  аспайды.  Информатикадан  қосымша  əдебиеттерді  қолдану 

оқушылардың  дамытушы  жəне  үйретуші  білімдерін  жетілдіріп, 

білім  сапасын  көтеріп  қана  қоймай,  информатикаға  деген  тұрақты 

қызығушылығын тудырады.

Оқу  материалдарымен  жұмыс  істеу  тəжірибесі  қосымша 

əдебиетпен сəтті жұмыс істеуге жеткіліксіз. Сондықтан оқушылардың 

информатикадан  берілетін  əдебиеттермен  жұмыс  істеу  біліктілігі 

мен дағдысын мақсатқа бағыттап, жүйелі түрде дамыту керек. Бұл 

əрекетке мына жағдайлар əсер етеді:

 

– оқылатын  əдебиет  бағыты  оқушылардың  танымдық 



қызығушылығымен толықтай сəйкес келуі;

 

– информатиканы  оқыту  кезінде  оқушылар  мен  мұғалімдердің 



қосымша əдебиеттерді қолдануын жүйелеу;

 

– мұғалімнің  оқушыларды  əдебиетпен  жұмыс  істеудің  жалпы 



əдістерін үйретудегі мақсатты бағытталған іс-əрекеті;

 

– информатикадан  қосымша  əдебиеттермен  жұмыс  істеуді  та-



лап ететін арнайы тапсырмалардың қойылуы қосымша əдебиеттерді 

үнемі қолдану; 

 

– факультатив сабақтарда оның орындалуын бақылау;



 

– оқушылардың өз бетінше жұмысының (соның ішінде инфор-

матикадан) тиімділігі кейбір психологиялық факторларға байланы-

сты  (баптау,  қызығушылық,  еріктік  күш-жігер,  өз  бетінше  жұмыс 

істеу, еңбек сүйгіштік жəне т.б.).

Информатикадан  оқушылардың  ғылыми  əдебиеттермен  тиімді 

жұмысын жасау  біліктілігі мен дағыдысын анықтайтын негізгі ком-

поненттер қатарына  төмендегілер жатады:

 

– мəтінді логикалық (құрылымдық) тұрғыда түсіну;




241

 

– түсініп оқи білу;



 

– бастысын айыра білу;

 

– мəтінде берілген негізгі ойды өз ойымен жеткізе білу;



 

– ақпаратты шығармашылық тұрғыдан өңдей білу;

 

– тақырып  бойынша  жоспар  құрып,  конспект  жасап,  оның 



көшірмелерін дайындай білу;

Өзін-өзі жұмыс істете алу мен қиындықтар мен түсініспеушілік-

тен  шығып  кете  алудағы  ерік-жігерінің  күштілігі.  Осы  шарт-

тар  қатарында  оқушылардың  кітаппен  өз  бетінше  жұмысын 

ұйымдастырудағы  информатика  пəні  мұғалімінің  оқыту  бағдар-

ламасы енгізілген.

Жоғарыда келтірілген біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру 

мен  дамыту  үшін  арнайы  оқу  сабақтарын  қолданған  жөн.  Атап 

айтсақ:

 

– информатикадан  таңдалған  əдебиетті  оқи  білу  дағдысын 



құратын жəне дамытатын сабақтар;

 

– алған  білімдері  бойынша  қосымша  əдебиеттерді  оқу  кезінде 



алған білімдері бойынша жаңа білімдер құра білу қабілетін артты-

ратын сабақтар;

 

– жаңа білімдерін қолдана білу қабілетін арттыратын сабақтар. 



Мысалы,  оқушыларға  жаңа  программалық  құралды  үйренгеннен 

кейін оны практикалық сабақтар қолдануын талап ету. 

 

– оқығандарын бір бүтін жүйеге келтіре білу қабілетін арттыруға 



арналған сабақтар. Мысалы, оқылған материал бойынша баяндама 

даярлау, берілген кітаптар бойынша реферат жазу, қандайда бір кес-

те (диаграмма, сызба) құру.

Ғылыми əдебиеттермен жұмыс түрі – мақалалар картотекасына 

карточкалар дайындау. Əр оқушы журнал алып, оны қарап шығады 

да,  ұнаған  материалын  таңдап  алады,  содан  барып  аннатоция-кар-

точкасын толтырады.

Жұмыстың  бұл  түрінің  шеңберінде  оқушылар  ақпаратты 

мақсатты бағытталған түрде іздеуі мүмкін, ал онда ақпарат көлемі 

мүлде шектелмеген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет