Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет258/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   364
Зертханалық тəжірибе

Тақырып: «Қоғамдағы ақпараттық технологиялар».

1-сабақ

Тақырып: «Информатика тарихын оқып-үйренудің əдістемелік 

ерекшеліктері».



Дидактикалық мақсаты: информатиканың тарихи аспектілерін 

оқып-үйренудің əдістемелік аспектілерін бейнелейтін жалпы кəсіби 

дайындықтың білімдік компонентін игеру.

Оқытуды ұйымдастыру формалары: сараланған-топтық.

Оқыту  технологиялары  мен  əдістері:  жағдаяттық  есептерді 

шешу əдісі.



Оқыту құралы: оқу-əдістемелік əдебиеттер [1,2,3,4,5].

Студенттердің алдын-ала дайындығы: информатиканың тари-

хи аспектілерін оқып-үйренудің əдістемелік тəсілдерімен танысты-

ру.

Теориялық мəліметтер

Пікірталас-семинар – информатика курсының теориялық жəне 

тəжірибелік  мəселелерін  бірігіп  талқыланатын  жəне  шешілетін 

оқушылардың сұхбаттық қарым-қатынасы.

Пікірталас-семинардың 

бөлшегі 

іскерлік 

ойындардың 

элементтері болуы мүмкін. Бұл нұсқада семинар ғылыми талқылауда 

қатынасатын  адамдардың  нақты  көзқарасын  бейнелейтін  рөлдік 

жағдайда жүргізіледі.

Мысалы, семинарда екі оқушының келесідей рөлдерін енгізуге 

болады:


 

– семинар жетекшісі айтылған ойлардың нақтылығы салдарын 

бақылайды жəне т.б.

 

– оппонент  немесе  рецензент  баяндаушының  көзқарасын 

түсіндіреді,  баяндаушының  баяндамасындағы  келіспейтін,  дау 

туғызатын    мəселелерді  айта  отырып,  сəйкесінше  оның  дұрыс 

шешімін ұсынады;

 

– логика  баяндаушының  баяндамасы  мен  оппоненттің  пікірін-

дегі  қарама-қайшылықты  жəне  логикалық  қателіктерді  көрсетеді, 



449

ұғымды нақтылайды, дəлелдеменің барысын талдайды, болжамның 

дұрыстығын тексереді жəне т.б.;

 

– психолог 

өзара 

əрекеттің 



өнімділігін, 

пікірталастың 

дұрыстығын  жəне  сұхбаттың  ережесін  сақтауды  бақылайды  жəне 

т.б.;


Сарапшы 

пікірталастың 

өнімділігін 

бағалайды, 

оның 

қатысушыларына  сипаттама  береді,  пікірталасқа  қатысушылардың 



пікірлеріндегі жеке тұжырымдарды айтады.

Пікірталас-семинарда  маңызды  рөл  мұғалімге  беріледі: 

1)  пікірталасқа  түсетін  мəселелер  мен  сұрақтардың  шеңберін 

анықтайды; 2) баяндаушылар мен пікірталасқа түсушілерге семинар 

тақырыбы  бойынша  негізгі  жəне  қосымша  əдебиеттерді  ұсынады; 

3) ұжымдық жұмысқа жоғары сынып оқушыларының қатысуы мен 

қызметінің  формасын  бөледі; 4) оқушыларды  рөлге  қатысуға  да-

йындайды; 5) семинар  жұмысына  жетекшілік  етеді; 6) пікірталас 

қорытындысын шығарады.

Пікірталас-семинар  барысында  мұғалім  сұрақтар  қояды,  жеке 

ескетулер жасайды, оқушылар хабарламасының негізгі мəселелерін 

нақтылайды, қарама-қайшылықтарды тіркеп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет