сақтау орны».
оның тасымалдаушысы – ми.
325
техниканың дамуы магнитті, оптикалық жəне басқа қазіргі ақпарат
тасымалдаушылар түрлерін жасауға əкелді.
Ақпаратты сақтаушы – бұл сыртқы тасымалдауда арнайы
ұйымдастырылған, ұзақ уақыт сақтауға жəне күнделікті пайдалануға
арналған ақпарат. Сақтаушы мысалдары құжаттар мұрағаттары,
кітапхана, анықтамалықтар, картотекалар болып табылады.
Сақтаушының негізгі ақпараттық бірлігі арнайы физикалық құжат
болып саналады: сауалнама, кітап, іс, жинақ, есеп жəне т.б. сақтауды
ұйымдастыру ретінде арнайы құрылымның болуы түсіндіріледі,
яғни реттелген, сақталынатын құжаттардың жіктелуі. Мұндай
ұйымдастыру сақтауды енгізудің ыңғайлылығы үшін қажет: жаңа
құжаттармен толтыру, керек еместерін алып тастау, ақпаратты іздеу
жəне т.б.
Ақпаратты сақтаушының негізгі қасиеттері: сақталынатын
ақпараттың көлемі, сақталу беріктілігі, қолжетімділік уақыты (яғни,
қажетті мəліметтерді іздеу уақыты), ақпаратты қорғаудың болуы.
Компьютер жады құрылғысында сақталынатын ақпаратты
мəліметтер деп атау келісілген. Компьютерде мəліметтерді сақтаудың
сипаттамасы үшін тасымалдаушы, мəліметтерді сақтаушы,
мəліметтерді ұйымдастыру, қолжетімділік уақыты, мəліметтерді
қорғау ұғымдары пайдаланылады. Компьютердің сыртқы жады
құрылғысында мəліметтерді ұйымдастырылған сақтаушыны база
жəне мəліметтер қоры деп атау ұсынылған.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– «ақпараттық үдеріс», «ақпарат тасымалдаушы», «берілгендер»
ұғымдарын, «ақпаратты тасымалдаушылар» түрлерін
білуі керек;
– əртүрлі ақпарат тасымалдаушыларға мысалдар келтіре білуді
Достарыңызбен бөлісу: