күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі
керек.
Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар
1. «Ақпарат» ұғымын анықтаудың күрделі мəселе болуының
себебі неде? Ақпарат анықтамасын анықтауда қандай тəсілдер пай-
даланылуы мүмкін?
2. Мектеп оқулықтарында ақпарат жəне ақпараттық үдерістер
сызығының мазмұны қалай дамиды?
3. Оқушыларға декларативті жəне процедуралық білімдер
арасындағы айырмашылықты қалай түсіндіру керек?
4. «Хабарламаның ақпараттылығы» ұғымын енгізудің əдістеме-
лік мағынасын түсіндір?
5. Ақпарат анықтамасы мен өлшеміне мазмұндық тəсіл
тұрғысынан шектелу неліктен? Бұл фактіні оқушыларға қандай мы-
салдар арқылы түсіндіру мүмкін?
6. Оқушыларға ақпараттық техникада ақпаратты өлшеуге
алфавиттік тəсіл қолданылатындығын қалай түсіндіру керек?
7. Ақпаратты өлшеу бірлігінің келесідей анықтамасын қабылдау
қандай салдарға əкелуі мүмкін: «білімнің анықталмағандығын 10
ретке азайтатын хабарлама 1 бит деп аталатын ақпарат бірлігіне
тең». Талқылаңыз.
8. Ақпарат ұғымының ықтималдылығын оқушыларға ашудың
əдістемелік мəселесі неліктен? Оларды қалай жеңуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |