Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Мəліметтер  қорындағы  математикалық  логика



Pdf көрінісі
бет133/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   364
Мəліметтер  қорындағы  математикалық  логика.  Оқушылар 

информатиканың  негiзгi  курсын  оқуда  «Мəліметтер  қоры» 

тақырыбында  математикалық  логиканың  элементтерiмен  бірінші 

рет  кездеседi.  Реляциялық  МҚ-да  логикалық  шамалар  логикалық 

типтегі  өрiстер  болып  табылады.  Логикалық  типтегі  өрістер  басқа 

типтегі  өрiстермен  қатар  қолданылады  жəне  оқушылар  оларды 

ажырата білуді үйренуi керек.

1-мысал.  ФАКУЛЬТАТИВТЕР  реляциялық  мəліметтер  қорында 

геология,  гүл  өсіруші,  би  факультативтері  бойынша  оқушылардың 

қатысуы туралы мəліметтер бар. Оның құрылымы реляциялық тілде 

былай көрсетіледі:

ФАКУЛЬТАТИВТЕР (ОҚУШЫ, ГЕОЛОГИЯ, 

ГҮЛ ӨСІРУШІ, БИ).

ГЕОЛОГИЯ,  ГҮЛ  ӨСІРУШІ  жəне  БИ  өрістері  логикалық 

типте  болады.  Əрбiр  өрiс  үшiн  АҚИҚАТ  белгісі  оқушылардың 

осы  факультативтерге  қатысқанын  білдірсе,  ал  ЖАЛҒАН  белгісі 

қатыспағанын білдіреді.

Логикалық  өрнектер  мəліметтер  қорының  сұраныстарында 

ақпаратты іздеу шарты ретінде қолданылады. Мəліметтер қорында 

қолданылатын  логикалық  өрнектердің  анықтамасын  былай 



308

басқаша айтуымызға болады: логикалық өрнектер – бұл мəліметтер 

қорындағы өрістердің маңызы туралы пікір, бұл əр түрлі жазбаларға 

қатысты жалған немесе ақиқат болатын пікір.

Негізгі  мəселе – оқушыларды  іздеу  шарттарын  логикалық 

өрнектер  түрінде  формальды  ұсынуға  үйрету.  Мысалы, «бесінші 

сөреден жоғары жатқан барлық кітапты табу» сөйлемінен СӨРЕ>5 

логикалық  өрнегіне  өту  керек  немесе  «физика  бойынша  барлық 

үлгермей қалғандарды таңдау» шартын ФИЗИКА<3 түрінде көрсету 

немесе «жаңбыр жауған  барлық күнді таңдау» сөйлемін ЖАУЫН-

ШАШЫН=жаңбыр түрінде ұсыну.

Күрделі 


шарттарды 

іріктеулерде 

логикалық 

амалдар 


қолданылады.  Шарттардың  дұрыс  жазылуы  үшін  амалдардың 

үлкендігін ескеріп, жақшаларды дұрыс қойып шығу керек. 

2-мысал. КІТАПХАНА мəліметтер қорында жеке кітапханадағы 

кітаптар  туралы  мəліметтер  қаралады.  Оның  құрылымы  келесідей 

болады:

КІТАПХАНА (НӨМІР, АВТОР, АТАУ, ЖЫЛ, СӨРЕ)

2-ші  сөреден 5-шi  сөреге  дейін  орналасқан  М.  Əуезов  пен  М. 

Мағауиннің барлық кiтаптарын таңдау  керек. Логикалық өрнек осы-

лай жазылады:

(АВТОР = «М.Əуезов» немесе АВТОР = «М.Мағауин») жəне 

СӨРЕ>=2 жəне СӨРЕ<=5.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет