Туғаннан 1 жасқа дейін – нəресте жас кезеңі. Оның ішінде: а) бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін); б) еңбектеу жасы (7-12 ай).
1-ден 3 жасқа дейін – бөбектер жасы.
3-тен 7-ге дейін – сəби жасы.
8-ден 11 жасқа дейін – періште жасы.
12-ден 15 жасқа дейін – бозбала (қызбала).
15 жастан бастап – үлкендер жасы.
Екінші жагдайда:
Туғаннан 1 жасқа дейін – нəресте жасы.
1-ден 3 жасқа дейін – алғашқы балалық шақ немесе бөбек жасы.
3-тен 7-ге дейін – мектепке дейінгі жас.
7-ден 11-ге дейін – бастауыш мектеп жасы.
11-16 жас аралығы – ортаншы кластағылар немесе жеткіншектер.
16-18 жас аралығы – аға кластар немесе ересектер жасы. Профессор А.В. Петровскийдің кітабында:
Туғаннан 1 -2 айға дейін – жаңа туған бала.
1-2 айдан 1 жасқа дейін – нəресте.
1-ден 3-ке дейін – ерте сəбилік шақ.
3-тен 7 жаска дейін – мектепке дейінгі балалық шақ.
7-ден 11 -12 жасқа дейін – бастауыш мектеп шағы.
12-ден 14-15 жас аралығы – жеткіншектік кезең.
14,5-17 жас аралығы – балаң жасөспірімдік.
Ж. Қоянбаев кітабында адамның жас кезеңдері туғаннан қарттық жасқа дейін берілген.
1-10 күн – жаңа туған бала.
10 күннен 1 жасқа дейін – нəрестелік шақ.
1-ден 3-ке дейін – сəбилік шақ.
4-тен 7 жасқа дейін – бірінші балалық шақ.
8-ден 12 жасқа дейін – (ер балалар) екінші балалық шақ. 8-ден 11 жасқа дейін – (қыз балалар) екінші балалық шақ.
13-тен 16 жасқа дейін – (еребтакліналшаерк) ж шақ.
12-ден 15 жасқа дейін – (қыз балалар) жеткіншек шақ.
17-ден 21 жасқа дейін – (ер балалар) жасөспірімдік шақ. 16-дан 20 жасқа дейін – (қыз балалар) жасөспірімдік шақ.
22-ден 35 жасқа дейін –(ерлер) кəмелеттік жастың бірінші кезеңі.
21-ден 35 жасқа дейін – (əйелдер кəмелеттік жастың бірінші кезеңі.
36-дан 60 жасқа дейін – (ерлер) кəмелеттік жастың екінші кезеңі.
36-дан 50 жасқа дейін – (əйелдер) кəмелеттік жастың екінші кезеңі.
61 мен 74 жас аралығы – (ерлер) кексе жас. 56 мен 74 жас аралығы (əйелдер) кексе жас.
75-90 жас аралығы – қарттық жас.
90-нан жоғары жас – ұзақ жасау.
Қазіргі кезде студенттерге дəріс беруде біздің қолданып жүрген жас шақтарының атаулары төмендегідей:
Туғаннан 60 күнге дейін – нəрестелер.
2 айдан 12 айға дейін – бөбектер.
1-ден 3 жасқа дейін – сəбилер.
3-тен 6-7 жасқа дейін – кішкентай балалар немесе ілік мектепшілер.
6-7-ден 10-11 жасқа дейін кіші мектепшілер немесе жеткіншектер; ұландар; ересек балалар.
10-11-ден 15-16 жасқа дейінгілер – ортаншы мектепшілер немесе жасөспірімдер.
15-16-дан 17-18 жасқа дейінгілер – а) жоғары мектепшілер немесе ержеткен ұлдар, бозбалалар, ə) бойжетіп қалған қыздар. Бұл кезең – жастық шақтың алғашкы кезеңі немесе балаң жастық шақ деп аталады.
18 бен 22-23 арасындағы шақ – жастық шақтың 2-кезеңі –
есейген жастар, студенттік шақ.
23-тен 30-35-ке дейін –толысқан (кемелденген) жастық шақ. Жоғарыда айтылғандай, адамның жас шақтарын жіктеп- жүйелеу жəне олардың əр кезеңіне лайықты қазақша атаулары əлі күнге дейін бір ізге түсіп қалыптаспаған. Осындай кемшіліктер салдарынан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау ісінде