Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет84/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   364
Аралық  бақылау – оқу  материалының  келесі  бөлігіне  көшу, 

алдыңғы бөлікті игерумен тығыз байланысты болған жағдайда əрбір 

оқушының жетістігін анықтауға арналады.

Жинақтық бақылау – курс бойынша емтихан өткізу. Бұл өтілген 

курс  бойынша  оқыту  қорытындысы,  ол  оқушының  алдағы  оқу 

үдерісіндегі қабілетін танытады. 

Қорытынды бақылау – мектептегі бітіру емтихандары, жоғары 

оқу  орындарында  түлектік  жұмысты  қорғау,  мемлекеттік  емтихан-

дарды тапсыру [55]. 

Информатика курсы бойынша бақылаудың дəстүрлі ауызша, жаз-

баша, программалық жəне тесттік бақылау түрлері қолданылатыны 

белгілі.


Ауызша бақылау түрі əрбір сабақта оқушының сабақ тақырыбын 

қалай  меңгергендігін  қысқаша  бақылау  ретінде  өткізіледі. 

Бақылаудың  жазбаша  түріне  бақылау  жұмыстары,  диктанттар,  ре-

фераттар, карточкалар, тəжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жата-

ды. Педагогикалық ғылымда бақылаудың программалық түрі негізгі 

орын  алады.  Информатика  курсында  программалық  бақылауға 

есептер  шығару,  бақылау  жəне  зертханалық  жұмыстар,  əр  түрлі 

жоба сызбалар жатады. Программалық бақылау мұғалім мен оқушы 

арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табы-

лады. Əрбір оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды 

күтпей,  келесі  тақырыпты  оқи  береді,  яғни  оқыту  саралап  оқыту 

сипатына  ие  болады.  Оқушы  дұрыс  жауап  бермеген  жағдайда 

пəннің  меңгерілмеген  тақырыптарын  қайта  оқуға  мүмкіндік  ала-

ды.  Бірақ  көптеген  мектептерде  материалдық-техникалық  базаның 




194

жоқтығына байланысты программалық бақылау көп таратылмаған. 

Сонымен  қатар,  бүгінгі  күнде  оқушылардың  білімін  бақылауда 

кеңінен қолданылып жүрген əдістердің бірі – тестік бақылау болып 

табылады. Тестік бақылау – оқушының жетістіктерін неғұрлым əділ 

бағалауға мүмкіндік беретін, арнайы жасалған ғылыми-ұтымды про-

цедура болып табылады. 

Тест – оқушының  бiлiмiн,  біліктілігі  мен  дағдысын  тексерудiң 

немесе  оқушы  бiлiмiнiң  белгiлi  бiр  сапалық  қасиетi  бар-жоғын 

тексерудiң  ерекше  түрi  болып  табылады. «Тест» (ағылшынша 

Test-байқау,  зерттеу,  сынау) – психология  мен  педагогикада 

сыналушының  бiлiм,  біліктілігін  жəне  дағдысын,  сонымен  қатар 

психофизиологикалық жəне өзiндiк сипаттамаларын стандартталған 

тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу [54, 56]. 

Тест – қысқа жауап беру немесе берiлгендерден дұрыс жауапты 

таңдауды  талап  ететiн  көп  тапсырмалар  беруге  негiзделген  бiлiмдi 

əдiл жəне бiрыңғай тексерудi қамтамасыз ететiн оқушы бiлiмi мен 

iскерлiгiн бақылаудың бiр түрi.

В.  П.  Беспалько  тест  тапсырмаларын  бiлiмге  қойылатын 

талаптарға  сəйкес  деңгейлерге  бөлiп,  төмендегідей  тесттің 

4-деңгейін: 

I-деңгейдегi  тесттер  оқушылардың  танысу  деңгейi,  оқушы 

объектiнi  басқа  ұқсас  объектiлерден  ажырата  алуы,  түсiнiктеме 

көмегiмен  бiлiктiлiгiн  тексеруге  арналған  тапсырмалар.  Бұларға 

жататындар  ерекшелiгiне  байланысты  ажыратуға  берiлетiн 

танымдық  тапсырмалар. I-деңгейдегi  меңгерудiң  сапасын  тексе-

ру  үшiн  төмендегiдей  тесттер  қолданылуы  керек:  альтернативтi 

(тануға бағытталған), таңдап алу (айырмашылыққа), салыстырмалы 

(классификацияға бағытталған);

II-деңгейдегi  тестер  оқушының  оқу  объектiсiнiң  қасиеттерi 

жəне ерекшелiктерi туралы ақпаратты зердеде сақтау немесе түсiну 

дəрежесiнде  қабылдау  əрекетiмен  сипатталады.  Бұған  жататындар 

тапсырмаларда арнайы араласып кеткен құрамды бөлiктерiн орнына 

қоюға арналған, конструктивтi тестер, есеп жауабын өз бетiнше ой-

лап шығарылатын есептер жатады;

III-деңгейдегi  тестер  оқушылардың  еңбекке  дайындығын 

бақылауға  арналған,  яғни  оқушылар  алған  бiлiмiн  iс  жүзiнде 

қолданып жаңа ақпарат алуына бағытталған тапсырмалар; 

IV-деңгейдегi тестер оқушылардың шығармашылық бiлiктiлiгiн, 



195

олардың  жаңа  ақпаратты  қабылдауға  ыңғайлы  зерттеу  мүмкiндiгiн 

анықтауға арналған тапсырмалар деп атап көрсетеді [41]. 

Тест  тапсырмаларының  мынадай  негiзгi  классификациясы 

белгiленген:

 

– тапсырмалардың  жабық  түрi,  оқушы  тест  тапсырмаларының 



iшiнен дұрыс жауапты таңдайды;

 

– ашық  түрдегi  тапсырмалар,  орындау  кезiнде  жауапты  өз 



бетiнше тұжырымдау; 

 

– сəйкестiкке  тапсырма,  екi  жиын  элементтерi  арасында 



сəйкестiк орнату арқылы орындау;

 

– дұрыс тiзбек құруға тапсырма, сыналушыдан амалдар немесе 



үдерістердiң орындалу тəртiбiн көрсету талап етiледi.

Тапсырманың  түрiн  таңдап  алу  бақылайтын  материалдың 

мазмұнына жəне тестiлеу мақсатына тəуелдi болады. Бұл бақылаудың 

төрт  түрi  негiзгi  түрлерi  болып  табылады.  Тест  тапсырмаларының 

əртүрлiлiгiне  қарамастан  оларға  қойылатын  жалпы  талаптарды 

бөлiп көрсетуге болады:

 

– оқушы  қолданатын  ақпарат  көзiне  дəлме-дəл  сəйкес  келуi. 



Тапсырманың  тұжырымдамасы  жеткiлiктi  түрде  сыналушы 

алдындағы мəселенi түсiндiруi, яғни тiл жəне терминдер, белгiлеу, 

графикалық бейне жəне тапсырманың безендiрiлуi жəне оған жауап 

сөзсiз бiрмəндi, оқушыға түсiнiктi болуы керек.  

 

– таңдалған тестiлеу стратегиясында белгiленген тапсырманың 



қиындығының əдiл бағасына сəйкес əрбiр тапсырманың өзiнiң реттiк 

нөмiрi болады;

 

– логикалық түрде айтылған тапсырма тұжырымдар, оқушы жа-



уабына тəуелдi ақиқат немесе жалған болады;

 

– тапсырманың  негiзгi  мəтiнi  жетi-сегiз  сөзден  аспауы  жəне 



бiрден кем емес бағыңқы сөйлемнен тұруы қажет;

 

– өңделген тапсырмаға дұрыс жауап эталоны көрсетiледi;



 

– бiр  тест  тапсырмасын  орындауға  бiр-екi  минут  қана  уақыт 

кетуi керек.

Тарихи  тұрғыдан  тапсырманың  жабық  түрi  бiрiншi  болып 

есептеледi,  дайын  жауаптың  iшiнде  бiр  дұрыс  жауабы  болады, 

ал  қалғандары  дұрыс  емес.  Олар 20-жылдың  басында  қолданыла        

бастады  жəне  тапсырманың  жабық  формасы  деген  атқа  ие  болды. 

Жабық  тапсырманың  дұрыс  емес  жауабы  дистрактор  деп  аталады. 

Дистрактордың  саны  тапсырманың  түрiмен  анықталады,  ол  бес-



196

тен аспауы керек. Егер бiлетiн оқушылар оны дұрыс орындаса, ал 

бiлмейтiндер қате жауапты таңдаса, тестiк тапсырма «жақсы жұмыс 

iстейтiн» деп есептеледi. Бiрақ, тапсырма орынды тұжырымдалған 

болу  үшiн  бұл  шарт  əлi  жеткiлiктi  емес.  Тапсырманың  жабық 

түрiнiң  жетiстiктерiмен  қатар  кемшiлiктерi  де  бар.  Оның 

жетiстiгiне  тестiлеудiң  көп  уақыт  алмайтындығы,  балл  санаудың 

қарапайымдылығы жатады. Дайындықтары нашар сыналушылардың 

қиынырақ  тест  тапсырмаларына  жауапты  кездейсоқ  ойлап  табуы 

оның кемшiлiгiн көрсетедi [55]. 

Осындай  тапсырманың  нұсқауы  «дұрыс  жауапты  дөңгелектеп 

белгiлеу».  Тапсырма  нұсқасының  жауап  саны  төрт  немесе  бес-

тен  аспауы  керек,  осындай  шектеу  қою  жауапты  кездейсоқ  табу 

ықтималдығының сиректiгi үшiн жеткiлiктi болады.

Тапсырманың бес жауабы бар жабық түрiне мысал келтiрейiк:

Мысалы. 


1. Z мəнiн 3-ке азайту үшiн жазу керек:

A) Z-3:=Z;

B) Z+3:=Z;

C) Z:=Z-3;

D) Z-3;

E) Z:=Z+3.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет