керек;
– өңдеу алгоритмдеріне мысалдар келтіре білуді үйренуі керек;
– тапсырмалар типімен сəйкесінше ақпаратты өңдеудің
нұсқаларын таңдау үшін алған білім жəне біліктіліктерін
күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі
керек.
11.3 Ақпаратты тарату үдерісі
Ақпаратты тасымалдау үдерісін сипаттаудағы кілттік ұғымдар:
ақпарат көзі, ақпарат қабылдағыш, ақпараттық арна болып табы-
лады. Бұл үдеріс схема түрінде 11.2-суретте бейнеленген.
Мұндай үдерісте ақпарат қандай да бір сигналдардың,
символдардың, белгілердің тізбектілігі түрінде көрсетіледі жəне та-
сымалданады. Мысалы, адамдар арасындағы əңгімелесу барысында
дыбыстық сигналдарды – сөзді тасымалдау жүзеге асырылады, адам
мəтінді оқуда əріптерді – графикалық символдарды қабылдайды.
Ақпарат көзінен қабылдаушыға дейін хабарлама материалдық орта
(дыбыс – атмосферадағы акустикалық толқындар, сурет – жарық
электромагниттік толқындар) арқылы тасымалданады. Егер тасы-
328
малдау үдерісінде байланыстың техникалық құралдары пайдала-
нылса, онда олар ақпаратты тасымалдаушы арналар (ақпараттық ар-
налар) деп аталады. Оған телефон, радио, теледидар жатады.
Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы – бірлік уақытта тасымал-
данатын хабарламаның ақпараттық көлемі. Сондықтан ақпараттық
ағымның жылдамдығын өлшеу бірлігі: бит/с, байт/с, жəне т.б.
ljáǸǩǹǩǻ
dzåǰȎ
ljáǸǩǹǩǻǻȄá
ǩǹǶǩ
ljáǸǩǹǩǻǻȄ
áǩǪȄǴǭǩǼȁȄ
Достарыңызбен бөлісу: |