Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет54/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   96
полиплоидия
Полиплоидты 
организмдер 
хромосома 
саныньщ 
еселену 
дәрежесіне қарай Зп - триплоидты, 4п 
тетраплоидты, 5п - 
пентаплоидты болып бөлінеді.
Полиплоидия организмнің түрлі белгілерінің өзгеруіне себеп 
болады. 
Сондықтан ол эволюция мен селекция үшін тұқым 
қуалайтын өзгергіштіктің маңызды бір қайнар көзі болып есептеледі. 
Мысалы, селекционер В. С. Федоров шығарған кара бидайдың 
тетраплоидты формасын алсақ, диплоидты формасына 
қарағанда 
сабағы мықты, дәні ірі және салмақты болып өзгерген. Бүл, әрине, 
шаруашылық маңызы жағынан тиімді өзгеріс. ГІолиплоидияның 
өзініц екі түрі бар. Олар автополиплоидия және аллополиплоидия деп 
аталады. Егер геномды А деп белгілесек, автодиплоид АА, ал 
автотриплоид ААА болады.
Әртекті 
түрлердің 
геномдарының 
еселеніп 
көбеюінің 
нәтижесінде пайда болған полиплоидты организмдер аллоплоидтар 
немесе амфиплоидтар деп аталады. Аллополиплоидтар әртекті 
түрлерді будандастыру кезінде пайда болады. Мысалы, егер будан 
организмде А мен В гені болса одан алынған аллополиплоид ААВВ 
болып келеді. Бүған мысал ретінде 1924 жылы түңғыш рет шомыр 
мен 
қырыққабатты 
будандастыру 
жолымен 
(туыс 
аралық 
будандастыру) Г.Д.Карпеченконың алған амфидиплоидын алуға 
болады. Мүндай будан өсімдікте шомыр мен қырыққабат белгілерінің 
бірігіп келуіне байланысты ол өте мықты болып шыққан. Сонда 
мүндай жаңа форма систематикалық жағынан әр туысқа жататын
151


өсімдіктер геномдарының бірігуі нәтижесінде шығып отыр. Жалпы 
полиплоидияның негізіқде өсімдіктердің, оның жеке мүшелерінің 
көлемі үлғаяды. Ол клеткалар көлемінің үлғаюына байланысты. Ал 
мұның 
негізінде 
клеткалардағы 
түрлі 
физиологиялық 
жэне 
биохимиялық процестердің, атап айтқанда, су мөлшерінің, осмостық 
қысымның жэне түрлі заттар - белок, хлорофилл, клетчатка, 
витаминдер т.б. мөлшерінің артуы жатады.
Полиплоидия - жануарларда өте сирек кездесетін қүбылыс. Бүл 
көбінесе 
жыныстық 
көбеюі 
партеногенез 
жолымен 
жүретін 
жәндіктерде кездеседі. Мысал ретінде аскариданы, жер қүрттарын, 
көбелектерді алуға болады. Полиплоидияның жануарларда сирек 
кездесуінің бір себебі - олардың полиплоидия жағдайында ұрпақ бере 
алмайтындығы. 
Мысалы, 
тышқандарда триплоидты 
зиготаның 
болатындығы анықталған, бірақ олардың тіршілігі эмбрионалдық 
дәуірдің 
ортасынан 
аса 
алмайды. 
Ал 
жануарлардың 
кейбір 
үлпаларының сомалық клеткасында полиплоидия жиі кездеседі. 
Себебі мұндай клеткалар мейоз жолымен емес митоз жолымен 
көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет