Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет63/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   364
6-ТАРАУ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ 

КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ (АКТ) 

ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері

Жалпы  білім  беру  мектептерінде    қазіргі  АКТ  экспансия-

сына  алып  келетін  білім  беруді  ақпараттандыру  оқушылар  мен 

мұғалімдердің  қызмет  түрлері  мен  əдістерін  өзгертеді.  Алайда, 

мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын меңгеру деңгейлері 

əртүрлі болады.

Неғұрлым  АКТ-ні  жақсы  меңгеретін  мектептегі  педагогикалық 

ұжымның  бөлігі,  яғни  өз  кəсібіне  байланысты  информатиканың 

əдістері мен тəсілдерін оқып, қолдана алатындар – бұл информатика 

мұғалімдері.

Практика  көрсететіндей,  мектептегі  білім  жүйесіне  жаңа 

дидактикалық идеяларын енгізілуімен қатар, АКТ-ні енгізу үдерісі 

жаңа, тіпті күтпеген идеяларды тудыруға мүмкіндік жасайды, сон-

дай идеялар бекітілген оқыту үдерісінің формалары мен əдістеріне 

əсер етеді. Сондай-ақ АКТ тəсілдерін оқу-тəрбие үдерісіне енгізілуі 

дидактикалық принциптерге негізделуі керек.

Ақпараттық  жəне  коммуникациялық  технологиялар  тиімді 

ақпараттық ортаны жасауға мүмкіндік береді, ол түрлі əдістемелік 

оқыту жаттығуларын орындауда қолданылады.

Бұл АКТ анықталған дидактикалық мүмкіндіктерді қамтитынын 

білдіреді. Олар [1]:

 

– оқушылар  мен  АКТ  құралдарының  арасында  кері  байланыс 



тоқтамайды;

 

– объектілер,  үдерістер  мен  құбылыстар,  шын  өтілетіндермен 



қатар  виртуальды  құбылыстар  туралы  оқыту  ақпаратының 

компьютерлік визуализациясы;

 

– үлкен көлемді ақпаратты сақтау жəне оған оңай кіру мүмкіндігі;



 

– оқытылатын немесе зерттелетін құбылыстар мен үдерістерді 

компьютерлік модельдеу;

 

– есептеуіш,  ақпаратты  іздеу  қызметтері  үдерістерінің  автома-



тизациясы, оқыту тəжірибесінің нəтижелерін өңдеу;


143

 

– оқыту  қызметінің  басқару  үдерістерін  автоматтандыру  жəне 



оқу материалын меңгеру нəтижелерін бақылау;

Төменде  айтылатын    мүмкіндіктерді  айқындау  оқушылардың 

ақпаратттық  қызметінің  жаңа  түрлерін  ұйымдастыруға  мүмкіндік 

береді:


 

– құбылыстар,  үдерістер  сондай-ақ  шын  өтіліп  тұратын 

құбылыстар  туралы  зерттелетін  ақпаратты  тіркеу,  жинау,  сақтау, 

өңдеу жəне алуан түрлі, кең көлемді ақпаратты жіберу;

 

– əр түрлі объектілер мен үдерістердің, құбылыстардың моделін 



экранында бейнелеуді басқару;

 

– түпнұсқалық ақпараттық өнімді ашу;



 

– интернет желісіндегі ақпараттық ізденіс жəне ақпараттық бай-

ланыс;

 

– аудиовизуалдық  жəне  компьютерлік  оқу  құралдарымен 



интерактивті сұхбат құру;

 

– оқу  қызметінің  нəтижелеріне  өзіндік  автоматтандырылған 



бақылау жасау.

Ақпараттық 

жəне 

коммуникациялық 



технологиялардың 

дидиктикалық  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру,  білім  алушылардың 

оқу  үдерісіне  ақпараттық  қызметтің  жаңа  түрлерін  қосу  арқылы 

оқытудың инновациялық модельдерін ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет