Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет132/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   364
Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Логикалық шамалар, амалдар, өрнектер.

2. Деректер қорындағы математикалық логика.

3. Электрондық кестелердегi математикалық логика.

4. Программалаудағы математикалық логика.



Математикалық  логиканың  негізгі  ұғымдары.  Математика-

лық логиканың негізгі ұғымдарына келесілер жатады.



Пікір  (ой-пікір) – ақиқат  немесе  жалған  екенін  тұжырымдауға 

болатын,  мағынасы  бойынша  аяқталған  сөйлем.  Пікірлер  ақиқат 

немесе жалған болуы мүмкін.



307

Логикалық шамалар – АҚИҚАТ, ЖАЛҒАН (true, false) сөздерін 

білдіретін ұғымдар.



Логикалық  өрнектер – күрделі  немесе  қарапайым  пікірлер. 

Күрделі пікірлерге логикалық амалдар қолданылады. Формальданған 

түрде жазылған (жақшаларды, операция белгілерін, айнымалыларды, 

тұрақтыларды  қолданып)  логикалық  өрнектерді  логикалық 

формулалар деп атайды.

Логикалық  амалдар – математикалық  логикада  бес  негізгі 

логикалық  операциялары  анықталған:  конъюнкция  (логикалық 

көбейту), дизъюнкция (логикалық қосу), логикалық терiске шығару 

(инверсия), импликация, эквиваленттілік. Бұлардың алғашқы үшеуi 

амалдардың  толық  жүйесiн  құрайды,  қалған  амалдар  солардың 

салдары арқылы бейнелене (жүйелене) алады. Əдетте информатикада 

осы үш амал қолданылады.

Оқушылар логикалық амалдарды орындау ережелерін, логикалық 

өрнектердің ақиқаттық кестесін құруды білуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет