Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Электрондық  кестелердегі  математикалық  логика



Pdf көрінісі
бет134/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   364
Электрондық  кестелердегі  математикалық  логика.    Оқу-

шылар  математикалық  логикамен  информатиканың  негізгі 

курсында  электрондық  кестелерді  (ЭК)  оқытуда  кездеседі. 

Электрондық кестелердің тілін берілген есептерді шешуге арналған 

программалаудың  өзіндік  бір  кестелік  тілі  ретінде  түсіндіруімізге 

болады.  ЭК-де  жүзеге  асатын  есептеуіш  алгоритмдер  сызықтық 

құрылымға  ғана  емес,  сонымен  қатар  тармақталған  тіпті  циклдік 

(итерациялық  циклдер)  құрылымдарға  да  ие  бола  алады.  ЭК-

де  тармақталған  құрылым  шартты  функция  арқылы  жүзеге 

асады.  Шартты  функцияның  жазба  формасы    көбінесе  кестелік 

процессордың типіне тəуелді болады. Егер торға шартты функция 

енгізілсе,  онда  оның  есептелінген  нəтижесі  берілген  логикалық 




309

өрнектің шартына қарамастан экранға шығарылады. Əдетте шартты 

функция мынандай құрылымда болады:

IF(шарт, 1-əрекет, 2-əрекет).

Мұнда «шарт» – логикалық өрнек. Егер шарт ақиқат болса, онда 

1-əрекет орындалады, əйтпесе 2-əрекет орындалады.

Қарапайым  логикалық  өрнек  өзара  байланысты  ұсынады  (бұл 

ұғым  мəліметтер  қорында  қолданылады).  Күрделі  логикалық 

өрнек  логикалық  амалдардан  тұрады.  Электрондық  кестелер  үшін 

логикалық  өрнектің  ерекшелігі  логикалық  операциялар  функция 

ретінде  қолданылуында,  алдымен  логикалық  амалдардың  аты  жа-

зылады:  ЖƏНЕ,  НЕМЕСЕ,  ЕМЕС (AND, OR, NOT), содан  кейін 

дөңгелек  жақшаның  ішіне  логикалық  амалдар  жіктеледі.  Мысалы, 

AND  (А1 > 0,  А1 < 1) логикалық  өрнегі  0 < А1 < 1 теңсіздігінің 

математикалық жүйесіне сəйкес келеді.

Логикалық формулалар ЭК ұяшықтарында шартты функцияның 

қолдануынсыз  өзімен-өзі  орналаса  алады.  Мұндай  жағдайда  осы 

ұяшықта АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мəндері көрсетіледі. Мысалы, 

егер  талапкердің  қорытынды  емтиханнан  жинаған  баллдарының 

қосындысы С6 ұяшығында сақталып, ал институтқа өту балы 14-ке 

тең болса, онда С6>=14 формуласын D6 ұяшығына орналастырып, 

біз осы ұяшықтан егер талапкер институтқа түскен болса АҚИҚАТ 

мəнін, ал түскен жоқ болса ЖАЛҒАН мəнін аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет