Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет55/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   96
АНЕУПЛОИДИЯ
Анеуплоидия 
немесе 
гетероплоидия 
хромосома 
санының 
гаплоидты жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда 
болады. 
Бұл 
қүбылысты 
ең 
алғаш 
К. 
Бриджес 
дрозофила 
шыбындарындағы жыныспен тіркесіп түқым қуалау заңдылығын 
зерттеу барысында байқады.
152


Ол 
аналық 
шыбындардың 
сомалық 
клеткасынан 
ХХУ 
хромосомаларды (сонда У артық), ал аталықтарынан ХО, яғни У-гі 
жоқ 
хромосомаларды 
тапты. 
Осыған 
байлаиысты 
дрозофила 
шыбындарының кейбір белгілерінің (канаты, көзі т.б.) кемістікке 
ұшырайтындығы анықталды. Сонда бір хромосомасы артық жыныс 
клеткасы қалыпты гаплоидты гаметамен ұрықтанғанда, хромосом 
жиынтығы 2п+1 немесе трисомик зигота түзіледі. Ал егер гаметада 
бір хромосома кем болып келсе, ұрықтану нәтижесінде моносомик, 
яғни 2п-1 зигота пайда болады. Адам баласында жэне жануарларда 
артық хромосоманың болуы олардың өсіп, дамуының өзгеруіне 
немесе тіпті өлімге әкеп соғады. Мысалы, адамда жыныстық 
хромосомалардың немесе аутосомалардың артық болуы күрделі 
аномалиялар туғызады. Өсімдіктерде, әдетте, артық хромосомасы бар 
аталық тозаңның тіршілік қабілеті болмайды, ал ондай жұмыртқа 
клеткасы немесе мегаспора керісінше ұрықтануға кабілетті болып 
келеді.
Кейбір жағдайларда хромосоманың белгілі бір жұбында 
қосымша жалғыз ғана хромосома емес, екі хромосома (2п+2) -
тетрасомик, үш хромосома жиынтығы (2п+3) - пентосомик болуы 
мүмкін. Сонымен катар хромосома жиынтығы 2п-2 болып келетін 
организм де кездеседі, оны нулисомик деп атайды.
Хромосомалар санының осылайша артуы немесе кемуі олардың 
кез - келген жүбында болуы мүмкін, сондықтан бір мезгілде 
қатарынан бірнеше анеуплоидия пайда бола алады.
Анеуплоидия организмнің генотипі мен фенотипінде белгілі бір 
өзгерістер туғызады. Атап айтқанда, ондай организмнің тіршілік
153


қабілеті нашарлайды, өмірі қысқарады, өсімталдығы кемиді жэне 
қалыпты диплоидтармен салыстырғанда көптеген морфологиялық 
айырмашылықтары болады. Жануарларға қарағанда өсімдіктерде 
анеуплодия олардың тіршілік қабілетіне соншалық эсер етпейді.
Анеуплодия құбылысы, 
соның ішінде нулисомия кейбір 
өсімдіктерде жекелеген хромосомаларды алмастырып, жаңа линиялар 
алу үшін қолданылады. Бүл эдіс селекцияда организмнің өнімділігі, 
ауруға төзімділігі т.б. белгі-қасиеттерін анықтаудағы жекелеген 
хромосомалардың ролін білу үшін, 
сол сияқты 
өзіндік бір 
генетикалық қасиеті бар хромосоманы қандай болмасын бір 
жаңартылып, жақсартылатын сортқа апарып алмастыру мақсатында 
қолданылады. Ол үшін алмастырылатын хромосоманың рецессивті 
аллелі бойынша гомозиготалы форманы ондай хромосомасы жоқ 
нулисомикпен будандастырады. Нулисомик ретінде, мысалы, бидай 
селекциясында 
Чайниз 
Спринг 
сорты 
қолданылады. 
Мүндай 
будандастырудан алынған гибрид өсімдіктің мейоз кезінде бивалент 
түзетін 20 жүп және бір сыңар 
хромосомасы болады. Бүдан соң 
нулисомды линиямен будандастыру одан эрі қарай жүргізіле береді, 
сөйтіп униваленттен басқа хромосомалардың барлығы Чайниз 
Спринг сортының хромосомаларымен алмастырылады. Ең соңында 
өздігінен тозаңдандыру жүргізіледі де, нәтижесінде хромосомалары 
алмастырылған диплоидты линия алынады.
Жекелеген 
хромосомалары 
алмастырылған 
линияларды 
түрішіндік жэне сол сияқты түраралық будандастыру кезінде де алуға 
болады. Мысалы, бидайдың кейбір хромосомасын қара бидайдың 
хромосомасымен алмастыруға болады. Сонымен қатар бір немесе
154


әртүрлі өсімдіктерден қосымша хромосомалары бар анеуплоидтар да 
алуға болады. Мысалы, қара бидай (2п=14) мен бидайды (2п=42) 
будандастырғанда хромосома жиынтығы (2гт=28) бидай - қара бидай 
гибридті немесе 56 хромосомалы тритикале алынады. Оны жүмсақ 
бидаймен (2п=42) будандастырса бидайдың диплоидты жиынтығы 
бар (2п=42+7) түрі шығады. Осындай қосымша хромосомалары бар 
өсімдіктердің практикалық та, теориялық та маңызы бар.
Себебі, екі бірдей дақылдың пайдалы белгі - қасиеттерінің 
бірігуін және әртекті түрлердің гендері мен хромосомаларының 
эрекеттесу заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет