Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Нəрестелік кезең: өмірінің алғашқы жылының бірінші жартысы



бет56/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Нəрестелік кезең: өмірінің алғашқы жылының бірінші жартысы


Бала дамуының екінші кезеңі 1-6 ай аралығын қамтиды. Нəрестенің ересекпен тікелей эмоциялы немесе жағдаяттық-жеке қарым-қатынасы оның осы кезеңдегі жетекші əрі негізгі іс-əрекеті болып табылады. Алғашқы жарты жылда балада ересекпен қарым-қатынасында мінез-құлықтың күрделі формасы, сөйлеген ересектің бет əлпетіне деген аффективті-жағымды, мимикалық- соматикалық реакциясы – «жандану кешені» қалыптасады.


Ол төмендегідей компоненттерден құралады:

  1. баланың қоршаған ортадан ересек адамды бөліп алуы (тына қалуы), сөйлеген ересектің бет əлпетіне тоқтап, оған құлақ салып, назар аудару;

  2. ересекпен ым (күлімсіреуі) жəне ерекше дыбыс (айқайлауы,

уілдеуі, былдырлауы) арқылы жүзеге асатын қарым-қатынасы;

  1. ересекті белсенді түрде қарым-қатынасқа тарту (денесінің,

аяқ-қолдарының қозғалысы);
Осы компоненттердің барлығы нəрестенің мінез-құлқында кешенді түрде бір уақытта байқалады. Жандану кешені 2,5 ай шамасында қалыптасып, 4 айға дейін қарқыны ұлғая береді. Осы кезеңнен кейін ол ыдырай бастайды да, оның жеке компоненттері салыстырмалы түрде тəуелсіздікке ие болып, бала мінез-құлқының жаңа формалары туындайды. Жандану кешенінің даму заңдылықтары бойынша қарым-қатынасты ор- нату бастамашылдығы ересектен балаға біртіндеп көше бастай- ды. Алтыншы айда жандану кешені баланың ересекпен қарым- қатынасының неғұрлым күрделі түрлерімен алмасады.
М. И. Лисина баланың қарым-қатынасқа мұқтаж болуының төмендегідей белгілерін көрсетеді:

  1. ересекті тануға бағыттылықты анықтайтын наза мен қызығушылық;

  2. баланың бағасын қамтитын ересекке бағытталған эмоциялы көріністер;

  3. ересекке бағытталған бастамашыл əрекеттер;

  4. ересекке қатысты сезімталдық.

Бала өмірінің алғашқы жылының бірінші жартысын оның ере- секпен эмоциялы қарым-қатынасының кезеңі деп атауға болады.
Нəрестелердің қарым-қатынасын дəлелдейтін көптеген белгілер бар:

  1. ересектің көз жанарына қарау;

  2. ересектің əрекетіне күлімсіреу;

  3. өз бетінше күлімсіреу жəне қозғалыс арқылы жандану;

  4. ересектің қатынасына жауап беру.

Баланың ересекпен осы кезеңдегі қарым-қатынасы əлі де болса заттармен жəне мазмұнды іс-əрекетпен жанамаланбай- ды. Нəрестенің ересекпен жағдаяттық-жеке қарым-қатынасы оның ересектің көңілін қажет етеді. Бұл қатынас экспрессивті- мимикалық құралдармен, яғни жандану кешенінің құралдарымен анықталады.
Қарым-қатынастың бұл формасы еш мазмұнсыз болғанымен, баланың дамуында үлкен рөл атқарады. Бұл кезеңде тұлғаның едəуір терең негізі, яғни баланың өзін-өзі ажыратуы жəне сана- сезімінің алғашқы формасы қалыптасады.
Сонымен бірге алғашқы жарты жылдықтың соңына қарай баланың жақын ересектермен аффективті-жеке байланыстары қалыптасады. 2-3 айдан бастап бала қолпаштау мен ескертулерге əсер ете бастайды. 3 айға қарай ересектермен таңдаулы араласа бастайды.
Жағдаяттық-жеке қарым-қатынас нəрестенің қоршаған заттарға қатысты танымдық белсенділігінің қалыптасуына, затты ұстауға бағытталған əрекеттердің пайда болуына ықпал етеді.
Баланың заттық іс-əрекеті бағдарланушы-зерттеуші жəне практикалық əрекеттерінен байқалады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет