Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет107/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   364
Сөзжұмбақтар. Оқушылар мен мұғалімнің бірге жұмыс жасауы, 

өзін-өзі дамытуы, өз білімін жетілдіруі, өзін-өзі бақылауы нəтижелі 

оқуға  алып  келетінін  практика  көрсетіп  отыр.  Сыныптан  тыс 

жұмыстардың  стандартты  емес  формасының  бірі – сөзжұмбақтар 

құру жəне оны шешу. Кроссвордтарды қолдану, оларды құру жəне 

шешу,  ойлау  қабілетін,  нақты  оқуды,  өз  ойын  логикалық  тұрғыда 

жеткізуді  дамытады:  көп  нəрсені  еске  түсіріп,  анықтамалық, 

оқулықпен қолдануды, фантазиясын қолдануды дамытады. Жұмысты 

жеке, жұппен немесе топпен ұйымдастыруға болады.

Сөзжұмбақтар ғылыми терминологияның ашылуына көп көмегін 

тигізеді.  Оқушыларға  «керісінше»  сөзжұмбақтар  ұнайды.  Алдын 

ала  толтырылған  кроссвордтарға  оқушылар  сұрақтар  ойластыра-

ды,  өз  сұрақтарын  қорғау  кезінде  талдауға,  салыстыруға  үйренеді. 

Мұндай əдіс көп ақпарат алуға мүкіндік береді, себебі, мұғалім оны 

толықтырады, оған бейне фильмдер, көркем өнер туындыларын, га-

зет қиындыларын қосуы мүмкін.

Олимпиадалар.  Пəндік  апталықтар,  декадалар,  айлықтар. 

Пəнаралық  байланыс  орнату  мен  пəнге  қызығушылық  арттыру-

да  үлкен  рөл  атқарады.  Олар  бір  пəн  бойынша  немесе  бірнеше 

пəн біріктіріліп өткізіледі, олар сол пəннің тығыз білім аумағымен 

байланыс  орнатады  (математика,  физика,  технология).  Оқушылар 

жаңа  материалды  тек  қана  ойын  түрінде  ғана  емес,  сонымен 

қатар,  қосымша  əдебиеттер  мен  интернет  желісін  пайдаланып, 

зерттеушілік  жұмыстар  не  болмаса,  берілген  тақырып  бойынша 

жобалық  жұмыстар  орындайды.  Берілген  тақырыптар  мен  кештер 



244

түрлі  топтағы  оқушыларды  қамтып,  əрқайсысы  өз  күштерін  қоса 

алады.  Мүмкін  тақырыптар: «Информатика  жəне  техникалық  про-

цесс», «Информатика  жəне  менің  мамандығым», «Информатика 

əскери техникада» жəне т.б. таңдалған тақырып бойынша дайындық 

бірнеше ай бұрын басталады. Декада (апталық, айлық) кезінде вик-

ториналар,  конкурстар,  конференциялар,  т.б.  шаралар  өткізіледі, 

мұның  соңы  жоғары  оқу  орындарының  ғалымдарын,  программа-

лаушыларын  шақырумен  жəне  ерекшеленгендерді  марапаттаумен 

аяқталады. 



Байқау.  Информатикадан  қоғамдық  көрмеге  барлық  оқушылар 

қатыстырылады;  əрбір  топ  апта  сайын  əртүрлі  көрсеткішпен 

бағаланады.  Нəтижесінде  пəн  бойынша  үлгерім  сапасы  мен 

үйірмеге қатысушылар саны артады. Байқау – оқушылардың жаппай 

жұмысының  жарыстық  формасы.  Олардың  міндеті – қорытынды 

жасап,  ең  жақсы  тəжірибені  тарату,  олардың  мамандандырылған 

бағытын  күшейтіп,  үйірмелер  ұйымдастыру,  оқушыларды 

шығармашылық ізденіске тəрбиелеу, сыныптан тыс, мектептен тыс 

жұмыстарға тарту.

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  тағы  бір  түрі – информатикадан 



шығарма.  Бұл  оқушылардың  информатикадан  қызығушылығын 

арттырудың  тамаша  құралы,  бұл  олардың  материалды  меңгеру 

дағдыларын  қалыптастырып,  өткен  материалды  өз  бетінше 

қайталауға үйретеді. Тапсырма ретінде оқушыларға мектеп инфор-

матика курсынан қандай да бір теореманың дəлелдеуін өз бетінше 

келтіруді  ұсынуға  болады.  Дəлелдеу  ойын  мұғалімнің  өзі  өрбітіп 

бере алады. Сонымен қатар информатикаға аса қатты қызығушылық 

танытатын оқушылармен жеке тапсырмаларды ұйымдастырып, тап-

сырып отыруға болады.

Ауызша  журнал – сыныптан  тыс  жұмыс  формасы,  ол 

оқушыларға  қажетті  ақпаратты  жеткізуге  көмектеседі,  олар – же-

келенген  тақырыптарға  ауызша  хабарламалар  болуы  мүмкін,  олар 

парақшалар ретінде ұйымдастырылады, бұл өткізілу ерекшелігімен 

айқындалады. 

Ауызша  журнал  тақырыптық  немесе  бейнелік  сипатта  болуы 

мүмкін,  яғни  бір  сұрақты,  бір  тақырыпты  немесе  түрлі  мəселелер 

кешенін бейнелейді. 

Ауызша журналды өткізудің түрлі формалары да бар: оқушыларға 

хабарлама; қонақтардың сөз сөйлеуі; сыныптық өмірдің көңілді сах-




245

налануы;  карикатуралар,  достық  шаржалар,  жəне  т.б.  Мұнда  тіпті 

мектептік медиатекада қолданыла алады. 

Ауызша журналды өткізу мұғалім тарапынан ұйымдастырушы-

лық қабілетті талап етеді. Ол оқушылардың қызығушылығын артты-

рып, журнал дайындау мен өткізу арманын тудыру керек. Мұғалімнің 

көмегі  бастапқыда  қажет  болады.  Көмек  сипаты  оқушылардың 

ауызша  журналды  өткізуіне  байланысты  өзгереді:  мұғалім  жур-

нал  мазмұнын  анықтауға  қатысады,  ал  оқушылар  оны  жүргізеді; 

оқушылар əрекеті өз бетіншілік сипатқа ие болады.

Тіпті  ауызша  журналдың  тұрақты  кеңесшісін  таңдауға  болады. 

Ол басқа пəн мұғалімдері немесе ата-аналар болуы мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет