Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі



бет29/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі


Э. Эриксон адамның туғаннан дүниеден өткенге дейінгі өмірлік циклін қамтитын сегіз жас шамасын көрсетеді (7-кесте).


Нəрестелік, оральды-сенсорлы кезең (туғаннан – 1 жас ша- масы) тұлға дамуының басты кезеңі болып табылады. Психоа- нализде баланың дүниеге келуі жарақат ретінде қарастырылады; бала қауқарсыз болғандықтан, анасы ерекше қамқор орта- ны қалыптастырады. «Құдайға теңеуші» рəсім бала мен ана қатынастарының тұрақтылығын өзара жақындастықты болжай- ды. Тану ұқсастырудың ерте түрін білдіреді.
Жағымды ұстанымды қалыптастыратын мейірімге, əлемнің əділеттілігіне жəне тұрақтылығына деген сенім баланың фру- страцияны кешіруіне жəне болашақтағы дамуына даярлықты қамтамасыз етеді.
Ерте балалық шақ, бұлшық ет – анальды кезең (1-3 жас ша- масы) автономия, ұят жəне күдіктің арасында таңдау жасауға байланысты əлеуметтік-психологиялық дағдарыспен сипаттала- ды. Бала əрекеттерінің дамуы, оның бұлшық ет жүйесін меңгеруі жəне оны реттеуі, тілінің шығуы тəуелсіздіктің дамуына жəне
«Мен өзім» бағдарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Баланың анасынан алшақтауы жəне оның тəуелсіздікке құлшынысы па- расатты рəсімде жүзеге асады. Отбасылық тəрбиенің баланың тəуелсіздігін қабылдаушы, қолдаушы немесе тыйым салушы түріне қарай дағдарыстың шешілуіне ықпал етеді. Бала өзін- өзі қадағалау сезімін жоғалтқанда немесе қадағалауға қабілетті болмағанда, ұят пайда болады.
7-кесте
71

Тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі (Э. Эриксон бойынша)





Кезеңдер

Психологиялық- əлеуметтік дағдарыс

Мəнді қатынас-
тардың радиусы

Тұлғаның жағымды жаңалықтары

Тұлғаның жағымсыз жаңалықтары

Рəсімделуі

1

Нəрестелік (оральды- сенсорлы) кезең
0 – 1
жас шамасы

Əлемге базалық сену-сенбеу

Анасы

Үміт – əлемнің сенімділігіне сенім

Кету, қарым- қатынастан, іс-əрекеттен,
əлемді танудан бас тарту

Құдайға теңеуші

2

Ерте балалық шақ (бұлшық ет-
анальды) 1 – 3 жас шамасы

Автономия –
ұят жəне күдік

Ата-ана- лары

Ерік – мақсатқа жетуде күдіктер мен қиын шылықтарды жеңу қабілеті

Беймазалық

Парасатты (заң жəне тəртіп)

3

Ойнайтын жас (локомоторлы- генитальды)
3 – 6 жас шамасы

Бастамашылдық

күнə

Отбасы

Мақсаттылық

кешеуілдеу

Драмалық


72



4

Мектептегі кезең (латентті) 6 – 12 жас шамасы

Еңбекқорлық –
толымсыздық

Көршілер, мектеп

Біліктілік, іскерлік

Инерттілік

Ресми (техноло-
гиялық)

5

Жасөспірімдік кезең (пубертантты кезең) 12 – 19 жас шамасы

Эго-ұқсастық
– ұқсастықтың алмасуы

Құрдас- тарының тобы

Адалдық

Жоққа шығару

Идеологиялық

6

Жастық шақ (балғындық) (генитальды) 20 – 25 жас шамасы

Интимділік –
оқшаулану

Достары, ынтымақтастары

Махаббат

Бірегейлік

Топтасқан

7

Ересектік кемелдену 26 –
64 жас шамасы

Өнімділік –
тоқырау

Еңбек бөлісі жəне ортақ үй

Қамқорлық

Шеттету

Тəлімгерлік, тəрбиелеуші

8

Қарттық

Эго-интеграция
– қажу

Адамзат

Данагөйлік

Жек көру

Философиялық

Баланың өз-өзіне деген сыйластығын жолғалтпастан өзін-өзі қадағалауы еркін еріктің туындауына ықпал етеді. Беймазалы қайталау, мөлшерден тыс ұялу, тəуелділік немесе ашық қарсыласу жəне қырсығу рəсімінде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет