Л. И. Божович дамудың əлеуметтік жағдайының жəне тұлғалық жаңа құрылымдардың негізінде адам жасын кезеңдерге жіктеп, дағдарыстарды баланың психикалық өмірінде туындап отыратын қарама-қайшылықтар ретінде қарастырады (10-кесте).
Д. Б. Элькониннің жас ерекшеліктерін жіктеуінің негізінде дамудың нақ сол сатысындағы психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болуын анықтайтын жетекші іс-əрекеттер жатыр. Нəтижелі іс-əрекет пен қарым-қатынас іс-əрекетінің арақатынастары қарастырылады.
Д. Б. Элькониннің жас ерекшеліктерін ішкі заңдылықтарды ескерудің негізінде психикалық даму кезеңдерінің негізгі қағидаларының неғұрлым жүйелі топтастыруы, жас ерекшелік- психологиялық кеңес беру тəжірибесінің жəне баланың психикалық дамуын айқындау мен түзету жұмысының теориялық негізіне айналды. Автор жас ерекшеліктерін дамудың əлеуметтік жағдаятының; жетекші іс-əрекеттің; психологиялық жас ерекшелік жаңа құрылымдардың негізінде дамудың циклдері, кезеңдері, фа- залары бойынша жіктейді.
10-кесте 119