Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет122/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   364
Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ақпарат адам үшін не болып табылады?

2. Декларативтік жəне процедуралық білім (ақпарат).

3. Ақпаратқа кибернетикалық тəсіл.

4. Адамның ақпаратты қабылдау үдерісіндегі сезім мүшелерінің 

рөлі.


Субъективті тəсіл. Ақпарат ұғымының мəнін субъективті тəсіл 

(тұрмыстық,  адамзат)  тұрғысынан  балаларда  бар  ақпарат  туралы 

интуитивті  түсініктен  бастау  керек.  Сонымен  қатар  оқушыларға 

олар жауап бере алатындай сұрақтар қою арқылы сұхбат түріндегі 

əңгімелесуге  болады.  Мұғалім  оқушылармен  бірге  əңгімелесу  ба-

рысында  мынадай  анықтамаға  келеді:  «адам  үшін  ақпарат – бұл 




290

əртүрлі  ақпарат  көздерінен  алынатын  білім».  Əрі  қарай  бірқатар 

оқушыларға белгілерге байланысты мысалдармен бұл анықтаманы 

бекіту керек.

Ақпарат анықтамасын адамдардың білімі ретінде қабылдай оты-

рып, ақпарат – бұл біздің жадымыздағы ақпараттар, сондықтан адам 

жадысы білімді сақтау құралы болып табылады. Мұндай ақпаратты 

адам меңгерген ішкі, оперативті ақпарат деп атау лайық. Бірақ адам-

дар ақпаратты тек қана өз жадында сақтап қоймайды, сонымен қатар 

қағаздағы жазбада, магниттік тасымалдаушыда жəне т.б. сақтайды. 

Мұндай  ақпаратты  сырттай  ақпарат  деп  атауға  болады  (адамға 

қатысты  алғанда).  Адам  оны  пайдалану  үшін  (мысалы,  аспаздық 

рецепт бойынша ас дайындау) алдымен оны оқуы керек, сондай-ақ 

ішкі пішініне мəн беру керек, содан соң қандай да бір əрекет жасай-

ды.


Білімді (ақпарат болуы мүмкін) жіктеу туралы сұрақ өте күрделі. 

Ғылымда  оған  бірнеше  тұжырымдар  бар.  Соның  ішінде  жасанды 

интеллект  саласындағы  мамандар  осы  сұрақтармен  айналысады. 

Базалық  курс  аясында  декларативтік  жəне  процедуралық  білімді 

бөлумен  шектелу  жеткілікті.  Декларативтік    білімді  сипаттауды 

сөзден  бастауға  болады: «Мен  білемін, ...». Процедуралық  білімді 

сипаттауды «Мен білемін, ... ретінде». Екі типті білімге де мысал-

дар келтіру жəне оқушыларға өз мысалдарын келтіруді ұсыну қиын 

емес.

Мұғалім  болашақта  оқушыларды  компьютердің  құрылысымен, 



оның  жұмысымен таныстыру үшін аталған сұрақтарды талқылаудың 

пропедевтикалық маңызын жақсы түсіне білуі керек. Компьютерде 

адамға ұқсас, ішкі-оперативті – жады жəне сыртқы – ұзақ уақытты 

–  жады  бар.  Білімді  декларативтік  жəне  процедуралық  етіп  бөлу 

компьютерлік  ақпаратты  берілгендерге  бөлумен  байланыстыру  ке-

рек – декларативтік  ақпарат  жəне  программалар – процедуралық 

ақпарат.  Адамның  ақпараттық  қызметі  мен  компьютердің  арасын-

дағы  ұқсастық  дидактикалық  тəсілін  қолдану  оқушыларға  ЭЕМ 

құрылысы мен жұмысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

«Ақпарат адам үшін – бұл білім» тұрғысынан алғанда, мұғалім 

оқушыларға иістер, дəмдер жəне тактильдік сезу адамға ақпаратты 

тасымалданатынын айта кету керек. Бұның негізі өте қарапайым: біз 

белгілік иістер мен дəмдер есімізде болса, бірден белгілік заттарды 

танимыз, яғни бұл сезім біздің жадымызда сақталады жəне ақпарат 




291

болып  табылады.  Бұдан  шығатын  тұжырым:  адам  барлық  сезім 

мүшелері арқылы ақпаратты сыртқы ортадан алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет