Ж. Пиаженің операциялы тұжырымдамасындағы интеллект дамуының кезеңдері
№
Жиілігі
Кезең
Негізгі жаңалықтары
1
Сенсомоторлы интеллект
0 – 2 жас
Сенсомоторлы құрылымдардың қалыптасуы
5-кестенің жалғасы
А. Өзінің д е н е с і н е орталықтану
Заттармен əрекет ету қабілетінің дамуының, инвариативтіліктің пайда болуы. Сыртқы заттық əрекеттегі кері қайтарым. Рефлекстердің жаттығуы (0-1 айлары)
Алғашқы дағдылар жəне айналма реакциялар (1-4; 5 айлары)
Көру мен ұсату əрекеттерінің реттелуі. Екінші реттегі айналма реакциялар (4;5 – 5-9
айлары)
Ə. Тəжірибелік интеллектінің объективтелуі
Мақсат пен құралдың дифференциялануы. Тəжірибелік интеллектінің туындауы (8-9 – 11-12 айлары).
Үшінші реттегі айналма реакциялар
əрекет сызбасының дифференциялануы. Жаңа құралдардың іздестірілуі (11-12
18 айлары). əрекет сызбасының
интериоризациялана бастауы жəне дедукция жолымен кейбір міндеттердің шешілуі –
«инсайт» (18-24 айлары).
2
Нақты
1. Операцияға дейінгі интел- лект
Символды қызметтің пайда болуы (тіл, сурет салу іс-əрекеті, ойын) əрекеттер сызбасының
интериоризациялана бастауы
А. Символды ойлау кезеңі (2-4 жас шамасы)
Əрекеттер ішкі болғанымен қайтарымды емес
5-кестенің жалғасы
Ə. Интуитивті, көрнекі ойлау кезеңі (4-7 жас
шамасы)
Жүйелі орталықтандыру арқылы реттелу. Бөлшектенген интуиция
1. нақты операциялар (7-8 – 1-12 жас шамасы)
Сақталу ұғымының қалыптасуы. Қарапайым қайтарым – ішкі кері əрекетті жүзеге асыру қабілеті.
Компенсация – бір өлшемдегі өзгеріс басқасындағы өзгеріспен орны толтырылуы мүмкін қағида. Ұқсастық – объектінің өзгермеушілігі туралы қағида.
Қарапайым операциялар
(7-8 – 10 жас шамасы); өзара бір мағыналы сəйкестікті топтастыру, сериялау, қалыптастыру.
Операциялар жүйесінің қалыптасуы: координаталар
жүйесі, мультипликация
3
Ресми операциялар (11-12 жастан бастап)
Ресми-қисынды құрылымдар. Болжалды-дедуктивті қисындылық жəне комбинаторика (11-12 – 13-14 жас шамасы). Болжамдарға қатысты операциялар.
Топтастыру.
«Торлар» құрылымының пайда болуы жəне төрт түрлі трансформациялану тобы
(13-14 жастан бастап). І – тура операция, N – кері операция, R
– реципроктылық операциясы,
С – реципроктылықтың жоққа шығарылуы).
Операциялардың иерархиясы
жəне олардың прогрессивті дифференциалдануы.
Ж. Пиаже операцияға дейінгі интеллектіден нақты- операциялы интеллектіге көшу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін айқындау міндеттерінің жүйесін құрастырады. Пиаженің міндеттері – сақтау ұғымының қалыптасуын анықтауға бағытталған байқаулар. Сақтау ұғымы бұл – нысанның, оның бір өлшемінің өзгермеушілігінің мойындалуы. Міндеттер: 1) ны- санның бастапқы теңдігінің мойындалуы; 2) объекті транформа- циясы; 3) сақтау туралы мəселеленің ұсынылуы сияқты негізгі үш кезеңді қамтиды.
Ж. Пиаже міндеттерінің шешімін көлемнің сақталуына қатысты мысал арқылы түсіндіруге болады.
Балаға көлемі бірдей боялған суы бар екі стақан ұсынылады. Сұйықтықтардың деңгейі бірдей. «Қай стақандағы су көбірек?» деген сұраққа бала екі стақандағы судың теңдігін айтуы тиіс.
Баланың көзінше суды пішіні бөлек стақанға құяды. Сұйықтық бағанасының биіктігі өзгеріп, тең болмай қалады. Объекті қарапайым, бірақ айқын перцептивті белгісі бойынша трансформацияланады.
Сақталу жөніндегі негізгі сұрақ: «Ал енді қайсысында көбірек?» деп сипатталады. Операцияға дейінгі кезеңдегі жəне сақталу қағидасын меңгермеген бала стақандардың бірінде судың көбейгенін айтады. Егер бала сақталу заңын меңгерген болса, стақандардың бірінде судың көбейгені тек көзге ғана со- лай көрінетінін, ал шын мəнінде оның көлемі бірдей болып қалатынын айтады. Экспериментшінің: «Неге?» деген сұрағына баланың жауабына сəйкес қайтарымдылықтың əртүрлі форма- ларына сəйкес келетін сақталу ұғымы қалыптасуының əртүрлі деңгейлері айқындалады.
Ж. Пиаженің тұжырымдамасы психологиядағы ерек- ше бірегей құбылыс болып табылады. Ол деректілігі мен феноменологиялылығының, сонымен қатар интеллекті дамуының заңдылықтарын теориялық зерттеудің тереңдігімен, негізділігімен, жүйелілігімен ерекшеленеді.
Ж. Пиаженің тұжырымдамасын сынаудың төмендегідей негізгі бағыттарын атап өтуге болады:
Ж. Пиаженің редукцианизмі жоғары реттегі заңдылықтар- дың төмен реттегі заңдылықтарға теңестірілуі ретінде анықталады. Биологиялық редукционизм дамудың негізгі түсіндірмелі
қағидасы (тепе-теңдік, ассимиляция, аккомодация) ретінде тепе- теңдік қағидасын абсолюттенуінде анықталады. Қисынды редук- ционизм ойлауды зерттелудің ойлаудың негізіндегі қисын мен қисынды құрылымдардың сипаттамасымен алмастыру əрекеті ретінде анықталады.
Интеллект дамуының кезеңдері.
Біріншіден, зерттеушіні ресми-қисынды интеллектіні интеллектінің жоғары деңгейі ретінде қарастырғаны үшін сы- найды. Оның түсінігінше тым жағымсыз жағдайларда ресми- қисынды интеллект мүлде қалыптаспауы да мүмкін. Мəселен, жасөспірімдердің тек 50% ғана ресми-қисынды интеллектіге ие. Көптеген зерттеушілердің ойынша ресми-қисынды интел- лект ойлаудың дамуында ең жоғарғы деңгей болып табылмайды Екіншіден, швед психологы интеллектінің бір кезеңнен екіншісіне көшудің шынайы механизмін көрсеткен жоқ. Оппоненттердің сыны сақталу ұғымының қалыптасуына шоғарлануда. Көптеген зерттеушілердің атап айтқанда Д. Брунердің еңбектері, сақтауды қалыптастыру механизмдерін анықтауға, яғни баланы сақтау ұғымына үйретуге бағытталады.
Кеңестік психологияда П. Я. Гальпериннің мектебінде бағдарланған іс-əрекет ұғымына негізделген сақтауды қалыптастыру механизмдерін альтернативті түсіндіруге тырыса- ды. Зерттеу жұмыстарында балада сақтауды қалыптастырудың арнайы процедурасы ұсынылады. Зерттеушілер баладан: «Қайсы түймелер көп?» деп сұрағанда, оның бұрыс жауабының астарын- да объекті өлшемдерін дифференциялай алмауы жасырынған деп болжайды. Сіз: «Қанша?» деп сұрамас бұрын, нені сөз етіп тұрғаныңызды анықтауыңыз қажет. Бала ең айқын да көрнекі өлшемге бағдарланады. Ж.Пиаженің міндеттері сол заңдылық бо- йынша құрастырылған: объектінің ақын көзге түсетін перцептивті белгісі өзгереді, ал сұралған белгі өзгеріссіз қалады. Сондықтан қалыптастырушы экспериментте баланы ең алдымен бастапқы өлшемді көрсету үшін объектіні өлшеуге үйретеді. Нəтижесінде заттарға қатысты баланың эгоцентрикалық көзқарасы объективті пікірге өзгереді.
Оқыту мен дамудың арақатынасына қатысты мəселенің шешілуі.
Ж. Пиаженің ойынша оқыту дамуға еш ықпал ете алмайды.
Керісінше оқытудың мүмкіндіктері баланың даму деңгейімен анықталады.
Баланың психикалық дамуының мəдени-тарихи əлеуметтік табиғатын ескермеуі. Ж. Пиажеде интеллекті дамуының баста- уы ретінде баланың физикалық объектімен жеке дара іс-əрекеті анықталды.
Л. С. Выготский ересек баланың қауқарсыздығынан кез келген нəрестелік жағдаяттың орталығы деп жазған. Нəресте дамуының əлеуметтік жағдаяты «бала – жақын ересек адам» қатынастарының біртұтастығын шарттандырады. Сондықтан бала үшін кез келген зат ең алдымен қоғамдық ортақ зат ретінде анықталады, ал оның затқа қатынасы қоғамдық ересекпен жанамаланады. Баланың əлеммен өзара əрекеттестігі оның өмірінің алғашқы күндерінен əлеуметтік заттар əлемімен өзара əрекеттестік ретінде құралады. Қоғамдық ересек адам – заттың əлеуметтік қызметінің иесі іс- əрекетті, əлемді тану жəне баланың психикалық даму үдерісін ұйымдастырады.