Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет60/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   364
оқытуға қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дəйектілігі сол 

кезеңдегі  білім  беру  үдерісінің  жағдайына  сəйкес  жəне  жоғарыда 

көрсетілген төртінші кезеңге толықтай сай.  Əрі сол уақыттағы Ре-

сей  стандартының  негізгі  тұғырнамалары  ешбір  өзгеріссіз  қайта 

тұжырымдалды [36, 37].

Қазақстан  Республикасы  үшін  информатиканы  оқытудың 

əдістемелік  жүйесінің  келесі  даму  кезеңі,  мектеп  информатика-

сын  оқытуды  іргелендірудің  жалпы  білім  беретін  мəнін  артты-

румен  сипатталуы  қажет.  Осыған  байланысты  болашақта  мек-

теп  информатикасының  іргелі  негіздерін  бөліп  көрсету  бойынша, 

оқушылардың  жас  ерекшелігіне  байланысты  оқу  материалының 

мазмұнын бейімдеу жəне оқу уақытының нормативін бейімдеу бо-

йынша,  курсты  құрастырудың  өзегін  анықтау  бойынша,  пəнішілік 

жəне  пəнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  бойынша  іздену 

жұмыстарын жүргізу қажет.

«Информатика»  оқу  пəнінің  мазмұнының  ядросы  келесі  жал-

пы  білім  беретін  информатика  курсының  ұйымдастырушы  өзара 

байланысқан  мазмұндық  желілерін  құрайды:  ақпаратты  бейне-



136

леу  жəне  ақпараттық  үдерістер,  компьютерлер,  ақпараттық  тех-

нологиялар,  алгоритмдеу,  формальдау  жəне  модельдеу,  телеком-

муникация,  əлеуметтік  информатика  мəселелері.  Бұл  мазмұндық 

желілер  информатиканың  жалпы  білім  беру  саласының  мазмұны 

өзегі болып табылады, сондықтан да оқу пəнінің басыңқы бағдары 

информатиканың  базалық  жəне  кəсіптік  курстарында  мазмұндық 

желілердің қиындық деңгейін арттыра отырып, оқытуды қамтамасыз 

ететіндей  концентрлі  болып  табылады.  Бұл  сөзсіз  мектеп 

информатикасының іргелі маңызын жоғарылатуға оң əсерін тигізді 

жəне нəтижесінде осы оқу пəнін оқытуды іргелендіруге алып келді.

Информатика – тез  дамитын  ғылым.  Сондықтан  осы  ғылым 

саласының кейбір жаңа ұғымдары, мысалы компьютер архитектура-

сын дамытумен тікелей байланысты, информатика пəні мазмұнының 

өзегіне  жататын  параллель  есептеулер  ұғымы,  негізгі  қалаушылар 

бола  алады,  жəне  осы  ұғым  негізінде  информатика  бойынша  мек-

теп білім беру мазмұны мен оқытудың əдістемелік жүйесіне іргелі 

кəсіптік курс ретінде параллель есептеулер элементтерінің курсын 

қосу табиғи əрі мақсатқа сай болады.

Информатика бойынша барлық оқулықтар авторларының мектеп 

информатика курсының негізгі мақсатын түсінуі бір-біріне өте жақын 

болғанымен, олардағы мектеп курсының тұжырымдамасы, баяндау 

мазмұны  мен  тереңдігінің  біршама  айырмашылығы  бар.  Бүгінде 

информатикадан қолданылып жүрген мектеп оқулықтарына талдау 

жүргізе отырып, орта мектепте информатиканың үздіксіз курсының 

барлық  тақырыптарын  қарастыратын  оқулықтың  осы  күнге  дейін 

жоқ  екендігіне  көзіміз  жетті.  Сонымен  қатар,  оқулықтағы  оқу 

материалдарының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сəйкессіздігі, 

оқу  ақпаратының  көптігі  немесе  жеткіліксіздігі,  бір  оқулық 

шеңберінде, əсіресе мемлекеттік тілде терминдердің бірыңғайлығы 

мен үйлесімділігінің болмауы, оқу материалын баяндау логикасының 

бұзылуы салдарынан мектепте информатиканы оқытуды іргелендіру 

мақсатында оқу ақпаратын қайта өңдеу, құрылымдау жəне жүйелеу 

қажет [35, 36].

Осылайша 11-жылдық  білім  берудегі  мектеп  информатика 

пəнінің  мазмұны  мен  оны  оқытуды  талдай  келе, 12-жылдық  білім 

берудегі  мектеп  информатика  пəнінің  мазмұны  мен  оны  оқытудың 

əдістемелік жүйесін жасауда:

 

– Қазақстан Республикасында информатика мен оны оқытудың 




137

əдістемелік  жүйесінің  дамуы  мектеп  информатикасын  оқытуды 

іргелендірудің  жалпы  білім  беретін  маңызын  күшейтумен  сипат-

талуы  қажет.  Осыған  байланысты  алдағы  уақытта  «информатика» 

пəнінің мазмұны мен оны оқытудың əдістемелік жүйесін жасау ба-

рысында мектеп информатика курсының іргелі негіздерін анықтауға 

арналған  ізденіс  жұмыстарын  оқушылардың  жас  ерекшелігіне 

қарай оқу материалының мазмұнын бейімдеу жəне оқу уақытының 

нормативімен,  курс  құрылымының  негізгі  өзегін  анықтау,  соны-

мен қатар пəнішілік жəне пəнаралық байланыстарды жүзеге асыру 

мəселелері бойынша жүргізілуі қажет;

 

– Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді 



дамыту  тұжырымдамасында  информатиканы  ерте  бастан  оқыту 

қарастырылған,  сондықтан  информатика  пəнін 2-3 сыныптардан    

бастап енгізу қажет;

 

– информатика бойынша бастауыш, базалық жəне кəсіптік білім 



беру мазмұны мен оны оқытудың əдістемелік жүйесін жасау бары-

сында пəндік тұтастықты сақтау қажет; 

 

– информатиканы  ертерек  (бастауыш  сыныпта)  оқытуға 



арналған  информатика  оқулықтарының,  жұмыс  дəптерлерінің  бар 

болуына  қарамастан  (мысалы,  Е.  Ы.  Бидайбеков,  А.  Б.  Ибашова, 

С.  Т.  Мұхамбетжанова,  Г.  К.  Нурмуханбетованың 3-сыныпқа 

арналған «Балбөбек ақпарат əлемінде» жұмыс дəптері, Г. А. Абдул-

каримова,  А.  Е.  Сағымбаева 3-4 сынып  оқулықтары [29-35] жəне 

Е. Қ. Балафанов, Б. Б. Бөрібаев, С. Т. Мұхамбетжанова, Г. С. Кабу-

лова, Б. А. Айтбақина, Ғ. Б. Мамырбек т.б. «Ақпараттық мəдениет 

негіздері» 1-4 сыныптарға  арналған  жұмыс  дəптері  жəне  т.б.), 

оларды бастапқы жалпы білім берудің мазмұны мен оны оқытудың 

əдістемелік жүйесіне сəйкес қайтадан қарап шығу, «Информатика» 

оқу  модулі  шеңберінде  бастауыш  мектепте  информатиканы  оқыту 

мазмұнын іріктеу қажет;

 

– информатиканың  мазмұнын  анықтауда  жəне  оны  оқытудың 



əдістемелік  жүйесін  жасауда  Қазақстан  Республикасының 

ерекшеліктері  ескеріліп,  яғни  мəдени  бейімділіктің  дидактикалық 

принциптері,  оқушыларды  оқыту  мен  тəрбиелеуде  Қазақстан 

Республикасының ұлттық мəдениет элементтерін неғұрлым көбірек 

қолдану  қажет.  Осы  айтылғандарды  ескерсек,  информатика  пəні 

оқушылардың  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастыруға,  ұлттардың 

өзіндік  ерекшеліктерін  жете  түсінуге,  халықтар  мен  ұлттардың 

əлемдік мəдени бірлестігіндегі орнын түсінуге мүмкіндік туғызады;




138

 

– мектеп  информатикасы  бойынша  терминдердің  мемлекеттік 



тілдегі бірлігіне қатаң бақылау қажет;

 

– мектептің жоғарғы сатысында кəсіптік оқытуды енгізуге бай-



ланысты қазіргі уақытта информатикадан оқулықтаруға негізделген 

кəсіптік  жəне  таңдамалы  курстар  бағдарламасы  шеңберінде 

практикалық  қызметке  дайындауға  бағытталған  информатиканың 

іргелі, қолданбалы кəсіптік курстарын жасалып, ақпараттық техно-

логиялар саласында білімді тереңдетуге көңіл бөлу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет