Сабақ:Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»
№33мектеп-лицей
Сынып жетекші:
Машықкер:
Күні: 11.11.19ж.
Сынып: 2Ә
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Тәрбиелік:Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Жеке, топтық және ұжымдық, сұрақ-жауап, ойын, сөзжұмбақ шешу.
Тәрбиелік шараны өту барысы:
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты арттыру
10 мин
*Оқушылармен амандасу;түгендеу;
*Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу;
* Шаттық шеңберіне тұрып, «Өрмекшінің өрнегін» жасай отырып бір-біріне тілек айту;
*Оқушыларды 3 топқа: «Сопорт», «Дәрумендер», «Тазалық» деп 3 түрлі сурет беріп бөлу;
* Топ басшысын сайлау.
«Кинометафора» әдісі арқылы жаңа сабақты ашамын.
– Ал, балалар бейне баянды тамашалап осы бейне баянға тақырып қоямыз.
– Ал, кәне балалар бейнебаяннан нені білдік, не туралы көрдік, қане сыный тұрғыдан ойланып айтамыз. Жарайсыңдар балалар бәріміз бірге бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айтайықшы.
–Хормен:Дені саудың – жаны сау!
– Міне балалар, біз денсаулық туралы бейне бянды көрдік, енді, сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
– Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
– Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдырыңызда. Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан- жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
– Оқушылар: Денсаулық.
– Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
– Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, дұрыс тамақтанату, тазалық сақтауымыз керек.
– Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау – ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.
– Денім сау болсын десең – тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
– Ендеше балалар денсаулыққа арнап өлен шумақтарымызды айтайықшы.
Дұрыс, ал енді мен сендерге тазалықты сақтауға арналған жұмбақтар шештіргім келеді.