Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында



Pdf көрінісі
бет9/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   364
1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында 

мамандандыру мəселелері

1970  жылдардың  басында  сол  кездегі  мектепаралық  оқу-

өндірістік  комбинаттар  (ОӨК)  жүйесінiң  даму  шеңберінде 

оқушыларды əртүрлi бағыттағы кең таралған жұмысшы кəсіптерге 

дайындаумен қатар, жоғары сынып оқушыларын есептеуіш техника 

саласына кəсіби дайындау бойынша мамандандыру пайда бола бас-

тады.  Осыған  сəйкес  тəжiрибелiк-эксперимент 1971 жылы  Мəскеу 

қаласының Первомай ауданындағы оқу-өндірістік комбинатында ба-

сталды. 

Ғылыми-əдістемелік басқару қызметі КСРО-ның педагогикалық 

ғылымдар  Академиясындағы  оқытудың  мазмұны  мен  əдiстерiн 



14

зерттейтiн  ҒЗИ-дiң  С.  И.  Шварцбурд  басқаратын  қолданбалы  ма-

тематика  зертханасына  жүктелiп [44], кешенді  автоматтандыру 

орталық ғылыми-зерттеу институтының есептеу орталығы базалық 

кəсіпорын болып белгіленді.

Кейінiрек, 1972 жылы  Мəскеуде  кең  танымал  болған  №1  Ок-

тябрь оқу-өндірістік комбинаты құрылды. 1984 жылға дейін Октябрь 

ОӨК-ның базалық кəсіпорны – КСРО-ның электрондық басқару ма-

шиналары институты болса, 1984 жылдан бастап КСРО-ның Ғылым 

Академиясының  жаңадан  ұйымдастырылған  информатика  пробле-

малары институты болды [45].

Сол кезде есептеу техникасы мен программалау бойынша маман-

дандыру еліміздің барлық қалалық, аудандық ОӨК-тарда ашыла бас-

тады. Қысқа мерзім ішінде, көптеген, Ленинградтың, Свердловскі, 

Новосібір жəне де басқа да қалалардың ОӨК-терінің оң тəжірибелі 

жұмыстары белгілі болды. Қамқорға алушы қуатты кəсіпорындардан 

қолдау көретін ОӨК-тердегі сəйкес мамандандырулардың програм-

малау  бойынша  факультативтерден  айырмашылығы,  əдетте,  басы-

нан  бастап  олар  түбегейлі  оқу-материалдық  базамен  жəне  дайын 

кадрлармен  қамтамасыз  етілді.  Осының  салдарынан  олар  мектеп-

ке  жаңа  информатика  жəне  есептеу  техникасы  негiздерi  курсын 

енгізудің  алғашқы  кезеңінде  оның  практикалық  бөлігін  қолдайтын 

мектепаралық орталықтарға айналды.

ОӨК-ы  базасында  оқушыларды  есептеу  техникасын  оқып-

үйрену  мен  оны  қолдануға  байланысты  мамандықтар  бойынша 

бірқатар  еңбекке  даярлау  бағытында  ЭЕМ  операторы,  ЭЕМ  үшін 

қажетті мəліметтерді дайындайтын құралдары операторы, ЭЕМ-нің 

сыртқы  құрылғыларын  жөндейтiн  электромеханик,  электрондық 

аппараттарды  ретке  келтіруші,  программалаушы-лаборант,  есептеу 

жұмыстарының операторы сияқты мамандықтар ашыла бастады.

Көпшілік  қолданатын  (дербес  компьютерлер,  шағын  ЭЕМ-

дер  базасындағы  көптерминалды  кешендер,  сұхбаттық  есептеу 

кешендері  жəне  т.б.)  ЭЕМ-дердің  таралуына  байланысты  ОӨК-

де  «компьютерлiк»  мамандықтарды  дайындаудың  түрлері  мен 

мазмұнын  қайта  қарап,  анықтауды  жəне  көпшілік  қолданылатын 

ЭЕМ-нің 


функционалдық 

мүмкіншіліктеріне 

(қолданбалы 

программалардың дамыған пакеттерімен жабдықталғандығына, за-

манауи  программалау  жүйелерінің  басым  қолданылатындығына) 

сəйкестендіруді талап етеді.




15

1990  жылдардың  басында  мемлекеттің  экономикалық  жүйесін 

қайта  құру  барысында,  жұмыссыздыққа  жəне  өз  уақытында  ОӨК-

ның  материалдық  базасын  құрып,  қолдау  көрсеткен  ғылыми-

өндірістік кəсіпорындардың құлауы кезеңінде ОӨК орта мектептің 

білім  беру  қызметінің  бір  түрі  ретінде  түгелге  дерлік  жоқ  болып 

кетті.  Тек  олардың  салыстырмалы  аз  ғана  бөлiгi  қандайда  бір  өз 

материалдық базасын жəне педагог мамандарды сақтап қалғандары 

ғана  мектепаралық  негізде  информатика  курсын  қолдауды 

жалғастырып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет