ГЕНДІК МУТАЦИЯ
Мутацияның мүндай түрі жекелеген гендерде болады және жиі
кездеседі. Организмнің көптеген морфологиялық, физиологиялық
жэне биохимиялық белгі-қасиеттері осыған байланысты өзгереді.
147
Белгінің өзгеру бағытына қарай гендік мутацияның төрт түрін
ажыратады. Олар: гиперморфты
өзінің бақылауымен синтезделетін
заттар
мөлшерінің
артуы
есебінен
ген
қызметінің
күшеюі;
гиперморфты - жабайы типтің аллелі арқылы бақыланатын
биохимиялық өнімдер мөлшерінің азаюы есебінен ген қызметінің
әлсіреуі;
неоморфты
-
жабайы
тип
генінің
бақылауымен
синтезделетін
өнімнен
өзгеше
заттардың түзілуін
кодтайтын
мутантты аллельдің пайда болуы; антиаморфты - жабайы типті
аллельдің қызметіне қарама - қарсы.
Гендік мутация организм белгілерін көбінесе шамалы ғана
өзгертетіндіктен оны «шағын» мутацияга жатқызады. Ол табиғи
жағдайда түрлердің эволюциялық түрғыда икемді болуына мүмкіндік
туғызады жэне селекциялық жүмыста өсімдіктердің жаңа сортын,
жануарлар тұқымдарын және микроорганизмдер штаммдарын алу
үшін қажетті материал ретінде пайдаланылады,
Гендік мутацияның азотты негіздердің орын ауыстыруына және
бір азотты негіздің ДНК құрамынан түсіп қалуына немесе үстеме
келіп қосылуына байланысты болатын мутациялар деп негізінен екі
түрін ажыратады. Мұндай өзгерістерді нүктелік мутация деп те
атайды. Олар мынандай жолдармен жүреді:
1. Бір пуриннің екіншісімен немесе бір пиримидиннің басқа
біреуімен ауыстырылуы. Мүны транзиция деп атайды:
А*
-------Г Т - ---- -Ц
2. Пуринді пиримидинге немесе керісінше алмастыру. Оны
трансверсия деп атайды:
А«------*Т, А*-------Ц, Г«-------Ц, Г«-------Т
148
|