Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет50/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96
қалыптасқан белгілер мен
қасиеттер)
Мысал келтірейік. Егер белгілі бір өзіне тэн фенотипі бар 
хлорелла 
балдырын жарық ортада өсіретін болсақ, одан түзілген 
колониялар жасыл түсті бодады. Ал сондай хлорелланы қараңғы 
жерде өсірсе, ол бозғылт түске айналады. Егер оны қайтадан жарық 
ортаға апарса, жасыл түс қайта қалпына келеді. Бұл мысалдан екі 
түрлі жағдайдың екеуінде де хлорофилдің түзілу мүмкіндігінің бар 
екендігін, бірақ ол үшін сыртқы орта жағдайы - жарықтың қажет 
екендігін көреміз. Сөйтіп, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, тек 
сыртқы ортаның әсерінен болатын өзгергіштікті модификациялық 
өзгергіштік деп атайды. Мұндай өзгергіштік жоғарыда көрсетілген 
фенотиптік немесе түқым қуаламайтын өзгергіштікке жатады.
МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
Мутациялық өзгергіштік организмнің генотипінің өзгеруіне 
байланысты болатын, ягни тұқым қуалайтын өзгергіштік екендігі
144


туралы жоғарыда айтылды. Мұндай өзгергіштіктің болатындығы 
Дарвинге де белгілі болған. Ол тұқым қуалайтын өзгергіштікті табиғи 
жэне қолдан сұрыптаудың алғы шарты деп есептеді. Бірақ Дарвиннің 
тұсында тұқым қуалаушылық туралы тәжірибе жүзінде алынған 
деректер және оның ұрпаққа берілу заңдылықтары белгісіз еді. 
Сондықтан эртүрлі формадағы өзгергіштіктерді тұқым қуалау 
тұрғысынан айыру мүмкін болмады. Өзгергіштіктің түрлері туралы 
мэселе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ғана 
ғылыми түрғыда зерттелді. «Мутация» деген терминді ең алғаш, 1901 
жылы Голландия оқымыстысы Г Де-Фриз 
өзінің 
«мутациялық 
теория» деп аталатын еңбегінде қолданды. Ол есекшөп белгілерінің 
қалыпты жағдайдан ауытқитындығын және ол ауытқулардың түқым 
қуалайтынын байқады.
Де-Фриз теориясының кейбір мәселелері осы күнге дейін өз 
мэнін жойған жоқ. Олар:
1 .Мутацияның кенеттен пайда болатындығы;
2. Жаңадан пайда болған формалардың түрақты келетіндігі;
3. Мутацияның сапалық өзгеріс больш саналатындығы;
4. Мутацияның өзі эртүрлі бағытта пайдалы да, зиянды да 
болатындығы;
5. Бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы. 
Бірақ Де - Фриздің қателік жақтары да болды. Ол табиғи сұрыптау 
мен мутацияны бір-біріне қарсы қойды. Яғни мутациядан кейін 
бірден жаңа түр пайда болады деп есептеді. Шын мэнінде мутация 
тұқым қуалайтын өзгергіштіктің шығар көзі ғана болып есептеледі, 
ал жаңа түр ұзақ уақыт сұрыпталудың нәтижесінде пайда болады.
145


Мутациялар әртүрлі бағытта жүзеге асады. Олрдың көпшілігі 
организмнің тіршілік қабілетін кемітіп жібереді. Кейде тіпті өлімге де 
душар етеді, оны летальды мутация деп атайды. Мутацияның жыныс 
клеткаларындағы жэне оның хромосома аппаратындағы қандай 
өзгерістермен байланысты екендігін 
қарастырсақ, оның бірнеше 
типінің болатындығын байқай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет