Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет83/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

 
Кейс тапсырма 1
Жағдаят бойынша CASE – тегі алғашқы керекті 
материалдарды жинаңыз, анықтаңыз, дайындаңыз, сараптама 
жасаңыз, топтаңыз, әдебиеттермен танысыныз.
Кейс тапсырма 2
Қазақстандағы тіл саясатына көзқарасыңды көрсетіп, 
өз ойыңды айтып шығыңыз. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. 
Фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, болжамдар 
жасаңыз.Тілдегі толеранттылық дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Кейс тапсырма 3
Шығу тегі жағынан топтастыру яғни Тілдердің 
генеалогиялық топтастырылуына өзіңіздің көзқарасыңызды 
көрсетіңіз. Ол тілдердің ерекшелігін анықтап, топтаңыз. Үнді-
европа тілдер семьясына енетін топтарды сызба бойынша 
көрсетіңіз.
Кейс тапсырма 4
Шығу 
тегіне 
байланыстырмай, 
грамматикалық 
құрылысы мен типінің ұқсастығы жағынан топтастыру яғни 
Тілдердің типологиялық тұрғыдан топтастырылуын жіктеңіз. 
Типологиялық классификацияның даму тарихына көз жүгіртіп, 
даму, өзгеру бағытын көрсетіңіз. Мамандық тілінің қай типке 
жататынын мысалдармен дәлелдеңіз.
Кейс тапсырма 5
Қазақ тілін қандай белгісіне қарап агглютинативті, орыс 
тілін неге флективті деп бөлеміз? Мысалдармен дәлелдеңіз. 
Мамандық тілі қай типке жататынын талдап, зерделеп, ол 
тілдің ерекшелерін көрсетіп, қазақ және орыс тілдердерімен 
салғастыра отырып, үш тілдің арасындағы изоморфизмдерді, 
алломорфизмдерді, доминантты белгілерді көрсетіңіз.


– 
153 

Есеналиева Жанар
Кейс тапсырма 6
«Қазақ тілі мен мамандық тілін салғастыру» деген 
интервьюді қалай жүргізер едіңіз? Материалды қалай жинар 
едіңіз? Қандай сұрақтарды қоясыз? Қалай аяқтар едіңіз? 
Жұптық жұмыс.
Кейс тапсырма 7
«Тілдердің типологиялық классификациясы» тақыры-
бына жоба әзірлеңіз.
 
Қазақ және өзге тіл (мамандық тілі)
типологиялық талдау жасаңыз. Жоба жұмысында тілдің типіне 
ерекше көңіл аударып, жоба барысында құрылымы әртүрлі 
тілдерден сол белгілерді тауып, саралап, зерделеп, қорытынды 
жасаңыз.
Кейс тапсырма 8
Тілдердің генеалогиялық классификациясы бойынша 
Қазақ және өзге тіл (мамандық тілі) типологиялық талдау 
жасаңыз. Қазақ, орыс, мамандық тілі сол классификация 
бойынша қандай тіл семьясына жататынын саралап, көрсетіп, 
мысалдармен дәлелдеп, қорытынды жасаңыз.
Кейс нәтижесі: 
- оқыған мәтіннен керекті мәліметті таба білу,
- болашақ үлгінің не таблицаның параметрін анықтау,
- үлгінің координатасына сәйкес мәтіннің мәліметтік-
мағыналық тобын анықтау,
- бірлескен жүйеде толық сипатталған әр бағыт туралы 
үлгіні құру,
- зерттелген тақырыптың қорытындысында қысқаша өз 
пікірін көрсету,
- күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы 
психологиялық ортаны жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет