Психиканы ұйымдастырудағы инттеллектінің мəні жəне оның дамуының негізгі себепшілеріне салыстырмалы түрде тал- дау жасаңыз.
Операция ұғымына сипаттама беріңіз.
Ж. Пиаженің операциялы тұжырымдамасындағы интеллект дамуының кезеңдеріне талдау жасаңыз, салыстырыңыз.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)
тақырыптары
Ж. Пиаженің өмірі мен ғылыми шығармашылық қызметі.
Ж. Пиаженің «Интеллект табиғаты» еңбегімен танысу (Ре- ферат). (Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 7-том. 379-391 беттер)
«Ойлау психологиясы жəне логикалық операцияның
психологиялық табиғаты» бөлімі бойынша талдау жүргізіп, ре- цензия жазу. (Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Ал- маты, 2005 ж. 7-том. 392-414 беттер)
Реферат тақырыптары
М. Мұқанов. «Ақыл-ой өрісі» еңбегінің «Ақылды, яки интеллектіні «өлшеуге бола ма?» атты бөліміне аналитикалық талдау.
Ж. Пиаженің «Интеллект жəне биологиялық бейімделу» еңбегіне талдау.
Оқыту мазмұны жəне психикалық даму.
Э. Эриксонның тұлға дамуының эпигенетикалық теориясы
Жоспары:
Дамудың қозғаушы күштері
Тұлға дамуының кезеңдергежіктелуі
Дамудың қозғаушыкүштері
Эрик Эриксонның тұжырымдамасы тұлғаның онтогенез- де даму заңдылықтарын зерттеуге қосқан үлесі бойынша жəне даму психологиясындағы зерттеулердің келелі кеңістігін жəне жеке теорияларды қалыптастыруға ықпалы бойынша ең маңызды теориялардың бірі болып табылады. Эриксон өзін психоанализдің жақтасы ретінде есептегенімен, ол эгопсихология тұрғысында бірегей эпигенетикалық теорияны қалыптастырды.
Тұлға дамуының заңдылықтарын талқылауда психоанализ бен Э.Эриксон теориясының арасында бірқатар айырмашылықтарды атап өтуге болады (6-кесте):