Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


 Сана қалыптастыру əдістері



Pdf көрінісі
бет120/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   159
15.2. Сана қалыптастыру əдістері 
 
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс 
ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде 
қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу 
(түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, 
сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның 
көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге
бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын 
алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-
күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы 
педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын 
болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер 
оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге 
айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. 
Өткен жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп 
аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты наным-сенімдер 
қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның 
білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның 
қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы 
негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен 
бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген 
іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана 
қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.
Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін. Өткен 
ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи өсиеттер, 
хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару 
баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды 


əдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура
қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау əдісіне көшкенбіз. Құрғақ 
уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім 
шамалы. Сондықтан, ұмыт болған əдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз 
сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын, 
шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың «Қара сөздерін» 
жəне т.б. тағылым-тəрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ 
əдептілік-имандылық 
тақырыбындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет