Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет12/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   364
5.  Блоктар  принципі.  Алгоритмді  құру  үшiн  қолданылатын 

тілдердің  мүмкіндіктері  сипаттауларды  (алгоритмдiк  жазбаларды) 

тəптіштеудің  қандай  да  бір  дəрежесін  таңдап  алуды  қажет  етеді. 

Бірақ бұл жағдай қажетті алгоритмді құру үдерісінде оның алғашқы 

схемасын сипаттау үшiн сол алгоритм адрестелген орындаушының 

мүмкіндігімен салыстырғанда iс-əрекет бірлігі мейлiнше ірілеу бо-

латын тiлдi пайдалануға кедергі болмайды. Шын мəнінде, берілген 

жағдайда  күрделі  есепті  қарапайым  есептерге  жекелеп  бөле  білу 

икемдігі  туралы  сөз  болып  отыр.  Осындай  жолды,  əрқашан,  есеп 

барынша күрделі болған жағдайда, оның шешу алгоритмін қажеттi 

тiлде  тез  жазу  үшiн  таңдауға  тура  келеді.  Бұл  жағдайда  есеп 

əрқайсысына  өзінше  мəн  берілетін  ақпаратты  тұйық  бөліктерге 

(блоктарға)  бөлiнеді  де,  есептiң  бөліктерін  байланыстыратын 

алғашқы схеманы құрып болғаннан кейін жеке блоктарды тəптіштеу 

жұмыстары жүргiзiледi. Осы блоктардың əрқайсысы осы дəл қазір 

сипатталған принцип бойынша тəптіштелуі керек.

Блоктар принципі, шын мəнінде, жалпы ойлау тəсiлi бола тұра, 

үлкен жалпы білімдiк жəне тəрбиелік мəнге ие. Осы принцип схема-

сына əр түрлі саладағы зерттеу үдерістері өте жиі келтіріледі. 

Сыртқы байланыстарды анықтап, зерттеуші таныс емес облыс-

ты жеке дербес бөліктерге бөлуге тырысады, содан кейін барып əр 

блоктың  ішіне  кіредi.  Немесе  керісінше:  жалпы  байланыстар  схе-




19

масына  шолу  жасау  мақсатында,  алдымен,  жеке  элементтер  дер-

бес  блоктарға  топталады,  содан  кейін  олар  бір-бірімен  байланыс-

тырылады.  Блоктар  принципі,  программалау  саласынан  алынған 

тəсiлдердің жалпы білім беру күші қаншалықты бола алатындығын 

айқын көрсетеді.

Блоктардан аяғына дейін алгоритм құруда ымырасыз əртүрлі екі  

тəсіл болуы мүмкін:

а) блоктың тəптіштелген сипаты алгоритмнің сəйкес жеріне ор-

наласады, ал блок өзінің алгоритмді іздеудiң жалпы тəсілі рөлін та-

мамдап, оған  “сіңіп” кеткендей болады.

ə) блоктар мазмұны алгоритмге кірмейді, ал оның сəйкес орында-

рында жеке орналасқан блоктарға сілтемелер орналасады; басты ал-

горитм мен оның жеке блоктары (көмекші алгоритмдер) жиынтығы 

қорытынды алгоритм болып саналады. 

6.  Тармақталу  принципі.  Алгоритмді  сипаттауға  қолданылатын 

тiлдердiң  алгоритмдік  толықтығы  талабы  алгоритмдiк  жазбалар-

да  логикалық  жағдайларды,  яғни  бастапқы  берiлген  шарттарға 

байланысты  шешiм  қабылдауды  талап  ететін  жағдайларды  жүзеге 

асыру  мүмкiндiгiн  беретiн  құралдардың  болуын  қамсыздандыруы 

керек.  Осындай  алгоритмдерді  ұйымдастыру  тілдің  логикалық 

(тармақталушы)  құралдарын  икемді  қолдана  білудi  талап  етеді. 

Мұнда төмендегілерді:

а) сипаттама бастапқы берілгендердің барлық мүмкін нұсқаларын 

алдын ала ескеруі керектігін жəне олардың əр комбинациясы үшiн 

нəтижелі болуы қажеттігін;

б)  бастапқы  берілгендердің  нақты  мəндері  үшін  алгоритмнiң 

орындалуы  нақты  шарттармен  анықталатын  жолдардың  тек  бiреуi 

бойынша  ғана  жүзеге  асырылатындығын  жете  түсіну  алгоритмдік 

сауаттылықтың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

7.  Циклдiк  принцип.  Алгоритмдік  сипаттамалардың  тиімділігі, 

көп  жағдайда,  енетiн  шамалардың  əртүрлі  мəндері  үшiн 

сипаттамалардың  белгілі  бiр  үзiндiлерін  бірнеше  рет  пайдалану 

мүмкіндігімен  анықталады.  Сипаттамаларды  құру  тура  осындай 

тəсілге,  осы  сипаттамаларда  қарастырылған  əрекеттер  ауқымының 

өсуінен ұзамайтын сипаттамалар құруға негізделген. Сипаттаманың 

бiр үзiндiсін қайталап жүргізуге оралу тілдің логикалық құралдарын 

қолдану  арқылы  ұйымдастырыла  алады,  бірақ  тілдің  циклдік 

алгоритмдерді  ұйымдастыратын  арнайы  құралдары  да  болуы 



20

мүмкін  (мысалы,  жоғары  деңгейлі  тілдердегі  цикл  операторлары). 

Қай жағдай болмасын, алгоритмдік мəдениеттің маңызды құрамды 

бөлігi  мұнда  циклдік  үдерістің  жалпы  жұмыс  істеу  схемасын 

түсіну,  əсiресе,  алгоритмді  құру  барысында  циклдің  қайталанатын 

(жұмысшы) бөлігін ажырата білу біліктілігі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет