Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет114/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   159
Отаншылдық тəрбиесі. Бұл тəрбиенің мақсаты – оқушыда өз 
Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, 
оны қорғауға баулу; туған ел тарихы жəне өз халқы мен басқа да 
ұлыстардың мəдени мұрасын, салттары мен дəстүрлерін қастерлеу 
қатынасын қалыптастыру; 
Отаншылдық тəрбиесінің мазмұны: 
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздерін (Ел таңба, 
Ту, Əнұран) зерттеп, тану. Сонымен бірге басқа елдердің де 
мемлекеттік белгілерін білу; 
- отаншылдық (өз Отаныңа болған сүйіспеншілік) пен 
интернационализмнің (басқа ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге 
бағытталып қалыптасқан достық, қатынастар сезімі) əрқилы тұстарын 
түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін 
кеңейту; 
- туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу; 
- елімізбен байланысқан өзге мемлекеттер тілін, тарихын, ондағы 
халықтар салты мен дəстүрлерін білу; 
- халқымыздың жауынгерлік даңқы мен қаhармандығына 
байланысты нақты дерек көздерін іздеу жəне зерттеу. 
Құқықтық тəрбие. Құқықтық тəрбие мақсаты – оқушыларда 
құқықтық мəдениет пен құқықтық əрекет-қылық қалыптастырып
оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге əрі мойындауға 
баулу. Құқықтық тəрбие жүйесі мемлекет сипаты жəне саясатымен 
белгіленеді.
Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай əрекет-
қылығының мұратты (идеяльная) моделі. Құқық пен тəрбиенің өзара 
байланысты əрекеті негізінен жанама түрде тəрбиеге араласқан ата-
аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы 
əлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мəртебесі 
«Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж) жəне «Бала 
туралы Конвенцияда» (1989ж) жарияланды. Отбасы жəне мектеп 
жағдайларында балалар орынды əрекет-қылық əдеттерін, адамгершілік 
жəне құқықтық нормаларын, əлеуметтік іс-əрекеттердің алғашқы 
дағдыларын меңгере бастайды. 
Құқықтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны- құқық 
бұзушылық əрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тəрбиедегі 
қолайсыз жəйттерді) жою; оқушылардың өмірі мен тəрбиесіне орай 
жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; тəрбиеленушінің 


жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын қылмыс жасаған 
оқушылармен жұмыс алып бару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет