Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет79/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   96
иРНК-ның 
көшірмесін алу.
Бірінші әдіс ген инженериясы дамуының бастапқы кезеңінде 
кеңінен қолданылды. Түрлі организмдердің клеткаларынан бөлініп 
алынған түтас ДНК моекулалары рестриктаза ферменттерінің 
көмегемен бөлшектелініп, реципиент клеткаларға жіберілді және 
гибрид молекулалардан тұратын иондар алынды. Бүл әдіс осы күнге 
дейін өз мәнін жойған жоқ, мысалы, қазір гендердің банкін жасау 
үшін пайдаланылуда.
Генді химиялық жолмен қолдан синтездеу түңғыш рет 1969 
жылы Г.Корананың лабораториясында жүзеге асырылды. Корана 
өзінің қызметтестерімен бірге ашыту бакгериясының көмегімен 
аланинді ХРНК генін синтездеді. Ол ген бар жоғы 77 нуклеотидтен 
тұрған және реттеуші механизмі жоқ болғандықтан активті қызмет 
атқара алмаған. Кейінінен олар функционалдық жагынан активті 200 
нуклеотидтен түратын тирозинді ТРНК генін синтездеді. Қазіргі кезде
215


қолдан синтезделген гендердің ішіндегі сң үзыны адамның өсу 
гормонының гені, ол 584 нуклеотидтен тұрады.
Генді жасанды жолмен алудың үшінші өдісі кері транскрипция 
арқылы жүретін ферментативтік синтезге негізделген. Бұл ең алғаш 
онкогенді вирус РНК-сының репликациясын зерттеу барысында 
анықталды. Сонда кері транскриптаза ферментінің көмегімен ИРНК 
матрицасының негізінде ген синтезделген.
Осындай жолмен адам мен жануарлардың және құстардың 
глобиндерін, жүмыртқа белогын, сиыр көзайнасының белогьш т.б. 
кодтайтын гендер алынды. Бүл әдіс адам интерферонының генін 
бөліп алып, бактерия клеткасына жіберу үшін де қолданылды. 
Интерферон — вирустық инфекциямен және басқа аурулармен, 
соның ішінде қатерлі ісікпен күресу үшін қолданылатын тиімді 
дәрілік препарат. Интерферон жануарлар мен адам клеткасында 
жасалады. 
Ю.А.Овчинников пен В.Г.Дебабов адам интерферонын 
синтездейтін 
микроорганизмдерді 
алды. 
Алдымен 
олар 
адам 
интерферонын 
синтездеуе 
қабілетті 
рекомбинантты 
ДНК-ны 
қүрастырып алды да, содан соң оны бактерия клеткасына жіберді. 
Ондай бактериялар 1 литр суспензияға шаққанда 5 мг интерферон 
синтездей алады. Бүл 1 литр қанның қүрамындағыдан 5000 есе көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет