Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


білім  мен  біліктіліктерін  күнделікті  өмірдегі  практикалық  іс-



Pdf көрінісі
бет131/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   364
білім  мен  біліктіліктерін  күнделікті  өмірдегі  практикалық  іс-

əрекетінде пайдалана білуі тиіс.


305

10.5 Логика тілі жəне оның негізгі курстағы орны

Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері

Логика – басқа  пікірлердің  негізінде  бір  пікірдің  ақиқат  не-

месе  жалғандығын  анықтау  əдістерін  оқытатын  ғылым.  Логика 

ғылымының  негізін  б.з.б. IV ғасырда  ежелгі  грек  ғалымы  Аристо-

тель  қалады.  Аристотельдің  қорытынды  пікірлерінің  ақиқаттық 

ережелері (силлогизмдер) XIX ғасырдың 2-ші жартысына дейін Дж. 

Бульдің, О.Де Морганның жəне басқа да ғалымдардың еңбектерінде 

математикалық  логика  пайда  болып  жатқан  кезде  де  логика 

ғылымының  негізгі  құралы  болып  қала  берді.  Логиканың  барлық 

бұрынғы  табыстары  осы  жаңа  ғылымның  құралдарымен  нақты 

математикалық тілге аударылды. Логика алгебрасы (Буль алгебрасы), 

пікірлерді есептеу, предикаттарды есептеу аппараттары даму үстінде. 

Математикалық логиканың дамуы барлық математикалық ғылымдар 

үшін  оның  қатаңдығы  мен  дəлдігінің  деңгейін  жоғарылатуда  өте 

маңызды болды.

Логика  информатиканың  математикалық  маңызын  құрайтын 

пəндердің  біріне  жатады.  Информатиканы  оқыту  курсында 

оқушыларды математикалық логиканың элементтерімен таныстыру 

келесі:

 

– процедура-алгоритмдік;



 

– логикалық программалауда;

 

– схемотехникалық аспектілерде жүргізіледі.



Бірінші  аспектіге  процедура  түріндегі  программалау  тілінде, 

сонымен  қатар  электрондық  кестелермен,  мəліметтер  қорымен 

жұмыс  жасауда  логикалық  шамалар  мен  логикалық  өрнектерді 

қолдану жатады. Тармақты алгоритмдік құрылымды іске асыратын 

шартты операторларда, шартты функцияларда логикалық өрнектер 

қолданылады.  Сонымен  қатар  мəліметтер  қорында  ақпараттарды 

іздеу  сұраныстарында  да  логикалық  өрнектер  қолданылады.  Про-

граммаларда  логикалық  шамаларды  қолдану  күрделі  логикалық 

есептерді, «жұмбақтарды  (бас  қатырғыларды)»  тиімді  шешуге 

мүмкіндік береді.

Мектеп 

информатикасында 

алғаш 

рет 


логикалық 

программалаудың,  Пролог  тілінің  элементтері  оқулықтарға 

енгізілді [17]. Автордың  тұжырымдамасы  бойынша  мектеп 



306

информатикасының  басты  міндеттерінің  бірі  оқушылардың  жеке 

пайымдай  алуын,  дəлелдей  алуын,  айғақтар  мен  дəлелдерді  дұрыс 

пайдаланып,  берілген  шешімдерді  негіздей  алуын,  логикалық 

ойлауын  дамыту  болып  табылады.  Өзімізге  белгілі  логикалық 

программалаудың  парадигмасы  процедуралық  парадигманың 

баламасы  болып  табылады.  Прологтың  қорытынды  механизмінде 

предикатты  есептейтін  аппарат  қолданылады.  Білім  беру 

стандарты мен информатиканың бағдарлама жобасында логикалық 

программалау  жəне  білімді  модельдеу  тақырыптары  мүлдем 

айтылмайды.

Схемотехникалық  аспектісіне  екілік  ақпараттарды  сақтау 

мен  өңдеу  үшін  арналған  компьютер  элементтерінің  логикалық 

схемалары:  вентилдер,  сумматорлар,  триггерлер  жатады.  Осы 

тақырыпты  оқытуда  оқушылардың  назарын  компьютердің  ішкі 

тілінің  негізі  буль  алгебрасы,  логика  тілі  болып  табылатын 

жағдайға аудару керек. Бұл екі жағдаймен байланысты: біріншіден, 

компьютердің ішкі тілі жəне логиканың тілі екілік алфавитті (0 жəне 

1) пайдаланады; екіншіден, процессор тілінің барлық командалары 

ЖƏНЕ,  НЕМЕСЕ,  ЕМЕС  деген  үш  логикалық  амалдар  арқылы 

жүзеге асады.  

8-сынып  информатикасында  логика  негізі  жəне  компьютердің 

логикалық  негізі  сұрақтары  қарастырылған [4]. Атап  айтқанда, 

логиканың  негізгі  түсініктері  жəне  логикалық  амалдар  туралы 

теориялық мағлұматтар беріліп, сəйкесінше тəжірибелік жұмыстар 

ұсынылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет