Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Информатикадан оқушылардың білімін бақылау



Pdf көрінісі
бет83/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   364
7.4 Информатикадан оқушылардың білімін бақылау 

жəне бағалау əдістері

Заманауи  педагогикада  бақылаудың  алдын  ала;  ағымдық; 

тақырыптық;  аралық  (кезеңдік);  жинақтық;  қорытынды  бақылау 

сияқты түрлері кездеседі:



Алдын  ала  бақылау  оқушының  бастапқы  танымдық  əрекетінің 

деңгейі туралы мағұлмат алуы үшін, сондай-ақ жеке пəндерді оқыту 

алдында өткізіледі. Мұндай бақылаудың қорытындылары оқушылар 

қауымын жаңа оқу үдерісіне бейімдеуге қолданылуы мүмкін. 

Кейбір мұғалімдер алдын ала бақылауды жаңа тақырыпты өтерде 



192

жəне не тоқсанның, оқу жылының  басында жүргізеді. Оның мақсаты 

–  оқушылардың  жаңа  пəнге  дайындық  деңгейін  анықтау.  Мұндай 

тексерулер  жүргізу  негізінде  пəннің  қазіргі  оқытылу  деңгейін, 

оқушылардың білімі мен оның көлемінің деңгейін анықтайды. Осы 

алынған мəлімет негізінде мұғалім қайталайтын, алдын ала түсінік 

жүргізетін материалды жоспарлайды, осы нəтижелерге сүйене оты-

рып, оқушылардың оқу танымдық əрекетін одан əрі ұйымдастырып, 

жетілдіреді.  

Ағымдық бақылау күнделікті оқу жұмысында жүзеге асырылады 

жəне мұғалім əр оқушының оқу-танымдық əрекетін қадағалап оты-

рады. Оның негізгі мəні оқушының білім деңгейін  сабақта жүйелі 

бақылау  мен  күнделікті  оқу  жоспарын  қадағалау  болып  табыла-

ды. Оны тағайындаудың бастысы – оқушыларды сабақ барысында 

оқу-тəрбие  жұмыстарына  жəне  оқушылардың  білім  деңгейлерінің 

жағымды мағлұмат, нақты деректер алу жəне сабақтағы оқу-тəрбие-

леу жұмысының сапасын анықтау. Сабақ үстінде оқушылардың оқу 

материалын  меңгеруі,  біліктілік  пен  дағдыларының  қалыптасуы 

жайлы  ақпарат  оқу  жұмысында  мұғалімнің  ұтымды  əдіс  тəсілді 

таңдап алуына көмектеседі. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай оқу 

материалдарын  дəл  жеткізу,  оқушылардың  оқу  жұмысының  тиімді 

түрін таба білу, олардың оқу əрекетіне үнемі жетекшілік жасау, оқуға 

ынтасын оятып, белсенді назарын аударту қажет.      



Тақырыптық (мерзімді) бақылау. Бір сабақ қана емес, бірнеше 

сабақ бойы оқушылардың білім, біліктіліктерін бақылау мен бағалау 

мерзімді бақылауды қамтамасыз ету. Оның мақсаты – оқушылардың 

белгілі  білім  жүйесін  қаншалықты  жетілікті  меңгергенін  анықтау, 

олардың жалпы меңгеру деңгейі қандай, оның бағдарлама талапта-

рына  қаншалықты  жауап  беретіндігі  жайлы  ақпарат  алу.  Мерзімді 

бақылау  толық  курсты,  яғни  оқу  материалының  логикалық  біткен 

бөлігін оқытудан кейін жүргізіледі. Егер сабақтар жүйесі бойынша 

белгілі  бір  тақырыпты  қамтитын  материалдар  тексерілетін  болса, 

онда ол тақырыптық бақылау болып табылады. Оның мақсаты – оқу 

пəнінің  əрбір  тақырыбы  бойынша  оқушылардың  білімін  тексеру 

жəне бағалау, бір тақырыпта қамтылған ұғымдар, тұжырымдардың 

қалай меңгерілгендігі жəне олардың арасындағы маңызды байланыс-

тар, құбылыстар мен үдерістер арасындағы қатынастарды анықтау 

болып табылады.   

Осындай  тексерулер  барысында  оқушылар  логикалық  ойлауға, 




193

материалды жалпылауға, оны талдауға, сонымен қатар  материалдың 

негізі мен маңызын таба білуге машықтанады. Бақылаудың төмендегі 

түрлері ерекшеленеді: 

 

– оқушыға  бұрынырақта  алған  бағасын  түзетуге,  материалды 



қайта  тапсыру  мүмкіндіктерімен  қамтамасыз  етіледі,  дайындауға 

арналған қосымша уақыт пайдалануына беріледі;

 

– соңғы бағаны қоюда мұғалім орта баллға сүйенбейді, оны тек 



есепке алады, тек алдыңғы бағаны теріске шығаратын бағаны есепке 

алады, бұл бақылаудың əділеттілігін көрсетеді;

 

– өз біліміне жоғары баға алу мүмкіндігін туғызады.



Білімді нақтылау жəне тереңдету оқушы іс əрекетінің мотивация-

сы болады, оның қызығушылығы мен ынтасын көрсетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет