Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың



Pdf көрінісі
бет6/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   364
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың 

бастапқы тəжірибелері

Мектеп информатикасының мазмұндық-əдiстемелiк желілерінің 

ішінде  келешегі  зор  екендігі  тəжірибелер  негізінде  анықтала  оты-

рып,  оқушыларға кибернетика элементтерін оқыту 1960 жылдардың 

басынан бастап дами бастады. Бұл зерттеу бағытының көш басында 

1961 жылдан бастап орта мектепке арнайы жасалған кибернетиканың 

жалпы негіздері курсын тəжiрибе ретiнде оқытуды қолға алып, кибер-

нетика негіздерін жалпы білім берудің базалық (мiндеттi) құрылымы 

ретінде  орта  мектептің  оқу  жоспарына  енгізудің  қажеттілігін 

табандылықпен дəлелдеген В. С. Леднев болды.  

Кейіннен  бұл  жаңа  ғылыми-əдістемелік  зерттеу  бағытына              

В. С. Ледневтің [22, 23] шəкірті А. А. Кузнецов белсене араласты. 

Қолға алынған зерттеулер кең көлемде, мектепте жалпы білім беру-

ге көзделе жүргізіліп, жалпы орта білім берудегі бірқатар маңызды 

ортақ  мəселелердi,  білім  беру  мазмұнындағы  кибернетиканың 

алатын  орнын,  мектеп  оқушыларының  білім  алуында  оның 

маңыздылығын,  оны  мектепте  оқыту  жолдары,  кибернетика  кур-

сын  оқыту  əдістемесі  мен  мазмұнын  қамтығандығын  атап  өткен 

жөн [23]. Осыдан ширек ғасыр бұрын В. С. Леднев пен А. А. Куз-

нецов жалпы орта білім үшін кибернетика негіздерінің жалпы білім 

беру жəне политехникалық мəні туралы бұлтартпас қорытындылар 

жасауға  мүмкіндік  беретін  дəйектерді  тұжырымдады.  Солардың 

ішінен  кейбіреулерін  ғана  келтірейік: «Кибернетика  табиғаты 

əртүрлі  жүйелерге  тəн  ақпараттық  байланыстар  туралы  түсінікті, 

барлық  мақсатқа  сай  əрекет  ететін  жүйелердiң  басқару  ұйымдары 



10

құрылымының  ортақтығын  енгізе  отырып,  əлемнiң  бірлігі  туралы 

түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Оқу пəндері, оның 

ішінде,  кибернетика  арқылы  да  əр  тұрғыдан  оқылып,  зерттелетін 

құбылыстар мен үдерістер түсіндірмесі оқушылардың əлем туралы 

терең, жан-жақты, шынайы ғылыми түсініктердi қабылдауына əкеп 

тірейді».

Кибернетиканы  оқып  үйрену  негізгі  дүниетанымдық  идея-

ларды  барынша  жүйелі  түрде  баяндауға  мүмкіндіктер  жасап,  орта 

мектептегi  оқуды  қоршаған  ортаны  диалектикалық-материалистік 

тұрғыдан  түсінуге  əсер  ететiн  маңызды  тұжырымдар  мен  жал-

пылаулармен  аяқтауға  мүмкiндiк  туғызады.  Кибернетика  адамзат 

танымының  ауқымын  кеңейтіп,  бұрын  ғылым  мүлде  ене  алмаған 

салаларға  енеді,  ал  бұл,  сонымен  бірге,  адамзат  танымы  шектеулi 

деген  алуан  түрлі  көзқарастарды  жоққа  шығаратындықтан,  үлкен 

дүниетанымдық мағынаға ие болады. 

«Оқушыларды  кəсіби  білім  алуға  дайындауда  кибернетиканың 

орны,  ең  алдымен,  кəсіби  мектепте  жүзеге  асырылатын  бiрқатар 

практикалық  ғылымдарды  оқыту  кибернетиканың  негіздерiн  оқып 

үйренуге  тура  не  жанама  түрде  негізделгендігімен  анықталады. 

Жалпы орта білім кез келген бағыттағы кəсіби білім алудың негізі 

болатындықтан,  кибернетиканы  оқып  үйрену  қазіргі  уақытта  орта 

мектеп  оқушыларын  кəсіби  білім  алуға  дайындауға  жəне  оларда 

жалпы  еңбектегі  біліктілік  пен  дағдылардың  қалыптасуына  қажет 

болып табылады» [23].

Ұзақ мерзiмде жүргiзiлген теориялық – тəжiрибелiк жұмыстар-

дың  негізінде  бір  мəндi  қорытынды  жасалды: «… кибернетиканы 

оқып үйрену жалпы орта білім берудің мазмұнына жеке пəн ретінде 

енуі  керек» [23]. Бірақ  зерттеушілердің  сол  кездегi  барынша  қол 

жеткізгені – бұл 1970 жылдардың ортасында жалпы көлемі 140 сағат 

болатын «Кибернетика негіздері» курсын жалпы білім беретін орта 

мектептің факультативтік курстарының қатарына енуі (9-10 сынып-

тарда 70 сағаттан) [22]. Ұсынылған  оқу  материалының  мазмұны 

туралы  түсінік  алу  үшін  төменде  факультативтің  негізгі  бөлімдері 

келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет