Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет115/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159
Адамгершілік тəрбиесі. Бұл қоғамдық талаптар жəне əрекет-қылық 
нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік беруші ептіліктер мен 
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тəрбие процесінің мəнді бір 
бөлігі. 
Мəдениет тарихында адамгершілік тəрбиесі мəнін түсінудің төрт 
негізгі дəстүрі қалыптасқан: 
- патерналистік (патер-лат. «əке», үлкендерге құрмет түріндегі 
адамгершілік тəрбиесі); 
- діни-дəстүрлік (діни наным сенімдер мəртебесін қолдау түріндегі 
адамгершілік тəрбиесі); 
- ағартушылық (ғылыми білімдер игерудің нəтижесі түріндегі 
адамгершілік тəрбиесі); 
- коммунитаторлық (коммуна-лат. «қауым», «бірлестік»; 
ұжымшылдық 
сезімін 
қалыптастыру 
сезімі 
түріндегі 
адамгершілік тəрбиесі). 
Адамгершілік тəрбиесінің мақсаты- өз іс-əрекетіне жауапкершілікті, 
адал, намысты, жалғандық пен кəззаптықтан жаны аулақ адамды 
тəрбиелеу.
Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде игерілуі мүмкін 
емес, ол адамның тұлғалық дербестігіне негізделіп, əр тұлғаның өзіндік 
заңы күйінде танылады. Адамгершілік қалаған уақытта, 
қалаған нақты жолмен орындалатын жəй мақсат емес. Ол 
адами іс-əрекеттің өз негізінде жатқан мақсаттардың 
мақсаты
Адамгершілік тəрбиесі негізінде қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі 
келесідей: шыдамдылық, жомарттық, əдептілік, ізгіліктілік; адамдар 
арасындағы өзара сыйластық, өзара жəрдем жəне жолдастық, үлкенге 
сый, кішіге қамқорлық, əйел жəне ер арасындағы құрметтеу қатынасы; 
өзіндік тəртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, 
өзін өзі реттеу қабілеттері. Əр адам өзі қалаған əдет-қылықтарды 
ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін. 
Адамгершілік тəрбиесіне орай іс-əрекеттер мазмұны: 
- ұжымдық оқу жəне қоғамдық пайдалы іс-əрекеттерді 
ұйымдастыру арқылы тəрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу; 
- қайырымдылық пен жауыздық проблемаларын талдай 
білуге үйрету; 
- шынайы жəне бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру; 
- əлеуметтік əділдік пен əділетсіздік мəнін түсінуге баулу; 
- гуманизм идеялары мен олардың жалпы адамзаттық сипатын 
түсіне, бағалауға дағдыландыру. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет